Ауталипова Катира Сериковна
Пән мұғалімі: ШҚО Зырян қаласындағы №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауталипова Катира Сериковна
Қазақ тілі. 6 -сынып. Мерзімі :13.10.2014
| Сабақтың тақырыбы | Достық туралы мақал – мәтелдер. Екпін. | ||
| Сілтеме | Қазақ тілі оқулығы . | ||
| Сабақтың түрі, типі | Аралас, тіл дамыту. | ||
| Жалпы мақсаттар | Достық туралы мақал-мәтелдермен танысады, мағынасын анықтайды.Қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігін біледі.Тілдері және ойлау қабілеттері дамиды. Жақсы қасиеттерді бойларына сіңіреді. | ||
| Оқыту нәтижелері | Мақал – мәтелдерді түсінгендерінше әңгімелейді. Берілген тақырып бойынша пікір алмасады. | ||
| Сабақтың негізгі идеясы | Оқушылар топпен жұмыс істейді. Ойларын қазақ тілінде айтуға тырысады. | ||
| Сабақтың көрнекілігі | Суреттер, оқулық. Текше, постер, түрлі -түсті маркерлер, ноутбук. | ||
| Сабақтың өту барысы | Мұғалімнің іс -әрекеті | Оқушының іс – әрекеті | Уақыт |
| Ұйымдастыру | Мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады, фонетикалық минут өткізеді. | Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын дайындайды. | 2 |
| Сабақтың мақсатымен танысу | Достық туралы мақал – мәтелдермен танысатындарын айтады. | Сұрақтары болса қояды. | 2 |
| Бағалау крийтерилерімен танысу | Бағалау парақшасын таратады. | Бағалау парақшаларымен танысады. | 1 |
| Қызығушылықты ояту | «Кубизм» әдісі, сын тұрғысынан ойлау, «Т» кестесі, АКТ. | Кубизм әдісі арқылы топтар сұрақтарға жауап береді. | 7 |
| Мағынаны ажырату кезеңі | Мағынаны ажыратып, негізгісін таба білуге бағыттайды. Қосымша материалдар ұсынады. | Оқулықта берілген материалдан негізгісін табады.Жоспар құрады, қосымша көмек алады. | 9 |
| Негізгі идеяны ашу | Сабақтың барысында негізгі идеяны ашу үшін оқушыларға бағыт беру, түрткі болу, нәтижеге жетелеу. | Жаңа тақырыпты талдайды, ой қорытады. Постер қорғайды. | 5 |
| Ойтолғаныс кезеңі | Әр топқа бөлімдерді бөліп бөліп беру. Тапсырмалардың шартын түсіндіру. | Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды. Диалогтік қарым – қатынасқа түседі. «Т» кестесін құрады. | 11 |
| Қорытындылау | Кері байланыс жасайды. Смайликтер таратады. | Стикерлерді толтырады. | 3 |
| Бағалау | Суммативті бағалайды. | Бағаларын күнделікке қояды. | 2 |
| Үйге тапсырма | Бір мақалға сурет салады. | Күнделікке жазып алады. | 3 |
