Сурет және сұлба
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы Шардара қаласы
«Шардара» мектеп-лицейі
бастауыш сынып мұғалімі
Досыбаева Индира Бейсенбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Сурет және сұлба.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру. Жергілікті жердің сұлбасын бағалау тәсілі.
Білімділігі: Сурет пен сұлба ұғымын біледі. Жер
сұлбасының сызбасын қағазға түсіруін сипаттайды.
Дамытушылығы: Сын тұрғысын ойлау, шығармашылық
қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Ұқыпты, жинақы, талғампаз да,
қанағатшыл, таза да, әдемі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Танымдылық, ішіара-зерттеушілік.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тапсырма.
Көкжиек және көкжиек сызығы.
Тұсбағар
Жұмбақты шеш.
Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Өзі бірақ көрмейді.
Тұсбағарды пайдаланудың тәртібі.
- Тұсбағарды пайдаланғанда оны үнемі тегіс жерге қою керек.
- Оның тілін, көк ұшы әр уақытта солтүстікті, қызыл ұшы оңтүстікті көрсетеді. Тұсбағардың көк ұшы «С» әрпіне жеткенше қорапшаны бұра беру керек
- Тілі «С» әрпіне жеткен кезде оның қызыл ұшы оңтүстікті көрсетеді.
- Солтүстік пен оңтүстікті анықтаған соң батыс пен шығысты өзің ажыратасың.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сурет деген не?
Сурет деп кез келген заттың бейнеленген көрінісін айтады.
Әрине, сен бұл заттарды күнде көріп жүрсің. Сондықтан суреттер оны бірден анықтай аласың. Мысалы: суреттерде жазу үстелі мен дөңгелек үстелдің көрінісі айнытпай салынған. Бірақ көлемі кішірейтілген.
Сұлба деген не?
Сұлба деп бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз.
Дәптермен жұмыс.
Сұлбаны сызудың реті.
- Сіріңке қорабын қағаз бетіне қой.
- Оны қарандашпен айналдыра сыз.
- Қандай заттың бейнесі шықты?
(Сен сіріңке қорабының сұлбасын сыздың)
Яғни затты үлкейту және кішірейту үшін маштаб қолданылады екен.
Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды «маштаб» дейді.
ІV. Сабақты қорыту.
V. Үй тапсырмасы.
Сурет және сұлба. Өздерің сабақ орындайтын үстеліңнің сұлбасын салып кел.
VІ. Оқушыларды бағалау.
