Назар аударыңыз, бағдаршам

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Шардара қаласы

«Шардара» мектеп-лицейі

шағын орталық әдіскері

Усенбаева Дариха Бектургановна

Тақырыбы: «Назар аударыңыз, бағдаршам!»

Мақсаты: Балалардың бағдаршам туралы, жолда жүру ережесімен таныстыру, көшедегі көліктердің қозғалысына көңіл аударту. Балалардың жол ережелерін бұлжытпай орындауға сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам макеті, жол белгілері, суреттер,буклеттер, ескерту сөздер.

Өту тәртібі: Сайыс төрт бөліммен өтіледі.

Сайыс түрлері: 1) Таныстыру

2) Топтық жұмыс

3) «Бағдаршам» ойыны

4) Сұрақ-жауап сайысы

Барысы: Музыка ырғағымен залға кіреді. Қарсы алыңыздар:

  1. «Бағдаршам» тобы: тәрбиешісі Абиева Ұлбосын
  2. «Жол белгілері» тобы: тәрбиешісі Төлегенова Перизат
  3. «Жүргізушілер» тобы: тәрбиешісі Зиманова Ерке
  4. «Қиылыстар» тобы: тәрбиешісі Қыдырова Ерке

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар.

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бұршақ атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Олай болса, бүгінгі «Назар аударыңыз,бағдаршам» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгін бізге қонаққа АІІБ-нің учаскелік инспекторы Мұхтар Мамбетов келіп отыр, сөз кезегін осы кісіге берейік. Сіз бізге жолда жүру ережесі жайында көп мағлұмат бердіңіз сізге көп рахмет.

1-сайыс Таныстыру.

«Бағдаршам» тобы: Тоқта! Сақтан! Жол ашық

Жүрме жолға таласып.

«Жол белгілері» тобы: Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл!

«Жүргізушілер» тобы: Жол тәртібін білейік,

Аман есен жүрейік.

«Қиылыстар» тобы: Басталар әр қиылысын аттауменен

Жолда жүру ережесін сақтанумен

Жарайсыңдар балалар барлықтарың өз ұрандарыңды тамаша айттыңдар. Кәне осы ұрандарың бойынша өлең шумақтар айтып беріңдер. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешуін табыңдар

Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуіне байқасам,

Үш түсті нұр шашады!

Жауабы: Бағдаршам

2-сайыс Топтық жұмыс

Балаларға үш түсті қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелек етіп қиылған қағаздан ақ парақ бетіне бағдаршам құрастырып жапсырады. Қай топ жылдам әрі әдемі етіп жапсырады, сол топ жеңіске жетеді.

Жарайсыңдар балалар.

Қызыл, сары, жасылмыз,

Достармыз біз бәріміз.

3-сайыс «Бағдаршам» ойыны

Ойынның шарты: Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда балалар түп-түзу тұрады, сары көзі жанғанда қол шапалақтайды, жасыл көзі жанғанда музыка ырғағымен бейлейді. Ойын 2-3 рет қайталайды.

Жарайсыңдар балалар.

4-сайыс Сұрақ-жауап

4-топқа жол ережесінің суреттері көрсетілген белгілер беріледі. Балалар суретке қарап жауап беру керек. Әр топтың жауабы тыңдалады.

Жарайсыңдар балалар.

Қорытындылау .

Сонымен балалар біз не білдік?

Жол ережелерін, бағдаршам туралы білдік. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өте тамаша!

Бүгін барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар, сендерге сыйлық.

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау саламат жүреміз.

Осымен сайысымыз аяқталды

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше