Алтын күз

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Шардара қаласы

«Шардара» мектеп-лицейі

бастауыш сынып мұғалімі

Шатаева Құндыз Манасбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық мағынасын бұзбай мәтін құрастыруға, ылайық ат қоюға үйрету. Мәтін түрлерін білуге дағдыландыру. Құстардың түрлі тіршілігі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту. Сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.

Тәрбиелік мәні: Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Құстардың суреттері, сөзжұмбақ, кіші тіректер, Венн диаграммасы.

Пән аралық байланыс: Ана тілі бейнелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.

ә) Психологиялық дайындық жасау.

– Кәне балалар, қазір қай сабақ болады?

– Қазір қазақ тілі сабағы.

б) Сонымен қатар бүгінгі сабақтың ашық сабақ екендігін, қонақтар келіп отырғандығын ескертемін.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

  • Балалар біз өткен сабақта қандай тапсырманы өттік?
  • «Мәтін» – деген жаңа сабақ өткен болатынбыз.
  • Қане кім айтады, мәтін дегеніміз не?
  • Мәтін – өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не оданда көп сөйлемнен құралады.
  • Мәтіннің неше түрі бар?
  • Мәттіннің үш түрі бар. Сипаттау, әңгімелеу, пайымдау мәтіні.
  • Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
  • Сипаттау мәтіні – белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.
  • Әңгімелеу мен пайымдау мәтіні дегеніміз не?
  • Әңгімелеу мәтіні – бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды. Әңгімелеу мәтіні үш бөліктен тұрады: басы, негізгі бөлім, соңы.
  • Пайымдау мәтіні бін нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді.

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар бұл апта күз апталығы. Бүгінгі өтетін сабағым да осыған байланысты болады. Барлығымыз алдымен күз туралы біраз шолу жасаймыз.

Күз дегеніміз жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз байлық, молшылық. Күз дегеніміз қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз бұл мезгілде жеміс-жидек, астық пісіп жетіледі, күзде мал да, ақ пен құстар да семіреді. Күз де қыс қамы жасалады. Сондықтан адам да, жануарлар да, құстар да қысқа әзірлік жасайды.

Ал біздер балалар қыста қыстап қалатын құстарға көмек беруіміз керек. Ол үшін біздерге берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

ІҮ. Кітаппен жұмыс.

Алдымен барлығымыз 107-жаттығудағы құстардың суреттеріне сипаттама береміз. Олардың ерекшелігі мен ұқсастығын айтамыз.

  1. Өзгешелігі: Тұмсықтары, көлемі.
  2. Ұқсастықтары: түсі, қыстап қалуында.

Тапсырмадағы сұрақтар.

  1. Зат есім дегеніміз не? Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.
  2. Сын есім дегеніміз не? Айна сөзіне дыбыстық талдау жаса.
  3. Сан есім дегеніміз не? Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
  4. Буын үндестігі дегеніміз не? Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
  5. Етістік дегеніміз не? Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?
  6. Достық туралы мақал-мәтел айтып бер. Достық сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Балалар, жарайсыңдар. Бұл тапсырмадан жақсы өттіңдер. Енді келесі тапсырманы орындаймыз.

108-жаттығудағы өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқытамын. Өлеңнің екінші шумағын әр топтағы оқушыларға тақтаға жаздырамын, сипаттаймыз. Өлеңге ат қоямыз.

Енді келесі тапсырманы орындаймыз. 109-жаттығуға қараймыз. Бұл жерде суретте пістенің, түйенің, электр шамының бейнесі берілген, осыларға қарап жұмбақ құрастырамыз.

  1. Күннің көзін сүйемін,

Күнге басымды иемін.

Пісте

  1. Кезікті бір жануар,

Арқасында екі тауы бар.

Түйе

  1. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп кішкентай күн көзін.

Электр шамы.

Енді осы суреттерге қарап, Венн диаграммасын сызамыз.

Балалар, бұл тапсырманы жақсы роындадыңдар.

110-жаттығуды орындаймыз. Бірінші топ өлеңді жақсылап мәнерлеп оқиды. Екінші топ мәтіннің қай түріне жататынын табады. Үшінші топ ақбөкенді сипаттайтын жерді тауып оқиды.

Ү. Күз туралы өлеңдер айту сайысы.

ҮІ. Мақал-мәтел айтысы.

Сөзжұмбақ.

А л т ы б а қ а н . 1. Әткеншек.

н а у р ы з 2. Ұлыстың ұлы күні.

а с т а н а 3. Елорда.

б ү р к і т 4. Жыртқыш құс.

К ө к т е м 1. Жыл мезгілі.

Ш и е 2. Жеміс ағашы.

е ш к і 3. Төрт түліктің бірі.

к ө к е к 4. Өз атын шақыратын құс.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Балалар, бүгінгі өткен сабағым түсінікті болды ма? Егер түсінікті болса үйге тапсырма алыңдар. Үйде 111-жаттығуды орындайсыңдар.

ҮІІІ. Сабақты қорыту.

Дайындаған: Шатаева Құндыз Манасбайқызы

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше