Тамақтану мәдениеті

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Шардара қаласы

«Шардара» мектеп-лицейі

бастауыш сынып мұғалімі

Кешубай Ғалия Аманбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Тамақтану мәдениеті.

Сабақтың мақсаты: Дұрыс тамақтану үшін тамақтанудың гигиеналық ережелерін сақтау жолдарын түсіндіру. Оқушыларды тамақ түрлерінің құндылығымен таныстыру. Олардың адам ағзасына пайдасы мен зиянын белгілеу.

Білімділік: Оқушының білімін білік дағды жүйесімен қаруландыру.

Дамытушылық: Балалардың өз бетінше ойлану қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын, белсенділігін, пәнге қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды еңбекті сүюге, табиғатты қорғауға, инабаттылыққа, мәдениеттілікке, бейімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, жемістер.

Сабақтың түрі: Аралас, дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын элементтері.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Сергіту сәті.

4. Жаңа сабақ.

5. Дәптермен жұмыс «Кім жылдам» ойыны.

6. Ребус шешу.

7. Сергіту сәті.

8. Сабақты қорыту.

9. Бағалау.

10. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн, достым.

Бүгін аптаның сенбісі,

Сенбі күн сәттілікке толсын.

Біздердің алар бағамыз

Кілең бестік болсын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І топ. «Ботқа»

– Дұрыс тамақтану үшін азанғы асқа не жеу керек?

– Ботқа, нан, сары май, шырынды сусындар, сүт.

ІІ топ. «Бесбармақ»

  • Балалар, түскі асқа не жеуіміз керек?
  • Қандай тамақтар жесек болады?
  • Қою тамақ, сұйық тамақ, палау, ет, қуырдақ, сорпа.

Сергіту сәті. Аспанға қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ас адамның арқауы,

Деген сөз бар ежелден.

Бойға сіңіп, тарқауы,

Үшін керек ереже.

Балалар, жаңа сабағымыздың тақырыбы «Тамақтану мәдениеті».

Мақсаты: Дастархан басында әдептілік сақтау, өзін-өзі ұстау мәдениетін ұқтыру, ретсіз тамақтанудың зияндылығын меңгерту, гигиеналық ережелерді күнделікті сақтауға баулу.

  1. Дұрыс тамақтану үшін тамақтанудың гигиеналық ережелерін сақтау керек. Тамақ ішер алдында қолды жуу керек. (қолды жуу суреті)
  2. Тамақты жиі қабылдау майлы, тәтті, тұзды тағамдарды пайдалану зиянды әдеттерге жатады. Олардың бірі семіздікке, кейбіреуі асқазан, бауыр, бүйрек ауруларына әкеп соқтырады. (семіз, бауыр, бүйрек, асқазан) Тамақты жақсы ұста. Тамақты ішкен кезде сөйлеме.
  3. Тамақтың жақсы ішуіне тағамның сыртқы түрі, иісі, үстел әзірлігі де әсер етеді. (Дастархан әзірі)
  4. Үстелде отырғанда өзіңді жақсы ұста, тамақ ішкен кезде сөйлеме, тамақты жақсылап шайна, әдептілік сақта. (дастархан басында өзіңді жақсы ұста, тамақты шайнау)
  5. Ретсіз тамақтану (кейде ерте, кейде кеш) көбінесе асқазан ауруына шалдықтырады. Белгіленген уақытқа сәйкес тамақ ішіп үйренсе, сол уақытқа сәйкес асқорыту сөлдерінің бөлінуі қалыптасады. Бұл ағзаның жұмысын жеңілдетіп астың жақсы қорытылуына жағдай туғызады. Ретсіз тамақтану 8.00 де, 13.00 де, 20.00 де, тамақты ұйқыға дейін 2 сағат бұрын ішу керек. Бата беру.
  6. Тамақты ұйқыға дейін екі сағат бұрын ішу керек.

Бата беру.

Ал балалар, енді үйлеріңде тамақ ішер кезде аналарыңа дастархан әзірлеуге көмек бересіңдер ме?

Дастархан әні суретімен

  • Ал енді біз сендермен ребустың шешімін тамамыз.
  • Балалар, алма сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
  • 4 дыбыс, 4 әріп бар.
  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Дыбысты біз айтамыз, естиміз.
  • Әріп дегеніміз не?
  • Әріпті көреміз, жазамыз.

Сергіту сәті. Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Дәптермен жұмыс. «Кім жылдам?» ойыны

Қанекей балалар, енді денсаулыққа пайдасы бар тағамдар мен көкөністер туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

1. Жаны саудың – тәні сау.

  1. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
  2. Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі.
  3. Көзің ауырса қолыңды тый, Ішің ауырса аузыңды тый.
  4. Досы көптің жаны семіреді, Асы көптің тәні семіреді.
  5. Нан – тамақтың атасы, Ынтымақ – көптің батасы.

Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

1. Ас иесімен тәтті, … (тағамымен жақсы)

  1. Ас тұрған үйде … (ауру тұрмайды)
  2. Ас тасыса қатығы төгілер … (ашуы тасыса ақылы төгілер)
  3. Ас атасы … (нан)
  4. Қойдың сүті … (қорғасын)
  5. Ішің ауырса … (аузыңды тый)

7. Ас адамның … (арқауы)

Бекіту:

«Дәміне қарап таны» ойынын ойнау арқылы оқушылардың меңгергендерін қорытындылау. Алма, банан, алмұрт, сәбіз.

Сабақты қорыту: Біздер Тәуелсіз Қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Біз білеміз 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Отан міңгі гүлденеді – демекші, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетіміз, парызымыз.

Қазақстан Республикасының Президентінің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Жарлығы жарияланысымен-ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды мойындай бастады. Бұл күнде Қазақстанда әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасыр табалдырығын тең аттап отыр.

Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл толып отыр?

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап марапаттау.

Үйге тапсырма. Тамақтану мәдениеті мазмұндау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше