Теңдеу
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы Шардара қаласы
«Шардара» мектеп-лицейі
математика пән мұғалімі
Ибрагимова Мөлдір Тәңірбергенқызы
Сабақ тақырыбы : Теңдеу
Сабақ мақсаты :
Білімділігі: Оқушыларды:
Теңдеудің белгісіз компоненттерін табу арқылы теңдеуді шеше білуге үйрету;
Теңдеудің шешімін жаза білуге және оның түбірінің дұрыс табылғандығын тексере білуге үйрету;
Теңдеу құру арқылы тақырыптық есептерді шығара білуге үйрету.
Дамытушылық : Оқушылардың математикалық тілде сөйлеу алу дағдысын қалыптастыру .
Тәрбиелігі: Адамгершілікке , тазалыққа және жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі : Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру ,
Сабақ көрнекілігі : карточкалар, фишкалар
Сабақ барысы :
І кезең Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа назарын аудару.
Сабақ барысында дұрыс жауап берген белсенді оқушыларға фишкалар таратылып беріледі .Соңында фишкалар санын санап оқушыларды бағалаймыз.
5фишка -5деп бағаланады.
4фишка -4 деп бағаланады.
3фишка -3деп бағаланады
2фишка алған оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады.
ІІ кезең .Үй тапсырмасын тексеру .Сынып бойынша үй тапсырмасының орындалғанын тексеру , тексеру барысында кемшіліктер жою.
ІІІ кезең Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі .
Оқушыларға әріптер және сандар жазылған карточкалар таратылып беріледі де келесі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беруді сұранамын . 1. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады? Карточкалардан әріпті өрнек құрастырыңдар ,дұрыс құрастырған оқушыдан тұжырымдамасын қалай айтылады ?
2.Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады? Карточкалардан әріпті өрнек құрастырыңдар ,дұрыс құрастырған оқушыдан тұжырымдамасын қалай айтылады ?
3. 5х+6х және 17а-9а өрнектерінің ықшамдалған түрлерін карточкалармен құрастырып , түсіндіріңдер.
ІV кезең Тақтаға жаңа тақырыпты жазып ,оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстыру.
Vкезең Жаңа материалды түсіндіру
Біз құрамында әрпі бар өрнектерді ықшамдап, оның мәнін табудыуйрендік. Енді теңдіктің құрамында әріп болған жағдайды қарастырамыз.
Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп айтады.
Мысалы, 9х+5=41, мұндағы х- белгісіз сан(мәнін табу қажет әріп).
9х+5-теңдеудің сол жағы , 41 теңдеудің оң жағы
Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірде-бір түбірі болмайтынын көз жеткізу .
Шешу. 9х+5=41
9х=41-5
9х=36
х=36:9
х=4 – теңдеудің түбірі.
Теңдеудің түбірі дегеніміз әріптің теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні.
Оқулықтағы мысалдарды толық қарастырып .
Есептің теңдеуін құрастырудан бұрын , ондағы шамалардың өлшем бірліктерін бір өлшем бірлігіне келтіру керек.
Теңдеуді шешуге тақырыптық есептер берілген жағдайда :
1.белгісіз шама таңдалып,ол х әріпімен (немесе латынның қандай да бір кіші әріпімен ) белгіленеді;
2.тақырыптық мазмұны бойынша теңдеу құрастырылады .3.теңдеу шешіліп,белгісіз шама табылады.
4. есептің сұрағына жауап беріледі .Қажет болған жағдайда теңдеудің шешімінің дұрыстығы тексеріледі.
Есеп. Қазір ағасы қарындасынан 5жас үлкен.4жылдан соң олардың жастарының қосындысы 19жас болады.Қазір қарындасы неше жаста ,ағасы неше жаста?
Шешуі
| Қарындасы | Ағасы | |
| Алғашқы | Х | х+5 |
| Соңғы | х+4 | х+5+4 |
Есептің шарты бойынша ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 19 жас болды. Онда:
(х+4)+(х+5+4)=19 Тексеру:
2х+13=19 (3+4)+(3+5+4)=19
2х=19-13 7+12=19
2х=6 19=19
х=6:2
х=3
3+5=8
Қарындасы 3жаста
Ағасы 8 жаста
Жауабы :3жас,8жас.
VІ Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
Сұрақ жауап арқылы
- Қандай теңдік теңдеу деп аталады ?
- Теңдеудің түбірі деп нені атаймыз?
- Теңдеуді шешу дегеніміз не?
- Белгісіз қосылғыш қалай табылады?
- Белгісіз көбейткіш қалай табылады?
Оқушыларға теңдеулер (мысалдар) жазылған карточкалар үлестіріп , эстафета ойынын ұйымдастырамыз.
Мысалы х+23=41; m:21=10
VІІ кезеңі Бекіту кезеңі .Алғашқы сабақтарда теңдеуді шешуде келесі есептерді (72-74,79-81.)шығару арқылы оқушыларға үйретіп алған дұрыс .
№72
1)х+23=41 2)36+у=74 3)85+z=97
х=41-23 у=74-36 z=97-85
х=18 у=38 z=12 теңдеулер сыныптағы оқушылардың бәрін жеке-жеке тақтаға шығарып орындалады .
№73
4)110:m=11 5)192:n=16 6)391:z=23
m=110:11 n=192:16 z=391:23
m=10 n=12 z=17
№74
7)49-3х=34 8)9у-89=55 9)74-8z=2
3х=49-34 9у=55+89 8z=74-2
3х=15 9у=144 8z=72
х=15:3 у=144:9 z=72:8
х=5 у=16 z=9
№79
1)29х-15х+16=100 2)11у+32у-127=45
14х=100-16 43у=45+127
14х=84 43у=172
х=84:14 у=172:43
х=6 у=4
№80
1)(х-16)·9=126 2)28·(х+5)=224
х-16=126:9 х+5=224:28
х-16=14 х+5=8
х=14+16 х=8-5
х=30 х=3
VІІІ кезең .Үйге тапсырма беру, оқушылардың білімін бағалау кезеңі
№79 (4-6), логикалық есеп
Осы төр көзге 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын пайдаланып, 15-санын шығарыңдар. Көлденеңнен және тігінен 15 шығатындай етіп
Оқушылардың жинаған фишкаларына қарай бағалау.
