Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Шардара қаласы

Б.Сокпақбаев жалпы орта мектебі

математика пән мұғалімі

Демеуова Нұрсәуле Нұрғалиқызы

Сабақтың тақырыбы:Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділігі: Бөлшектерді көбейту, бөлшектерді бөлшекке бөлу. Рационал өрнектерді көбейту және бөлу тақырыптарына есептер шығару дағдысын қалыптастыру;
  • Дамытушылығы: Оқушыларды тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алуға және практикамен ұштастыра білуге үйрету;
  • Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге баулу, математикалық мәдениеттілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
  • Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы, тірек сызба.
  • Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
  • Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту. Сын тұрғысынан ойлау. Интерактивті технология.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

өзін-өзі тану бағдарламасы бойынша балалар амандасады.

«Қайырлы түн» деп айтамыз,

Бір болып бүгін қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз – деп оқушылар хормен айтады

2. Түгендеу, топпен, топ басшыларымен танысу.

1-ші топ. «Тапқырлар»

Мамематика-ермек емес балалық,

Математика-көрегендік, өндірісте.

Математика құрметтеуге лайық,

Кел, достарым, мұны жақсы ұғайық!

2-ші топ. «Алғырлар»

Бүгінде математика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте,

Сырларын бұл ғылымның үйленіңдер,

Достарым зергерлікпен меңгеріңдер.

3. Қызығушылықты ояту.

Білімнің тұнғиығы бойлайтығын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтығын.

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

Математика-қызықты тоймайтығын – деп математикаға зор баға берген.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру
  • Түгендеу, топ басшыларымен танысу
  • Қызығушылықты ояту
  • Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру
  • Ой қозғау (Ауызша сұрақ-жауап)
  • Деңгейлік тапсырма
  • Ой сергіту
  • Оқулықпен жұмыс
  • Тест тапсырмалары
  • “Кім жылдам” ойыны
  • Қорытынды
  • Үйге тапсырма
  • Бағалау

5. Ой қозғау. (Ауызша сұрақ-жауап)

1) Бүтін өрнектер деп нені айтады?

-Қосу, азайту, көбейту және дәрежеге шығару амалдары арқылы құрастырылған, құрамында айнымалалары бар өрнетерді өрнектер деп атайды

2) Бөлшек өрнек деп нені айтады?

-Қосу, азайту, көбейту амалдарымен қоса, басқа айнымалысы бар өрнекке бөлу амалы бар, мұндай өрнектер бөлшек өрнектер деп аталады

3) Рационал өрнек деп нені айтады?

-Бүтін және бөлшек өрнектерді рационал өрнектер деп атайды

4) Рационал бөлшек деп нені айтады?

-Бөлімінде айнымалылары бар бөлшек рационал бөлшектер деп атайды

5) Бөлшектің негізгі қасиеті деген не?

– Рационал бөлшектің алымы мен бөлімін нөлге тең емес өрнекке көбейтсе рационал бөлшектің мағынасы өзгермейді

6) Тепе-тең өрнектер деп нені айтады?

-Айнымалының кез-келген мүмкін болатын мәнінде сан мәндері бірдей болатын екі өрнек тепе-тең өрнектер деп, ал олардың теңдігін тепе-теңдік деп атайды.

7) Тепе-тең түрлендіру деп нені айтады?

– Берілген өрнектен оған тепе-тең өрнекке көшуді тепе-тең түрлендіру деп атайды.

8) Рационал бөлшектерді көбейту қалай анықталады?

– Рационал бөлшектерді көбейту үшін олардың алымдарының көбейтіндісін алымына, ал бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазу керек.

9) Рационал бөлшектерді бөлу қалай орындалады?

– Бір рационал бөлшекті екінші рационал бөлшеккке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшекке кері бөлшекке көбейту керек.

6. Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей 2-деңгей 3-деңгей

Жауабы:
1-деңгей 2-деңгей 3-деңгей

7. Ой сергіту
“Қара жорға” биі

8. Оқулықпен жұмыс
№276

9. Тест жұмысы

  1. Өрнекті ықшамда:

2. Бөлшекті қысқарт:

3. Бөлшекті көбейт:

4. Бөлшекті бөл:

5. Өрнекті ықшамда:

10.“Кім жылдам?” ойыны

1. Бөлшекті қысқартыңдар:

2. Бөлшектің бөлімін 36-ға келтір:

3. 3 санын бөлімі:2; 5; 1; 4; болатын бөлшек түріне келтір.

11. Қорытынды
(сөздерді дұрыс орналастыру)

Нал-ра-цио. Шек-лаб-ред-ід.

Ту-бей-кө. Нал-цио-ра.

Раб-рет-шек-ді. Лө-бу.

12. Үйге тапсырма № 274

13. Бағалау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше