МАСАТЫДАЙ ҚҰЛПЫРАР ЖЕРДІҢ ЖҮЗІ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Шардара қаласы

«Шардара» мектеп-лицейі

бастауыш сынып мұғалімі

Ахментаева Жазира Онгаровна

Сабақтың тақырыбы: «МАСАТЫДАЙ ҚҰЛПЫРАР ЖЕРДІҢ ЖҮЗІ»

А. Құнанбаевтың «Жазғытұры»,

І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым»

өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Сабақтың мақсаты: Ақындардың өмірбаянымен таныстыру.

Өлеңдегі негізгі идеяны ашу.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сөздік қорын молайтып, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Көктем көрінісі, әдістемелік оқулық, сөзжұмбақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, сурет.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

  • Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

Ұғып алу білім алып,

5-ке қолды жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап алу пысықтау.

  1. Ертегіден өзіңе қандай сабақ алдың?
  2. Ертегідегі оқиғаға байланысты қандай мақал-мәтел білесің?
  1. Оқушыларға ынтымақ, бірлік, достық туралы мақал-мәтел айтқызу.
  2. Үй тапсырмасын оқушылар көрініс арқылы көрсетеді.

ІІІ. Жаңа сабақ. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

3. Суретпен жұмыс.

  1. Суретте қандай жыл мезгілі белгіленген?
  2. Сурет бойынша әңгіме құра.

3. Оқушыларға А. Құнанбаевтың «Жазғытұры», І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

а) Өлеңге сүйеніп, көктемгі табиғатты сипатта.

ә) Жан-жануарлардың көктемгі тіршілігі туралы айтып бер.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

4. Дәптермен жұмыс:

1. «Масатыдай» сөзінің мағыналас қатарын тап.

2. «Ата-анадай елжірер күннің көзі» дегенді түсіндіріп көр.

5. Сөзжұмбақты шеш.

  1. Ең ірі жыртқыш балық.
  2. Бас киім.
  3. Су көлігі.
  4. Ағаштың түрі.
  5. Іс-қимылды білдіретін сөз табы.
  6. Білім ұясы.
К и т
б Ө р і к
К е м е
Т е р е к
Е т і с т і к
М е к т е п

6. Оқушыларға көктем көрінісі туралы сурет салдыру. Өз жұмыстарын түсіндіріп беру.

7. Өз біліміңді тексер.

1. Жақсылыққа жамандық бар деген пікірге құрылған мәтінді ата.

а) Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ».

ә) Ш. Құдайбердіұлы «Бір кесе меруерт».

б) Ы. Алтынсарин «Баланың айласы».

в) С. Бегалин «Мейірім».

2. Төмендегі жоспарға сәйкес келетін шығарманы ата:

а) К. Оразалин «Абай шаңырағы».

ә) С. Бегалин «Мейірім».

б) «Абай мен Әбіш».

в) Ж. Кәрменов «Әке тәлімі».

3. «Күзек» сөзінің мағынасын тап.

а) Көктемгі егіс даласы.

ә) Қойды күзде бағатын қоныс.

б) Шөп шабатын жер.

в) Сиырдың табыны.

4. Ғалым, жылан, түйе, ит, бала қай шығарманы еске түсіреді.

а) Б. Соқпақбаев «Шал мен бала»

ә) Ы. Алтынсарин «Баланың айласы».

б) Ш. Құдайбердіұлы «Бір кесе меруерт».

в) С. Бегалин «Мейірім».

5. Бөлімдегі негізгі ойы «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген нақылға құрылған шығарманы ата.

а) Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ».

ә) Ш. Құдайбердіұлы «Бір кесе меруерт».

б) Ы. Алтынсарин «Баланың айласы».

в) Құстар айтысы.

ІҮ. Сабақты қорыту, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма: Өлеңдерді мәнерлеп оқу. Көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп келу.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше