Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруда с ұрақ қоюдың тиімділігi

Ходжаназарова Айнур Есенгелдіқызы

Кіріспе:

-Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруда сұрақ қоюдың тиімділігі;

Негізігі бөлім:

-Сұрақ қоюдың негізгі техникалары;

-Ой қозғау сұрақтары;

-Блум сұрақтары;

-Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруға байланысты сабақта қолданылатын әдістер.

Қорытынды:

-Ілгері білімнен игерілетін білімге..

Кіріспе

Өркениет өресін өркендетуге елеулі қадам басқан тәуелсіз еліміздің еңселі ертеңіне ғылым мен білімнің қосар үлесі мол.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіз елдің тірегі-білімді ұрпақ» ,-деп айтқандай,білімнің асқар шыңына талпынған жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымына ерекше жауапкершілікті жүктейді.Берілген білімді «дәстүрлі стильге» сай механикалық түрде жаттамай,мән-мағынасын терең үйреніп,меңгерген жағдайда тиімдірек болмақ.Бұл үдерісті іске асыруда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру маңызды.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың,тәжірибенің,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,бағалауға,талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау оқушыларды қарсы пікір айтуға,баламалы шешімдерді қабылдауға,ойлау және іс-әрекеттеріне жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға баулиды.Сыни тұрғыдан ойлауды,әдетте ,білім берудің кейінгі кезеңдерімен-орта мектептің жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады.

Негізгі деңгейдегі сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

-релеванттық ақпарат жинауды;

-дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

-кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

-ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.(Нұсқаулық)

XXI ғасырда өмір сүруге лайықты өзіндік ой-пікірі бар тұлғаларды тәрбиелеп шығару,өскелең ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беру-әрбір ұстаздың басты мақсаты.Өзіндік ой-пікір қалай қалыптасады? Ойдан ой қозғап,пікір алмасып,өз пікірін дәлелдеу барысында оқушының бойында өзіндік ой-пікір қалыптасып,дербес қадамдарды жасай алады. Сондықтан да бүгінгі таңда заман талабына сай сапалы білім,саналы тәрбие беруде мектептерде сыни тұрғыдан үйрету модулін қолданудың маңызы зор.

Әйтсе де бастауыш сынып оқушыларының өзіндік дербес пікірін білдіруге қиналатындығына байланысты, оларда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру біршама қиындықтарды туындатады. Сол себепті де оқушылардың сыни тұрғыда ойлануын қамтамасыз етуде сабақ барысында ұстаз тарапынан қойылатын сұрақтар да маңызды. Яғни қойылған сұрақ тек қана берілетін жауаппен шектелмей,оқушылардың танымдық деңгейін дамытуға бағытталуы шарт. Сұрақтар төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар болуы мүмкін .Жоғары дәрежелі сұрақтар оқушылардың алынған ақпаратты кеңейтуге,қайта құруға және талдауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар жоғары деңгейлі сұрақтар оқушылардың сыни тұрғыдан пікір білдіруіне септігін тигізеді.Ал төмен деңгейдегі сұрақтар оқушылардың тақырыпты жаттап алуына бағытталған.Сондықтан да мен сабақтар барысында жоғары дәрежедегі сұрақтарды қолдануға талпындым. Мысалы, «Кейіпкердің іс-әрекетін қалай түсінесіздер? Неліктен кейіпкер сабаққа дайындалмады.? және т.б. ».Нәтижесінде бұл сұрақтар оқушылардың ой-пікірін өрістетіп,сыни тұрғыдан ойлануға талпындырады.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған сұрақтарды қолданғанда олардың жас ерекшеліктерін ескеру тиімді.Сабақ барысында ұстаз тарапынан дұрыс қойылған сұрақ оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытып,оларды сындарлы сөйлеуге ынталандырады.Сонымен қатар сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқушы мен мұғалім арасында диалогтік оқыту орын алып,нәтижесінде оқушылар мұғаліммен және өз сыныптастарымен пікір алмасады.Бұл өз кезегінде әр оқушының өзіндік пікірін қалыптастарады.

Негізгі бөлім

Бастауыш сынып мұғалімдерінің басты мақсаты-шәкірттерін сауатты жазып,сөйлеуге және де өзіндік пікірін қалыптастыруға үйрету.Бұл тұрғыда сабақ барысында ұстаз тарапынан қойылған сұрақтардың маңыздылығы ерекше.Оқушыға сұрақ қою арқылы біз диалогтік оқытудың негізінде олардың ой-пікірін жүйелендіріп, өзіндік дербес тұжырымдамасының қалыптасуына септігін тигізе аламыз.Негізі сұрақ қоюдың келесі техникалары бар:түрткі болу ,сынақтан өткізу және қайта бағыттау .Бұл сұрақ қою техникаларын мен өз тәжірибемде кеңінен қолданамын.

Түрткі болу:түрткі болуға арналған сұрақтар оқушыдан алғашқы жауап алып,оның жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.Әдетте бұл сұрақтар өтілген материалға жалпы шолу жасау үшін қолданылады.Мысалы: «Зат есім дегеніміз не? Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?»

Сынақтан өткізу-бұл сұрақтар оқушының анағұрлым толық жауап бере алатындай етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?»,-деген сұрақтар оқушыға тапсырма орындау барысында бағыт-бағдар беріп отырады.

Қайта бағыттау сұрақтары-сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау,мысалы: «Көмектесе алатындарың бар ма?»және т.б. Мен өз тәжірибемде қайта бағыттау сұрақтарын көп қолданамын. Себебі осы сұрақ түрі оқушының өз пікірін білдіруіне мүмкіндік береді.

Сабақ барысында оқушының ізденіп,өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік туындатуда миға шабуыл әдісімен ой қозғау сұрақтарын қолданудың да тиімділігі зор.Бұл сұрақтар оқушының танымдық деңгейін дамытып,сөйлеуіне мүмкіндік береді. Жоғарыда айтып өткендей,бастауыш сынып мұғалімінің басты мақсаттарының бірі-өз шәкірттеріне сауатты сөйлеуге,жазуға,өз пікірін білдіруге үйрету. Егер біз сабақ барысында оқушыға мүмкіндік бермесек, шәкірт өз пікірін білдіруге қысылады,нәтижесінде игерілген білім туралы айту артықша. Ой қозғау сұрақтарын мен сабақ барысында жаңа сабақтың тақырыбын ашу немесе қорытындылау барысында жиі қолданамын. Мысалы, туған жерге байланысты тақырыпты өткенде мен бесіктің ,үйдің,күннің суреттерін көрсетемін де «Қалай ойлайсыңдар,мен неге бесіктің суретін көрсетіп отырмын? Бұл суреттің сабақпен қандай байланысы бар? және т.б» сұрақтарды қоямын. Өз кезегінде бұл сұрақтардың қойылуы оқушылардың өз ойларын білдіруге септігін тигізеді. Оқушының жаубынан мысал келтірсем, күн суретіне байланысты суретке «Күн ыстық,әр адамға өзі тұрған жер де күндей ыстық. Күннің жылулығындай бізге туған жеріміз де жағдай жасап,қамқорлық көрсетіп отыр»,-деген жауаптарды естідім.Сонымен қатар ой қозғау сұрақтары Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл жақсы жетістік.Яғни дұрыс қойылған сұрақ оқушылардың сыни тұрғыдан сөйлеуіне ықпал етіп,сыни тұрғыдан ойлауына көмектеседі.

Блум сұрақтары- Оқушыларыдың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырып,танымдық деңгейі мен ой-өрісін дамытуда маңызды.Сабақ барысында неге ?түсіндір ?ата ?ойлан? бөліс? ұсын? сұрақтарының берілуі

арқылы оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі. Блум сұрақтарын мен өз тәжірибемде «Ғажайып текше» әдісі арқылы қолданамын.

«Ғажайып текше» әдісі-бұл әдіс кубизм әдісінің Блум сұрақтарын қолдану әдісімен ерекше үйлесім табуы арқылы қолданылады.Әдісті жүзеге асыру үшін әр топқа Блум сұрақтары жазылған текше таратылады және бұл тұрғыда оқушылардың жұмысын жүйелендіру мақсатында Блум сұрақтары жазылған текшенің әр тұсына нақты тапсырма көрсетіледі.Бұл әдістің ерекшелігі де осы нақтылығында.

Мысалы, «неге?» сұрағының тұсына сурет желімдеуге немесе бір дерек жазуға болады, «түсіндір?» сұрағының тұсына өтілген сабаққа байланысты тақырып жазылса, «ата?» сұрағына-тақырыпқа байланысты сұрақ, «ойлан?»сұрағына-шағын эссе жаздыруға арналған тақырып немесе есеп құрауға арналған мәлімет, «бөліс?» сұрағына-оқушылардың өзара ой бөлісулері үшін қайталау тақырыптары, «ұсын?» сұрағына-оқушылардың өз пікірін білдірулері үшін « Менің отбасым»,-деген сияқты тақырып жазылады.Бұл әдіс топтық жұмыстарда жүргізуде тиімді және де оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып,өз пікірлерін дамытады.(«Сындарлы оқытудың сырлары » кітабынан)

Сабақ барысында Блум сұрақтарын мазмұндама жаздыруда қолдануға да болады.Бастауыш сынып оқушысы ,әсіресе екінші сынып оқушысы үшін мазмұндама жаздыру біршама қиындықты туындатады.Ал бұл жұмыстардың сабақ барысында орындалуы оқушыларды шығармашылыққа баулып,танымдық деңгейін дамытады да нәтижесінде оқушы мазмұндама тұрғысында өзіндік пікірін білідіруге,сол пікір тұрғысында сыни тұрғыдан ойлануға талпынады. Сол себепті де Блум сұрақтары арқылы біз бұл жұмыс түрлерін қиындықсыз жаздыртып,оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеміз.Екінші сынып бағдарламасына сай мысал келтіріп көрейік.

Көктем

Көктем келді. Күн жылына бастады. Құстар ұшып келді. Арман мен Марат құстарға арнап үйшік жасады. Құстарға арналған дән салынған үйшіктерін орман ағаштарына қақты.Құстардың сайраған даусымен орман іші сазды әуенге бөленді.Балалар өз еңбектеріне дән

риза.Олар құстарды ,көктем мезгілін жақсы көреді.Көктем-жер бетін әсем көрініспен көмкеретін мезгіл.

1.Неге Арман мен Марат үйшік жасады?

2.Көктемнің негізгі ерекшеліктерін түсіндір?

3.Орман құстарын ата?

4.Арман мен Мараттың іс –әрекеті туралы ойлан?

5.Құстар туралы өз ойыңмен бөліс?

6.Көктем туралы өз сипаттамаңды ұсын?

Әсіресе ойлан?бөліс?ұсын? сұрақтары оқушылардың білімге құштарлығын дамытып,зерттеуге ынталандырады.

Сабақ барысында ойын элементтерін кіріктіру арқылы да сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін сұрақтарды қолдануға болады.Бұл тұрғыда мен «Көңілді жәрмеңке» ойынын қолданамын.Ол үшін түрлі жемістерге суреттерді желімдеп,сол суретке байланысты сұрақтарды жазамын.Балалар жеміс түрін таңдай отырып,сұрақтарға жауап береді.

Ойын элементтерін қолдану, «Неге?»,-ойыны.Оқушылардың ,әсіресе бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруда ойын элементтерінің маңызы зор.Бұл өз кезегінде оқушы тарапынан өзіндік қызығушылық туындатады.Өзімнің іс-тәжірибемде мен «Неге?»,-ойынын кеңінен қолданамын.Ойынды карточкалармен жұмыс ретінде өткіземін.Яғни карточканың бір тұсына заттың суреті,екінші тұсына «Неге?» сұрағы жазылады.Мысалы, «Үлкен ағаш»- «Неге?»,оқушы заттың атын атап қана қоймай,себебіне үңіледі және зат туралы жаттанды пікірде тоқтап қалмай,зат туралы кеңірек ой қозғайды.Бұл әдіс әсіресе бастауыш сыныптарда қолдану өте тиімді.

«Көңілді гүлдер» әдісі-бұл әдіс талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүргізгенде тиімді.Әдісті жүзеге асыру үшін үш түрлі гүл оқушыларға таратылады.Оқушылар гүл түрін таңдап алғаннан соң ғана оларға түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі.Яғни қызыл-қиын сұрақтар,сары-орта деңгейдегі сұрақтар,жасыл-жеңіл сұрақтар.Осы әдіс арқылы деңгейлік сұрақтарды оқушыларды қызықтыру арқылы орындатуға болады, себебі гүл

түрін таңдағанда оларға тапсырма түрлері айтылмайды және қай түстің күрделі тапсырманы білдіретінін мұғалімнің өзі ғана біледі.Ал оқушылар гүлдерді таңдап алған соң,гүлдерге есімдерін жазып мұғалімге қайта тапсырады.

Осылайша мұғалім бұл тұрғыда бағыт беруші ретінде күрделі тапсырмаларға бейім оқушыларды байқайды және алдағы уақытта олармен қажетті жұмыстарды жүргізеді.

Сұрақ қою арқылы мұғалім:

-оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

-оқушылардың шынайы қызығушылықтары мен сезімдерін анықтайды;

-білімге деген құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

-оқушылардың білімін қалыпттастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

-оқушылардың бір-бірінен үйренуіне,басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

-оқытудағы қиындықтар мен түсініспеушілікті анықтайды.(Нұсқаулық)

Мектептегі іс-тәжірибе барысында өткізген сабақтарымда сұрақ түрлерін ұтымды пайдалана отырып мен келесі ойға келдім.Оқушылардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту үшін оларға жүйелендірілген тиімді сұрақтарды және жауап берулері үшін мүмкіндіктерді беруіміз керек.

Қорытынды

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақтың тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап

көрсетілген. «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін , терезесін тең ететін – білім»,-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында атап көрсеткендей,қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, өз мамандығын қадірлеу – әр мұғалімнің борышыБілімді,жан-жақты қабілетті ұрпақ-ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер,бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр.Бүгінде білім беру саласы жаңа бетбұрыс жасауды талап етеді.Педагогика ғылымы алдында оқу –тәрбие үрдісін тұрақты жетілдіру мәселесі қойылып отыр.Механикалық есте сақтау, үстірт білім беруге негізделген дәстүрлі оқыту технологиясы ғылым мен техниканың өркендеу заманында білімнің асқар шыңына талпынған жастардың қажеттіліктерін өтей алмайды.Сондықтан да шәкірттеріне нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ,танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап ететін сындарлы оқыту талаптарына жауап беретін сабақтарды жоспарлау маңызды. Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Яғни жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі оқытудағыдай ұстаздар шәкірттеріне тек жаттанды білім беріп қана қоймай,сол білімді терең меңгеруіне септігімізді тигізуіміз шарт.Бұл тұрғыда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңызы ерекше.Себебі сыни тұрғыдан ойлауға бейім оқушының белсенділігі жоғары болып,алған білімдерін кез келген жағдайда қолдана алады.

«Ұстаздың ұстаздығы білімділігі мен біліктілігінде»,-дегендей,білімнің асқар шыңына талпынған жастарға терең сапалы білімді беру үдерісі әрбір ұстаздан елеулі еңбекті талап етеді. Құзырлы мұғалім оқушыларға ,ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуға тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады.Расында,оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайға

бейімделе алуына тығыз байланысты. «Мектептің жаны-мұғалім.Мұғалім қандай болса,мектеп сондай болмақшы.Яғни,мұғалім білімді болса,ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.Солай болған соң ,ең әуелі мектепке керегі-білімді,педагогикадан,әдіснамадан хабардар ,жақсы оқыта білетін мұғалім.»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай,ғылым мен технологияның өркендеп,ғаламтордың қарыштап тұрған заманы ұстаздардан жан-жақты білімділік пен біліктілікті талап етеді. Заманауи білім беру саласын дамыту үшін әлемдік деңгейде жан-жақты көңіл бөлініп жатқан заманда,әрбір мұғалім осы үдеріске өзіндік үлесін қосуы үшін өз іс-тәжірибесінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді заман талабына сәйкес келетін жаңаша арнаға бағыттауы қажет. «Білімділіктің мәні-парасаттылықта,әркімнің өз алдына мақсат қоя білуінде»,-дегендей ғылым мен техниканың өркендеп тұрған нарық заманында оқушыларға сапалы білім беруді жүзеге асыру үшін әрбір ұстаз өз алдына мақсат қойып,шәкірттеріне сапалы білімді терең сіңірту үшін елеулі еңбекті атқаруы маңызды. Шәкірттеріміздің бойындағы білімге деген құштарлық әр ұстаздан заман талабына сай жаңашылдықты енгізуді талап етеді.

Механикалық есте сақтау, үстірт білім беруге негізделген дәстүрлі оқыту технологиясы ғылым мен техниканың өркендеу заманында білімнің асқар шыңына талпынған жастардың қажеттіліктерін өтей алмайды.Сондықтан да шәкірттеріне нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ,танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап ететін сындарлы оқыту талаптарына жауап беретін сабақтарды жоспарлау маңызды. Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.(Нұсқаулық.)Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық,әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді.Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жалғастыруды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.Сапалы білім беру Қазақстаннның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс » («Интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері» кітабынан) Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап,әр әдісін тиімді қолдануы шарт.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ -ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

2. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. А.Құсайынов, Алматы, 2013

3. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері, Алматы-2013

4. ІІІ деңгей мұғалімдеріне арналған нұсқаулық;

5. Шығармалар мен мазмұндамалар жинағы- (Алматы-1998)

6. «Бастауыш мектеп» журналы

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше