Жоңғар Алатауы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы, Шардара қаласы

«Шардара» мектеп – лицейі

География пән мұғалімі

Мұратиярова Перизат Жаңабайовна

Сабақтың тақырыбы: Жоңғар Алатауы

Сабақтың мақсаты:

Жоңғар Алатауының географиялық орны, жер бедері мен геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары туралы білім қалыптастыру.

Жоңғар Алатауының географиялық орны климаттың қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіну.

Жоңғар Алатауының табиғатының өзіндік ерекшеліктерін сипаттау арқылы оқушылардың білімділігін арттыру.

Сабақтың табыс критерийлері:

Жоңғар Алатауының географиялық орны, жер бедері мен геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары туралы біледі.

Жоңғар Алатауының табиғатының өзіндік ерекшеліктерін ажырата алады.

Биіктік белдеулердің пайда болуы таулардағы беткей түсінігіне тіуелді екендігін түсінеді.

уақыт Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Керекті жабдықтар

9.00-9.05 Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар нөмірленген асықтар бойынша 4 топқа бөлінеді. Нөмірленген асықтар

9.05-9.15 Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында кері байланыс жүргізу. Сұрақтар қою: 1.Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Қазақстандық Алтай неше ауданға бөлінетінін білдіңдер? Олардың атын атап көріңдер. 2.Алтай таулары қандай Оқушылар сыныптастарының Үйге берілген тапсырма бойынша жауабын тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Қазақстанның физикалық картасы. Формативті бағалау.

пайдалы қазбаларға бай болып табылады? 3.Алтайдың батыс және шығыс беткейлерінің климатында айырмашылықтар бар екенін қалай түсіндіруге болады?

9.15-9.30 Жаңа сабақ. Мини лекция: Қазақстанның физикалық картасынан Жоңғар Алатауының географиялық орналасуын сипаттап, оның ұзындығы мен енін айтып өту. Картадан Жоңғар Алатауын бөліп жатқан өзендерді көрсету. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында ЖИГСО әдісін қолдану.Әр топқа тақырып бойынша тапсырма беру. 1-топ. Жоңғар Алатауының жер бедері, геологиялық құрылысы.Солтүстік Жоңғар жотасы. 2-топ. Оңтүстік Жоңғар жотасы. 3-топ. Климаты, өзендері мен мұздықтары. 4-топ. Табиғат зоналары, өсімдігі мен жануарлары. Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан Жоңғар Алатауының географиялық орналасуын және оның ұзындығы мен енінің неше км екенін біледі. Физикалық картаның көмегімен Жоңғар Алатауын қандай өзендер бөліп жатқанын көреді. Топ мүшелері бірігіп, сабақтың мазмұнын ашу мақсатында тақырып бойынша берілген тапсырманы плакатқа орындап,ортаға шығып қорғайды. Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта,электронды оқулық Оқулық,плакат, маркер,сызғыш, үлестірме қағаздар. Формативті бағалау.

9.30-9.40 Жаңа сабақты бекіту. Венн диаграммасы арқылы Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар Алатауының жоталарын салыстыру.Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін табу. Кескін картаға Жоңғар Алатауын түсіру. 1. Жоңғар Алатауының географиялық орны, жер бедері мен геологиялық құрылымы туралы не ойлайсың? Әр топтан оқушылар шығып, Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар Алатауының жоталарының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын жазады. Оқушылар кескін картаға Жоңғар Алатауын түсіріп алады. Оқушылар дәптерлеріне Жоңғар Алатауының географиялық орнын, ұзындығы мен енін, ең кескін карта, түрлі-түсті қарындаш. Дәптер,қаламсап. Формативті бағалау. Бағалау қағаздары

2.Жоңғар Алатауындағы Сібір және Орта Азиялық ландшафтар типінің орналасқанын қалай анықтауға болады? 3.Биіктік белдеуліктің пайда болуы таулардағы беткей түсінігіне тәуелді екенінің заңдылығы қандай? Неге олай екеніне дәлелің бар ма?. биік нүктелерінің аттарын біледі. Оқушылар Жоңғар Алатауындағы Сібір және Орта Азиялық ландшафтар типі қалай орналасқанын анықтайды. Оқушылар биіктік белдеуліктің пайда болуы таулардағы беткей түсінігіне тәуелді екенінің заңдылығын біледі және неге олай екеніне жауап береді.

9.40-9-45 Топ мүшелерімен бірлесе отырып, критериалды бағалауды қолдану. Критериалды бағалау шкаласы: Барлығы 20 балл; «5»- 17-20 балл «4»- 12-16 балл «3»- 7-11 балл «2»- 0-6 балл Үй тапсырмасы-(0-5); Мәтінді түсіну, тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындау- (0-5) Сұраққа жауап беру- (0-5) Кескін картамен,дәптермен жұмыс- (0-5) Сабақты қорытындылау мақсатында не білдім? Нені білгім келеді? деген сұрақтарға жауап жазу. Үйге тапсырма беру. № 46 Жоңғар Алатауы тақырыбын оқып келу. Оқушылар тақырып бойынша түйіндеген ойларын және нені білгісі келетінін жеке үлестірмелерге жазады. Критериалды бағалау шкаласы арқылы оқушылар бағаланды. Оқушылар үйге берілген тапсырманы белгілеп алады. Үлестірме қағаздар. Жиынтық бағалау

Сабақ туралы ойым:

Бұл сабақта Жоңғар Алатауы бойынша мини лекция болды.Сабақ барысында оқушылар Жоңғар Алатауының географиялық орны, жер бедері мен геологиялық

құрылымы және пайдалы қазбалары,табиғатының ерекшеліктері туралы бір-бірімен көптеген мәліметтер алмасты. Бұл сабақтың ұтымды жері оқушылардың сабаққа түгел қатысуы. Берілген тапсырмаларды оқушылар ерекше қызығушылықпен орындап, шықты.Атап айтқандаЖоңғар Алатауы бойынша «ментальді картаға» түсіру тапсырмасын белсене орындады. Бүгінгі сабаққа рефлексия жасалды.

Не сәтті өтті?

Топтық талдау арқылы сабақтың мақсаты айқындалды. Сабақта жоспарланған тапсырмалар толық орындалды.

Не сәтсіз өтті?

Топқа бөлу кезеңінде оқушылардың арасында түсініспеушілік болды.Оқушылар берілген тапсырманы бірден түсіне алмай, біраз уақыт жоғалтып алды. Оқушылар өзін- өзі бағалауда өздерін жоғары бағалады.

Нені дамыта алар едім?Оқушылардың топқа бөліну дағдыларын дамытар едім.Оқушылардың тақырыпты өз бетінше меңгеру дағдыларын қалыптастыру үшін жұмыс жасауым қажет.Бағалауды әділ орындау бойынша түсіндірмелер жүргізуді қолға алу.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше