Өө дыбысы мен әрпі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Шардара қаласы
«Шардара» мектеп – лицейі
Мектепалды даярлық тобының мұғалімі
Кошуакова Сандигул Бухарбековна
Сабақтың тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балалардың өтілген әріптер мен дыбыстарды қаншалықты деңгейде үйренгенін, оқу қабілетін арттыру.
Дамытушылық: Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын, сабаққа қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Шыншылдыққа, еңбексүйгіштікке, имандылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Өмірбек атаның үйі, жеке суреттер, әріп үлгілері.
Сабақтың әдісі: қызығушылығын ояту, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: ойын, саяхат сабақ.
Пәнаралық байланыс: сауат ашу, көркем әдебиет, қоршаған орта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, балаларды түгендеу.
2. Оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
* Балалар, біз өткен сабағымызда қандай әріптермен және дыбыстармен таныстық?
* Н мен Зз дыбысы мен әрпімен.
* Балалар дыбыс дегенді қалай түсінеміз?
* Дыбысты естиміз, айтамыз.
* Әріп деген не?
* Әріпті жазамыз, оқимыз.
* Нн дыбысының әрпін кім жазады?
* Нн дауысты дыбыс. Тақтаға жазады.
* Зз дыбысының әрпін кім жазады?
Зз әрпін тақтаға жазады.
* Зз дауысыз дыбыс.
* Рахмет, ал енді «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнаймыз.
* Мен дыбысты айтамын, сендер сөз айтыңдар.
* Ии
* Ине, ит, инелік, Иса, Исатай, Индира.
* Зз
* Зауза, зат, зор-тамаша, Зәуре, Зейне, зерек, зерде.
* Рахмет, сендер өткендегі айтылған сөздерді есте сақтаған екенсіңдер. И дыбысынан басталатын өлең кімнің есінде?
Исатайдай батыр болам,
Иса атамдай ақын болам.
Игі істе батыл болам,
Игілікке жақын болам.
Көбіне дауысты Ии дыбысы сөздің басында дауыссыз дыбыстан кейін естіледі екен.
Зз дыбысы туралы өлеңімізді кім айтады?
Зауза қоңыз зырылдап,
Тобын жиды ызыңдап.
Зебр көріп оларды,
Зәре-құты қалмады.
Рахмет, мына үйді көрдіңдер ме? Бұл үйде кім тұрады екен?
Жұмбақ:
Шашы ақ, сақалы ақ,
Таяғы бар, аяғы ақсақ.
Шал тұрады зиялы.
Аты Ө-ден басталмақ.
Шешуі: /Өмірбек/
Сырты тәтті, іші қатты,
Қаттының іші тәтті.
Бұл не? /Өрік/
* Өмірбек, өрік дегенде қандай дыбыс естіледі?
* Өө дыбысы.
* Бұл үйде Өмірбек деген ата тұрады. Ауласы қандай керемет? Үйдің алдында өрік ағашы өсіп тұр екен. Өрік дегенде Өө дыбысын естиді екенбіз. Атаның тапсырмасы бар ол: «Өө әрпін әдемі, таза жазу».
Дәптермен жұмыс.
Балаларға бағыт-бағдар көрсетемін. Дұрыс жазған балаларды үлгі етемін.
Атаның екінші тапсырмасы, ол: «Өө дыбысы қандай дыбыс?» айтып көреміз: Өө.
* Кедергісіз айтылуда, сондықтан дауысты дыбыс екен. Қандай түспен жазылған?
* Қызыл.
* Үшінші тапсырма «Өө дыбысынан басталатын сөз айту».
* Өмірбек, өрмекші, өлең, өрік, өгіз, өркен.
* Рахмет. Өө дыбысын ұмытып қалмас үшін, жұмбақты ұмытпаңдар. Үйде апаларымызға, аталарымызға, аға-інілерімізге айтып береміз, олар білмеген жағдайда үйретеміз.
Жұмбақты қайталатамын.
Сабақты пысықтап, қорытамын.
