СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІСІН БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРД А ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Шардара қаласы
№2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінің
Оқу ісінің меңгерушісі
Сағым Гаухар Жұмабайқызы
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІСІН БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА
ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсеке басы білім, ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігінде» деген. Ендеше, ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімін қамтамасыз ету керек. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің барысы әр түрлі педагогикалық әдіс – тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттырады.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Яғни, сыни тұрғыдан ойлау екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайлылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларын күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылау, сұрыптау, сараптау, талдау және бағалауды дұрыс жасай білуге үйретеді және өз іс – әрекетіне есеп беріп, оны ой елегінен өткізу барысында қабілеттілікке дұрыс шешім қабылдай білуге баулыйды және қабылдаған шешімін қорытындылауға үйренді. Оқушылар алған мәліметтерді сыни тұрғыдан ойлай отырып, қарсы пікір айтуға дұрыс, әрі тез шешім қабылдауға, қоғамдық әрекеттерге сыни тұрғыдан көз қарастарымен қалыптастыруға үйретеді.
Оқушылар өз сыныптарының ішінде беделін арттыру үшін ой – әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпынады, мүмкіндіктерін сыни тұрғыдан ойлап,
зерттеу жүргізуге қабілетті болуға тырысты. Менің сабақтарымның барлығы жеңілден ауырға жылжи отырып орындайтын тапсырмалар. Оқушылар әр деңгейге көшкен сайын олардын ынтасы арта берді, өйткені сабаққа қызығушылығы оянады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың үш кезең бойынша жүзеге асырылады:
1) Қызығушылығын ояту;
2) Мағынаны ашу;
3) Ой толғаныс.
Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділікке ынталандыруға болады. Сыни тұрғысынан ойлау технолгиясының тиімділігі: өткенді еске түсірді, есте сақтау қабілеті айқындалды, шығармашылық қабілеттері артты, топпен жұмыс жасай білді, жаңа тақырыпты меңгерді салыстырды, сыни ойлай білді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі жақты: яғни мұғалім және оқушылардың ойлауын жіне өзім де солармен бірге сыни тұрғыдан ойландым. Менің ойым мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірбиесінде жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану, бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бақылау болса, оқушының сыни тұрғыдан ойлауы материалдарды меңгеруде ойын дұрыс тұжырымдау жинаған мәліметтеріне маңыздылығын сараптап, салыстырмалы түрде қажетін қабылдай білуі, ақпараттар мен идеяларды зерттеп, шынайылығына көз жеткізу, яғни маңызды мәселелерді талқылауды және ой елегінен өткізуді қамтиды.
Маған бұл бағдарламаның тиімділігі мұғалім ретінде сабағымды бастамас бұрын сабақ жоспарын құруды сыни тұрғыдан көп ойландым. Оқушыларға қалай етсем сабақты қызықты өтемін деп сабақты жоспарлауға кірісіп кеттім. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлату үшін сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдандым және өз тәжірибемде оқу бағдарламасы бойынша ұсыныстарды басшылыққа алып, төмендегідей бағытта жұмыс жүргізе отырып оқушыларға білім беруде оқу мен жазу арқылы ойлауды дамыту бағдарламасын төмендегідей бағытта жұмыс жүргізе отырып іске асыруды көздедім. Теория деңгейін көтеру, Белсенділіктерін бақылап отыру, Пән аралық байланыс жасауды яғни сабақты дайындауда мынадай белсенді оқытудың базалық ұстанымдарын басшылыққа алдым:
* Қойылған мәселелер оқушылар үшін мәнді болу керек, ол оқушылар қызығушылығынан туған жағдайда ғана мүмкін.
* Әр бала өз бағдарламасын жеке құрайды. Сыртқы құбылыстардың дисбаланс туғызуына қатысты жауап ретінде қажетті тепе – теңдікті іздеу жүргізіледі. Басқаша айтқанда тепе – теңдік жоғалғанда, таным туындайды және құрылым өзгереді. Балалар объектіні немесе оқиғаны өзіне тиесілі схемаға сәйкестіре алмаған жағдайда, бар схема не жаңарады, не қайта жаңғырған схема қалыптасады.
* Мағына жеке құрылады, бірақ оқу үрдісі әлеуметте өтеді – мұғалім, сыныптастар, ата – аналар және қоғам. Мектеп оқытуда және дамытуда мағына және табиғи орта болатын әлеумет болып табылады. Біз танып білетіндеріміздің көбісін басқалардан аламыз.
Қортынды ойым: мұғалім ретінде оқушыларға сыни тұрысынан ойлау технологиясын қолдана отырып ізденімпаз, шығармашыл, дарынды, дүниетанымы жоғары оқушы қалыптастыра отырып оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту және сезімін ояту. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті: 1. Оқушылар бір – бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады. 2. Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды. З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді. 4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
