Менің сүйікті Республикам – Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Шардара қаласы
«Шардара» мектеп – лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Абиева Ұлболсын Нурмахановна
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті Республикам – Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
1. Халық педагогикасын насихаттау, балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа және адамгершілікке баулу.
2. Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Атамекеніне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
3. Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру, әдемі сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында жаттаған өлеңдерін, мақал-мәтелдерін жұмбақтарын дұрыс айтып, мәнін жеткілікті меңгертуге баулу.
Тәрбиелік: Өлеңдер. әндер, мақалдар мазмұнындағы жер, Отан, сүйіспеншілік, құрмет жайлы түсінік беріп, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Президент портреті.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ой қозғау.
1-топ. Ән айту ережелерін атап шық.
2-топ. Қапан Мусиннің өмірбаянын айтып бер.
3-топ. Симфониялық оркестр қандай негізгі музыкалық аспаптар тобынан тұрады?
2. «Оркестр» сөзжұмбағы.
Симфониялық оркестрге кіретін музыкалық аспаптардың атын есіңе түсір.
1. Үрлемелі ағаш аспап.
2. Ішекті аспаптардың ішіндегі төмен дауысты үлкен аспап.
3. Әдемі қоңыр дауысты үрлемелі ағаш аспап.
4. Жіңішке әдемі дауысты үрлемелі ағаш аспап.
5. Ысқышпен ойналатын төрт ішекті, жіңішке дауысты аспап.
6. Үрлемелі мыс аспап.
7. Ұрып ойнайтын аспаптардың бірі.
К О Н Ф Б
Т Т Л А
О Р К Е С Т Р
Б А Л Й К Р А
О Б А Т Р У Б
Й А Р А И Б А
С Н П А Н Е К Т А
ІІІ. Жаңа сабақ.
Еліміздің басты рәміздерінің бірі Елтаңба.
Елтаңбаның негізіне шаңырақ алынған. Ол әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы екенін бейнелейді. Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан сияқты бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Елтаңба төбесінде бесбұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Ту.
Тудың біркелкі көгілдір түсі бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын ашық аспанды бейнелейді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты көрсетсе, қазақ ұғымында бүркіт дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны.
Мемлекеттік Гимн ҚР-да тұратын барлық халық үшін ең негізгі ән болып, саналады. Гимн салтанатты жағдайларда орнынан тұрып, оң қолдың алақаны омыраудың сол жағына қойылып, орындалады. Сондай-ақ ол күніне екі рет таңертең және кешкілік радиодан орындалады. Әрбір Қазақстан азаматы оны жатқа білуі тиіс. Бұл – сенің ең басты міндетіңнің бірі.
Сергіту сәті. Ой серген жасаймыз.
Әрбір оқушы үш тілек ойлайды, сол ойлаған тілектерін алақанына салып, жақсылап уқалап-уқалап одан кейін жүрегімізге салып қоямыз.
Шығармашылық жұмыс.
1-топ. Отан туралы шағын әңгіме құрау.
2-топ. Рәміздердің суретін салу.
3-топ. Ана туралы 4 қатар өлең шумақ шығару.
Ал, балалар, Отан туралы, Елбасы, рәміздер туралы өлең-шумақтар айтайықшы.
Дәптермен жұмыс.
ІҮ. Сабақты бекіту.
* Сабақта не үйрендік?
* Рәміздерді үйрендік.
* Әдемі жазуды үйрендік.
* Өз елін, жерін, Отанын сүйетін ұлтжанды, мәдениетті, парасатты азамат болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін.
Ү. Үйге тапсырма беру.
ҮІ. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылардың атын атап, және топ бойынша бағалау.
