Арайлы алтын күз

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы, Шардара қаласы

«Шардара» мектеп – лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Камбарбекова Зауре Альжановна

Сабақтың тақырыбы: Арайлы алтын күз.

Мақсаты: Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. Ұйымшылдыққа, өз өнерлерін, ойларын ортаға салып, көрсете білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың көңіл-күйін көтеру.

Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, буклеттер жасау.

І жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Арайлы алтын күз» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Міне біздің өмірімізге тағы да бір «Алтын күз» келіп жетті.

ІІ жүргізуші:

Сәлем бердік кешіміздің көрермені,

Қуандырып біздер менен сіздерді.

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Бірге

Балалар күзді ортаға шақырайық.

Оқушылар: (қол шапалақтап шақырады)

Наргиза

Күз келіпті дегенше

Мереке келді дегейсің.

Қонаққа келіп тұратын,

Апайларымыз көбейсін.

Бауырсақ

Маржан

Ал, балалар, балалар,

Астық, жеміс жиылды.

Ардақты күзге мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Көбейді құт-береке,

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Жеміс-жидектер

ән: «Қырманға кел, қалқатай» 1Ә сынып оқушысы Нұрлан Томирис

І жүргізуші:

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз – деп кезекті өлең шумақтарға береміз. (2В сынып оқушылары).

Қыркүйек

Қыркүйек кеп, күз келіп,

Шопан көшті күзеуге

Мектепке бет түзеді,

Гүл құшақтап көп бала.

2-оқушы

Қазан

Қазан айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Туыстық, адал достықпен.

Сәтті өмір басталды.

3-оқушы:

Қараша

Күздің қараша айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі. (жапырақтан шашу шашады)

ІІ жүргізуші

Міне жеттік орманға,

Қандай ғажап айнала, – дей отырып, 3-сыныптар аралығында күз тақырыбына сурет салу сайысы.

І жүргізуші

Ендігі кезекте 1Б сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.

ІІ жүргізуші

Құлпыра берші, кең дала,

Гүліңді күнде терейін.

Жапырағыңмен жасыршы,

Құшағыңа енейін. – дей отырып, 2А сынып оқушыларының өлең шумақтары.

1-оқушы

«Күз жомарт» дейміз біз,

Не деген дәмді жемістер,

Не деген тәтті көкөністер!

Жемісті жесең кемістер.

Болмайды сенің бойыңда,

Болсыншы осы ойыңда.

2-оқушы: Алма

Мен Алмамын, Алмамын,

Таңдай тұшар мол дәмім.

Дастарханға көрік беріп,

Келтіремін бар сәнін.

3-оқушы: Жүзім

Мені бәрі жүзім дер,

Бір-бірлеп-ақ үзіп жер.

Дәмі кетпей аузыңнан,

Жеген адам шырын дер.

4-оқушы: Шие

Шиемін мен шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Бала келсе қасыма,

Басымды мен иемін.

Дәйкесөз: «Күз – мереке, молшылық»

І жүргізуші:

ән: «Жылайды жапырақ» 3Б сыныбының оқушысы Дария.

ІІ жүргізуші:

Біз айтамыз алтын күз деп,

Көп піскен соң бау ішінде.

Сары алтындай сару қауын,

Енді бізде бәрі дайын.

Ендігі кезек көрініске «Қыркүйектегі қызық». Сахнада 4В сынып оқушылары.

І жүргізуші:

Сауық кешке келіңдер,

Сөзден маржан теріңдер.

Бұл кезекте қосылмай,

Мақал айтып көріңдер. 3В сынып оқушыларын шақырамыз.

ІІ жүргізуші: ән. 3Б сынып оқушысы Донбай Бекзаттың орындауында.

І жүргізуші:

Міне күз де келіпті,

Құстар сапар шегіпті – дей отырып, 3Ә сынып оқушыларының өлең шумақтарын тыңдаймыз.

1-оқушы: Қаз

Қош бол, өскен жеріміз,

Айдын-шалқар көліміз.

Аман болып тұрыңдар,

Қамқор болған еліміз.

2-оқушы: Қарлығаш

Қаһарлы қыс өткенде,

Қайтып келіп көктемде.

Күнде думан құрамыз,

Күн шуағын төккенде.

3-оқушы

Құстар қайтып ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

ІІ жүргізуші: Енді кезекті биге береміз. 2В сынып оқушыларының өзбек биін тамашалаңыздар.

І жүргізуші

Жөн сөз көңіліңді өсіреді,

Жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.

Өмірде ата-әжелердің, ата-аналардың айтып отыратын ырым мен тыйым сөздерін есте сақтап, орындап жүрейік.

Ендігі кезекте тыйым сөздер: 4Г сынып оқушылары.

ІІ жүргізуші

– Ал, оқушылар, ұстаздар.

Ортаға назар салайық.

Сурет салған оқушыларды,

Қол соғып қарсы алайық.

(сурет бойынша әңгімелеу)

І жүргізуші

(сахнада ер және қыз балалар сабаққа, дене тәрбиесіне, қонаққа барғанда киетін киім үлгілері).

ІІ жүргізуші: ән. 4В сынып оқушысы Айтқұл Ақерке «Көңілді күн» әнімен ортаға шығады.

І жүргізуші

Нан атасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Мысал: «Бидай мен қаңбақ» 3Б сынып оқушысы Башқараев Нүркен.

ІІ жүргізуші

Нан – тамақтың атасы,

Ынтымақ көптің батасы.

Бата 4Б сынып оқушысы Рысқұл Дінмұхаммед

І жүргізуші

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытып, барлығымыз дөңгелене тұрып, Шаттық шеңберін құруға шақырамыз.

Ризамыз біз бүгінге,

Ризамыз біз қазірге,

Достар үшін аянбай,

Шын пейілмен көмекке.

Шақырғанда келетін,

Ақылды да, керемет.

Біз сияқты балдырған,

Балаларға көп рахмет.

Жүргізуші:

Күз ұсынып егісі мен жемісін,

Әкеліпті халыққа бір молшылық.

Сары жапырақ алтындай болып төгілсін,

Елімізде болсын әркез көпшілік – деп, бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше