Рахымжанов Мейир Уимханович

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы,
Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің жоғарғы деңгейлі 2-санатты дене тәрбиесі пән мұғалімі

Рахымжанов Мейир Уимханович

Денсаулық-байлықтан қымбат

Мақсаты:1.Оқушылардың тазалық, денсаулықтарын сақтау туралы ұғымдарын кеңейту.

2.Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулықтарын күте білуге, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа үйрету.

3.Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

Түрі: топтық, ұжымдық

Жүру барысы:

1 топ «Шымыр» тобы

2 топ «Денсаулық» тобы

3топ «Сымбат» тобы

1.Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады:

1 топ: «Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң шымыр боласың»

2топ: «Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық-ел байлығы»

3топ: «Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу-өз қолыңда»

-Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінеміз?

Ассоциация әдісі

Күннің көзі Денсаулық Аурухана

Спорт Таза ауа

Жеміс-жидектер Дәріхана Су

Ендеше, «Денсаулық-байлықтан қымбат» атты сынып сағатымызды өткіземіз.

Денсаулық

Достары Қастары

Таза ауа Еріншектік

Күннің сәулесі Ұқыпсыздық

Тамақ Тойымсыздық

Еңбек Әдепсіз

Киім Салақтық

Тазалық Ұйқышылдық

Ұйқы Надандық

2.Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жарысы

1.Іздеп алған аурудың емі жоқ.

2.Көзің ауырса, қолыңды тый, Ішің ауырса аузынды тый.

3.Жан ауырса-тән азады, Қайғы басса-жан азады.

4.Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.

3.Жарнама. (Әр топтың тапсырмасын қорғайды)

1 топ: Айранды көрсетіп.Айранның денсаулыққа пайдасын айту.Айран сүттен жасалады.Оның денсаулыққа пайдасы зор.

2топ: Мынау сиырдың сүтінене жасалған құрт.Оның тіске көп пайдасы бар.Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.

3 топ: Бұл «Ботагөз» деген сабын.Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды.Бетті, қолды шаңнан тазартады.

4. «Жамандықтан қашық бол» Тапсырмасы мынадай екен: «Кім тапқыр?»

1) бес ат, бесеуі де қысқа ат. (Саусақ)

2) Бір ағашта екі жапырақ.(Құлақ)

3) Қимылдаса қос шебер,

Қырау-қырау қос шебер. (Қол)

4) Күмбір-күмбір қарағым, Қартайғанша жарадың. (Құлақ)

5) Сылдыр сұйық су емес, Ішсең шөлің қанады.Ақ болса да қар емес, Шешуің кім табады? (Сүт)

5. «Спорт-сенің серігің»

Дене шынықтыру мен спорт ағзаның қабілеттілігін көтереді, адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі, ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің кепілі.

Қазақстың ұлттық ойындарын атаңдар.(Көкпар, асық ату, бестас, қол күрес, арқан тарту, қыз қуу, т.б.) Ұлттық ойындарды оқушылар көрсетеді.

6.Қорытынды.

Денсаулығымыз мықты болу үшін ауырмай тұрып алдын алу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау керек.Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы- оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше