Берденова Мейрамгуль Темирсериковна

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы,
Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің жоғарғы деңгейлі 2-санатты география пән мұғалімі

Берденова Мейрамгуль Темирсериковна

Тәрбие сағаты

Достық деген не?

Сабақтың мақсаты:достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық қалыптастыру.

Қажетті құралдар:суреттер, нақыл сөздер, тренинг ережесі, ақ парақ,, слайд.

1.Ұйымдастыру.

1.1Амандасу

1.2Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.

3. Жағымды әуен.

2.Кіріспе бөлім.

1.Миға шабуылы. «Дос деген кім?»

Тренинг барысы

1.Психологиялық бағыт беру.

(Жайлы әуен ойнап тұрады.)

-Сәламатсыздарма, қадірлі қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі «Достық деген не?» тақырыбындағы психологиялық тренингке қош келдіңіздер!

Жүргізуші.

Дүние достарменен жаннаттайсың,

Оларсыз күйзелер жан таң атпай шын,

Мәңгіден жарастырып жан біткенді,

О, достық көкке ұшырар қанаттайсың!

Шын достық жаздың жібек самалындай,

Жалғанда жұлдыз бар ма жанар мұндай?

Жаңынды жылытатын шуағымен

Бірліктің берік мәңгі қамалындай!

Жағымды әуен.

2.Достық-бұл ортақ көзқарас пен мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғары сезім.Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі.Оның маңызды белгісі-берік, әрі терең эмоциялық жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс-жүйесінде де адал және шынайы болу, өзара терең мүдделік, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілікпен қамқорлық- деп бүгінгі тренингке қатысушы оқушылардың «Дос сен үшін кім?» деген сұраққа өз ой-пікірлерін тыңдасақ. (Оқушылар жауабы)

Оқушылар ой-пікірлерінен кейін бейне сюжетке назар аударамыз.Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам

ДОС Мені жақсы түсінетін адам

Көмекке әрдайым дайын адам

Сыр бөлісетін адам

Сенімді адам

3.Оқушылар екі топқа бөлініп өздерінің эмблемасы және ұрандарымен таныстырады.

-Достық дегенді қалай түсінеміз?

(Оқушылар жауабы)

4. «Достық- аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл таста кіршіксіз мөлдір.Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды.Достыққа кішкене сызат түсті дегенше, құдай ұрды дей бер.Егер шын дос табылса, мал басыңды соның жолында құрбан ет.

Досыңнан кішкене сыйын көптей көр,…досыңа қанша көп берсең де аздай көр»

5.Тапсырма «Ұжымдық сурет әдістемесі» Достық дегенді қалай түсінеміз? Енді осы сұраққа сурет салу арқылы жауап береміз.

6. «Дос болма майда тілді күлгенменен. Беймағына сырты жылтырап жүргенменен» деген Шалақынның сөзімен келесі бөлімді бастаймыз.Яғни, бұл бөлім «Жағдаяттан шығу» деп аталады.Сіздерге екі достың арасындағы түсінбеушілікке байланысты ситуация сұрақтары беріледі.Сол ситуация сіздер берілген уақыт ішінде көрініс арқылы бейнелеп беріп, ситуациядан шығуларыңыз керек.

7.Жаттығу «Сиқырлы орындық»

Жаттығу шарты бойынша екі топтан бір бір оқушыдан ортаға шығып, ортада тұрған орындыққа отырады.қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын, қасиеттерін айтады.

8.Психологиялық тренингіміздің келесі шарты бойынша «Менің досым» тақырыбы бойынша әрбір студент өзінің досы жайлы әңгімелейді.

9.Жүргізуші: Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. «Дос жылатып, дұшпан күлдіртіп айтады» деп халқымыз өте тауып айтқан.Осы сөздерден кейін кезекті келесі бөлімге берейік.Екі топтың оқушылары өздері іздестіріп келген достқы туралы қазақ мақал-мәтелдерін, ұлы адамдардың достық туралы айтқан сөздерін айтып беру керек.

10. Дос іздеу асқақ арман мен таудай талап, шексіз-шетсіз үмітке толы жас дәуреннің ерекше сезімі.Ол өзара пікіралысудың, болашақты жоспарлап, меңзей білудің, сенім-танымдарды қалыптастырудың таптырмас мектебі.Осы кезде жас адам үшін құрбы-құрдастардың орны ерекше.Бозбала мен бойжеткеннің достасуы бара-бара алғашқы кіршіксіз махаббатқа да ауысып жататын кездері болады.

Достық пен махабббатты қалай ажыратуға болады?

(Оқушылар жауабы).

11.Қорытынды.

Заттың жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы…. деген, ескі достарыңыз әрдайым қастарыңыздан табылсын деп, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше