Сымбатты Сәкенге 120 жыл

Қоңыр, салқын күзде дүниеге келген, ақындықтың шеберін және жазушылықтың асқақ өнерімен шыңдала түскен сұлу да, сымбатты Сәкеннің 120 жылдығына орай, Құсмұрын №121 орта мектебінде «Сәкенге 120 жыл» деп аталатын жарыс түріндегі іс-шара өткізілді. Іс-шара мемлекеттік тіл күніне орай өткізілді. Аталмыш іс-шараға 10-сыныптардан құралған екі команда қатысты, жарысқа белсене араласып, өздерінің жақсы даярлығын көрсете білді. Жарыста балалар мәнерлеп оқуларын да, презентациядағы слайдттарды сөйлете білулерін де, сәндеулерін де, ауызша сөйлеу және сурет салу өнерлері мен қабілеттерін ұштастыра білді. Өнері мен шеберін ұштастыра білген балаларды атау жөн, олар: 10 «а» сыныбынан – Попова Анастасия, Михеева Евгения, Иржанова Карина, Лебединский Михаил, 10 «Б» сыныбынан – Потолажко Анастасия, Забирова Лиза, Ниязбекова Айгерим, Беркен Алия.

Ұлы ақынның шығармашылығын, өмірі мен қызметтік жолдарын жас ұрпаққа ұлағатты түрде насихаттау, еске алу, ақын шығармашылығын білім алушылар арасында тарату; білім алушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін әрі қарай дамыту; жарыстыру арқылы бәсекеге қабілетті шығармашыл жастарды тәрбиелеу мақсатындағы үдеріс барысын аталмыш балалар ұйымдастырушы-өткізушілерге көмекшілер болғандай.

Ақындардың өмірі мен қызметтерін, елеулі еңбегі мен мәнді шығармаларын таратуды мақсат тұтқан іс-шаралардың өтуі – жас ұрпақтарды тәрбиелеуде аса маңыздылық атқаратын үлерістер екендігін естен шығармайық!

Кітапханашы Абуталипова А.Б.

Сакенге 120 жыл – макала.docx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше