Ашық сабақ
Ақмола облысы. Еңбекшілдер ауданы,
Аңғал батыр ауылы. Аманкелді орта мектебінің
биология және химия пәні мұғалімі Кемалов Абзал Аманкелдіұлы
Биология. 8- сынып
Сабақ тақырыбы: Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеттесуі.
Көрсетілім:
Белгісіз заттардың иісін анықтау тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеттесуімен таныстыру
Дамытушылығы: Сонымен қатар оқушылардың адам анатомиясы туралы білімін одан әрі жетілдіру.
Тәрбиелігі:Адамгершілікке, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайд. Тірек-сызбалар. Суреттер.
Сабақ әдісі: СТО: элементтері
– түсіндіре басқарып, оза оқыту
– жеке және топтық жұмыс
– өздік жұмыс
– қосымша әдебиеттермен жұмыс
– сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: – электронды оқулықтар
– слайдтар
– қазақтың мақал – мәтелдері және нақыл сөздері
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
1.Сәлемдесу
2.Түгелдеу
3. психологиялық ахуал
4. Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту.
V. Үйге тапсырма беру
VІ. Бағалау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Қызығушылықтарын ояту.
| Есту мүшесі | Құрылысы | Гигиенасы |
| Сыртқы құлақ | ||
| Ортаңғы құлақ | ||
| Ішкі құлақ |
Суреттер сөйлейді. 1-слайд.(суреттерге сипаттама беру)
1. Есту анализаторының құрылысы қандай?
2. Дыбыс тербелістері есту мүшелерінде қалай беріледі?
3. Ішкі құлақты топтыратын сұйықтық дыбыс тербелістерін беру кезінде қандай рөл атқарады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Мағынаны ажырату.
Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз,сезім мүшелері туралы, сонымен кім айтады..
1.Сипап сезу арқылы нені сеземіз
2.Иіс сезу арқылы нені айқаймыз.
Сонымен сезім мүшелері туралы білдік, енді осы сезім мүшелерінің атқаратын қызметі, маңызы туралы кішкене сипаттама беріп өтейін.
Сезім мүшелері.
→ Көру мүшесі – көз
→ Есту мүшесі – құлақ
→ Иіс сезу мүшесі – мұрын
→ Сипап сезу мүшесі – тері
→ Сезім мүшесі – тіл
Тері сыртқы ортамен тікелей жанасады. Ол жанасу мен қысымды, жылу мен суықты, ауыруды кабылдайды. Бұл сезімдерді тіл, мұрын, ауыздың сілемейлі қабықтары кабылдайды. Теріде ауырсыну рецепторлары көп, 1 см2-де, шамамен, 100 ауырсыну рецепторы бар.
Ауыру — бұл қорғаныш реакциясы, қауіппен күресуді жеделдетудің маңызды сигналы. Ауырсыну сезіміне адам үйренбейді. Ал температура өзгерістеріне жеңіл бейімделеді. Жылуды бір рецепторлар, ал суыкты басқа рецепторлар қабылдайды. мұндай рецепторлар бетте және ерінде көп орналаскан.
Сипап сезу — бұл тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды. Олар саусак, тіл ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралған жүйке ұштары болып табылады. Теріге түсетін қысымға біз тез үйренеміз, сондыктан біраздан кейін киімнің тигенін сезінбей қаламыз. Көзді жұмып затты ұстағанда, біз оның пішінін, мөлшерін, бетінің сипатын, температурасын анықтай аламыз. Бұл сезім соқыр адамда өте жақсы дамыған Еңбек іс-әрекетінің дағдысы саусақ ұштарының сезім-талдығымен байланысты. Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы жұлын мен мидағы бұлшық ет сезімі аймағына бағытталады.
Дәм сезу мүшесі. Тамакты оның иісімен бірге қабылдаған кезде дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттын дәмін сезіп, қабылдай алады. Сілекеймен не дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл — тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді.
Тамақ ішкенде тілдің барлың рецепторлары жүмыс істейді. Лимон, қарбыз, кұлпынай, т.б. жеген кезде, қышкыл, ащы, тәтті, түзды дәмнен күрделі дәм үйлесімі пайда болады.
Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады
Иіс сезу мүшесі. Адам үшін иіс маңызды рөл аткарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, ашып кеткен тамақ туралы хабар береді, Мұрын қуысының үстінгі мұрын қалқанында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл — пішіні түйреуіш тәрізді және кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры (жиналуы).
Иіс сезу анализаторы
● Иіс сезу рецепторы жүйесінен
● Иіс сезу жиынтығынан
● Иіс сезу орталығынан
Дәм сезу рецепторы орналасады
→ тілдің ұшында
→ артқы бөлігінде
→ жиегінде
→ жұмсақ таңдайда
→ жұтқыншақтың артқы жағында
Сипап сезу – тері анықтайды
→ қаттылығын
→ жұмсақтығын
→ тегістігін
→ жылылығын
→ суықтығын
Жаңа сабақты бекіту. Ой –толғаныс
1. Суреттер бойынша сезім мүшелеріне сипаттама беру.
2. Оқушыларға карточка тарату
1-карточка:
1. Ащыны тілдің қай аймағы сезеді. Дәм сезу мүшесіне сипаттама.
2-карточка:
1. Жылылықпен қаттылықты сезетін сезім мүшесі.
3-карточка:
1.Адамның сезім мүшелерін ата.
3. Кесте толтыру:
| Білемін | Білдім | Білгім келеді |
Үйге тапсырма:
