Жақсы сөз жанға қуат
Жақсы сөз жанға қуат тақырыбында 4 «В» сынып оқушыларына «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жүргізілді.Сабақ барысында оқушылардың бойына жақсы сөз адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіріп, оларды қолдана білу іскерліктерін дамыту және ізгілікке, ізеттілікке балаларды тәрбиелеу көзделді.Ұйымдастыру кезеңінен бастау алған, әңгімелесу айдарымен жалғасын тапқан сабақта оқушылар белсене ат салысып ойларын ашық білдірді.Оқушылармен шығармашылық жұмыстар атқару арқылы жақсы,жылы сөздерді айтуға дағдыландыру ұйымдстырылды. Сабақтағы ойын-жаттығу кезі де ескерусіз қалмады, себебі мұнда оқушылар әртүрлі буындардан жылы сөздер құрастыруы міндеттеліп,ондағы әрбір сөздің мағынасын аша отырып, қай кезде айтылатыны туралы пікірлерімен алмасты. Жақсы сөз ,жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп,олардың жүрегіне жылу береді,көңіліне қуаныш сыйлайтындығы жөнінде айтты.Жылы сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады, жақсылық жасауға қамқорлық жасауға құштарлығың артады деген қорытындыға келіп, отырған қонақтарға да жылы сөздерін сыйлап, жүрегімізден шыққан жылы сөзіміз олардың да жүрегіне жетеді деген ниетпен жүректен -жүрекке айдарында тарту етті. Сөз соңында мұғалім барлықтарыңа да сабаққа белсене қатысып, өз ойларыңмен бөліскендеріне ризашылығын білдірді.
Астана қаласы, «НұрОрда» қазақ-түрік лицей кешенінің
психологы Сатбаева Нурсулу Ақботақызы


