Гидраның ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығ ы

Сарыағаш қаласы

№ 5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектеп

Биология Пән мұғалімі

Мусабекова Салтанат Шапанбековна

Тақырыбы: «Гидраның ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға гидраның ішкі құрылысын,денесінің қосқабаттылығын,асқорту жүйесін, тыныс алуын, зәр шығару жүйесін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамына ықпал жасау.

Тәрбиелігі: Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Топпен жұмыста достық қатынасты қалыптастыру. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жынысты және жыныссыз көбею, дара жынысты.

Оқыту ресурстары:

Интербелсенді таста,оқулық,бор,тақта,жұмыс дәптерлері,түрлі түсті қалам, түрлі түсті қағаз,қайшы,суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Бүгінгі сабақта кедесі ережелер бойынша жұмыс атқарамыз.

* Сегіту сәті.

* Топтарға бөлу.

* Өзіндік жұмыс.

* Көпіршелер арқылы оқыту.

* Топтық жұмыс.

* Постер қорғау.

* Жаңа мағлұмат аламыз.

* Өз ойларын айту.

* Рефлексия

Қызығушылықты ояту:

* Сергіту сәті: 2 минут

«Қызыл өрік» әуені интербелсенді тақтада шырқалады.

* Топтарға бөлу: 1 минут

Гүлдер бойынша оқушыларды топтастыру. (қызғылт,раушан,түймедақ)

ІІ. Қайталау:

* Әр топ мүшелеріне 4 танымдық тапсырмалар беріледі.

1. Кірпікшелі кебісшенің дене бөліктерін суреттен көрсет.

2. Түсіндір.

* Тітіркенгіштік дегеніміз не?

* Бұл жағдай неден туындайды?

* Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында қарапайымдарға қандай өзгеріс болды?(мысалы, температура төмендегенде)

Жаңа сабақты оқыту және оқу үшін әдісі бойынша оқулықтағы тақырыпқа шолу жасайды.

Оқулықтағы тақырып бойынша оқушыларға тапсырма беріледі.

І. топ: Актиция

ІІ. топ: Қызыл маржан

ІІІ. топ: Медуза

> Мағынаны тану:

Әр топ постер жасап, қорғайды. Постер жасаған кезде оқушылар оқулықты пайдаланады.Өздері ізденіп, шығармашылық жұмыс пен жаңа мағлұматтарды алады. Әр топ жұмысын қорғау кезінде спикер сайлап алады. Спикерге көмекші алуға да болады.

І. топ: Оралхан

Актиния – жыртқыш жануар. Актинияны әдемі гүлге ұқсайды. Денесі екі қабаттан тұрады. Энтодерма және эктодерма. Оның денесі кеспелтек бағана тәрізді, төменгі табаны жағымен су ішіндегі нәрсге бекініп, үстіңгі көп аяқ тәрізді қармалауыштармен қорегін аңдып,қимылсыз отырады. Атпа жасушылармен әлсірткен балықт қармалауыштармен қармап,жұта салады. Гидра – тұщы суда тіршілік етеді.

ІІ. топ: Нұрдәулет

Қызыл маржан – ол теңіз суынан әр түрлі көптеген минералды тұздарды жинап, қызыл түске боялған және әктен құралған ьұтақты қаңқа түзеді. Қып-қызыл бұтақтардан құстаң қауырсыны тәрізді аппақ 8 қармалауыштарды –көпаяқтарды көруге болады. Бұтақты қаңқаның биіктігін 40 см дейін жетеді. Көпаяқты маржандар әктенген бұтақтарды су бетіне көтерілген кезінде әр түрлі аралдар түзеді. Мұндай су астында пайда болған маржанды жартас риф түзіледі.

Рифтер үшке бөлінеді.

1. Тосқауыл риф

2. Жағалық риф

3. Шеңберлі риф

ІІІ. топ: Аружан

Медуза – жыртқыш жәндәк, қолшатыр жиегінде төмен қарай салбырап тұрған қормалауыштармен атпа әлсіреткен жәндікті аузына салып, ішекқуысында қорытады да, қорытылмаған қалдықты қайта аузы арқылы сыртқа шығарады. Медузалар – мөлдір денелі,қолшатыр тәрізді жәндәктер.

Медуза қозғалған кезде қолшатырдың жиегі жиырылып, пайда болған қуыстағы су сығылады да, дөнес жағымен алға қарай жылжиды.

V. Сабақты қорытындылау: 5 минут

Мұғалім. Ал бағымызды енді сабағымызды қорытындылаймыз.

VI.Рефлексия

Білеміз Білгіміз келеді. Білдік

Ішекқуыстылардың

құрылысын

Ішекқуыстылардың

таралу аймақтарын Ішекқуыстылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Ішекқуыстылардың түрлерімен таныстық Медуза жайлы мағлұматтар берілді.

VI. Үй тапсырмасы: Венн диаграммасы (біржасушалы жануарлар мен көпжасушалы жануарлардың ерекшеліктері және ұқсастығы).

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше