Қош бол бастауыш
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш қаласы
№ 141 жалпы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Тұрғынова Айгерім Өскенбайқызы
Тақырыбы: «Қош бол бастауыш»
Мақсаты:
1. Бастауыш сыныппен қоштасу.
Оқушылардың төрт жылда қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп,өнер білімдерін бағалау.
2. Ақыл ой-өрісін, сана-сезімдерін,оқубілімге ыгтасын арттыру.
3. Білім ордасын,ұстаздарын құрметтей білуге, өз отанынаң адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, плакаттар.
Өтілу барысы (мұғалім)
Білім оқу тамақ болар қарны ашқанға
Жол табар қараңғыда адасқанда
Мал озбас біле білсең білім озар
Ақыры керек болар бір сасқанға- деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың. Жақсы мен жаманды айыра білуде үйренген шікірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол бастауышым» атты мерекесін бастауға рұхсат етіңіздер.
Толқимыз толқып тұрмыз баршамыз да
Мұндай күй болған сірә баршаңызда
Қол соғып қошеметпен шақырайық
4- ші А сыныбын ортамызға
Би: Вальс
Айбек: Бала шақта болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарын қымбатты!
Аружан: Бастауыштың есігін
Алты жаста ашқанбыз
Бүгін тойды бастайық
Жырдан шашып мол шашу
Бастауышпен балалық
Бүгін бізде қоштасу
Айбек: Ассалаумағалейкум деп сөздің басын.
Мен қалайын құрметпенен ізгіліктің ірге тасын.
Алтын көпір салатын келешекке
Мен айтайын ұлы жолын ұстаздардың.
Серік ағай өзіңіздей болса деймін аға деген
Ел құрметпен ізіңізге баға берген
Ауыз толтырып айтайын абыройыңыз арта берсін.
Ұжымыңыздың көшін алға тарта жүрген
Біз сөйлейік ендеше қолайлы сөз
Түбінде басшы болу оңай емес
Басшымызға мың алғыс айтамыз біз
Ыстыққа жа суыққа да тоңған емес – дей отырып, мектебіміздің директоры
Рысбаев Серік ағайды сөзге шағырамыз.
Аружан: Бұл апайдың құрметінбіздер көрсетеміз
Бар ұжымымызға бұл апайды үлгі етеміз
Сіздей ұстаз барына біздер қуанамыз
Өйткенң сіздер жүрген жолменен біз өтеміз – дей отырып мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары: Телғозиева Динара апйға сөз береміз.
Аружан: Хор Атамекен.
Ержігіт: Ұстаз болу – жүректің батырлығын
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның асылдығы
Алуа: Бар ізгілік білімнен алынар
Білімнен аспанға жол салынар
Білімдіні сүйерін білім елдің
Сондықтан да келеді біле бергім.
Ерасыл: Өзіңде өсіп көктедім.
Бақытқа міне жеткенім
Балалығымның куәсі
Сүйікті бастауыш мектебім
Балжан: Білімнің кәусар бұлағын
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің мұғалім
Ұстаз да ғалым,дана да.
Аружан: Би «Тау-тау сезім»
Жандос: Ақ сүт беріп мәпелеп
Не жетеді анаға
Тәрбие мен тәлім берген
Сәуле құйып санаға
Арайлым; Ақ жүзіңнен айналайын
Ақ жаулықты анашым
Ана деген ұлы тұлға
Аялаған баласын
Т.Айбек: Құдіретті анамыз ғой
Қуат берген балаға
Ақ сүт беріп мәпелеген
Не жетеді анаға
С.Аружан: Ақ сүр беріп өсірген
Жақсы көрем анамды
Ердегі айтып ұйықтататын
Жақсы көрем анамды
Айбек: Ән. Анашым
«Пәндер айтысы» атты көрініс көрсетіледі.
Математика(Ержігіт)Достар,жүріңдер Ғылымға барып ақыл кеңес алып, даудың төрелігін сұрайық.
Ғылым: (Нұрайлым) Бұл не айқай, бұл не шу?
Математика (Ержігіт) Ғылым, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.
Ғылым: Ендеше баяндаңдар.
Математика: Қымбатты мәртебелім,өмірде менің орным еркше,өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам,адамдар сағатты сануды, жерді.т.б. ғылымдар есебін қалай есептеп алады?
Ана тілі: (Т.Айбек) Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.
Орыс тілі: (Құндыз) Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ?
Дүниетану. (Дарын) Қымбатты достар барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы шымырлы болу керек.
Ғылым: Өзін-өзі тану сен неге үнсіз қалдың?
Өзін-өзі тану: (Алтынай) Мен достарымның сөздерін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір-бірімізден байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдемптілік, мәдениетті сөйлеу сыпайы тәртіпті қадағалайтын өзін-өзі тану арқылы үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.
Ғылым: Барлығыңнан жауап.
Айбек: «Қыздар биі»
Аружан: Нұрайлымның орындауында «Мектебім» әні.
Аружан: Ұстаздардың ұстазы болып жүріңіз
Шаршамаңыз сергек болып жүріңіз
Ұстазбенен шәкірт қамын ойлаған
Ұмытпаймыз сізді әрине мына біз
Айбек: Есімде ұстаздық алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашқан тастағаны
Бір мереке думан болып осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны
Аружан: Қош бол енді бастауышым
Өзіңде өтті төрт жыл менің көктемім
Ұстаздардың бәріне де мың алғыс
Ұмытпаймын талай білоім мекенін
Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым – балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Айбек: Осымен «Қош бол,бастауышым» атты мерекеміз аяқталды. Осында отырған әжелерімізбен аталарымыздан бата сұрайық.
