«Қызықты математика» сайысы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы Қазақстан ауылы
«№3 Қазақстан бастауыш мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі
Қалдыгулова Күләш
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика» сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру. Әр сыныптың озат оқушылары арасынан математика пәні бойынша дарынды оқушы болуға қызығушылығын ояту. Еркін сөйлеу, тереңнен ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, жұмбақтар, математикалық жұмбақтар.
Сайыстың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
(Құрметті ұстаздар, оқушылар)
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде.
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып.
Көңілді кеш жасайық.
Жұмбақ шеруін шашайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ есеп бәрі бар.
Білімдеріңді сынайық.
Кешке келген сайланып
Отырамын деп жайланып
Көрермендер аман ба?
Отырған анау ойланып.
Бәріңізге бір сәлем.
Бүгінгі 3 сыныптар арасындағы «Қызықты математика» атты сайысымызды бастаймыз.
Мінеки, залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғалымдардың ғалымы
Математика жайында
Сайысты біз бастауға
Әділ-қазы сайлаймыз.
Ең алдымен әділ-қазылар алқасын сайлап аламыз.
1.Мектеп директорының инновация жөніндегі орынбасары Дабысов Турақбай
2.Қосымша білімгер педагог Бердешова Нурсулу
3.Оқу ісінің меңгерушісі.Қайрат Молдабеков
Біреуінің жүрегінің түгі бар.
Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар.
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, дей келе, сайыскерлермен таныстырып өтейік.
Мәңгі бақи есте қалар.
Қызықты бір жиын болсын,
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтарың қиын болсын- дей отырып кезекті сайыскерлерімізге береміз.
Сайысымыздың ережесімен танысамыз.
7 кезеңнен тұрады.
- Таныстыру
- Саны бар мақал – мәтел айту (1 минут)
- Әзіл есептер.(3 минут)
- Теңдеулер шешу.(3 минут)
- Кім жүйрік.( 30 секунд)
- Шығармашылық тапсырма. Суретке қарап әңгіме құрау (3 минут)
- Тест сұрақтары. (5 минут)
1 кезең
Ақты ақ деп аққа жақ боп баға берер,
Алқасы әділ-қазы кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға.
Шындықты шәкірттерің сонда көрер дей отырып оқушылар өздерін таныстырады.
2 кезең
Мақал – сөздің мәйегі.
Мақал – сөздің атасы.
Тоқсан ауыз сөздің де,
Түйіні бар тобықтай,
Жауап берген қорықпай демекші ендігі кезекті саны бар мақал – мәтел айту.
(1 минут)
2-кезеңнің бағасын сұраймыз.
3 кезең
Ал балалар, мұнда біраз қараңдар,
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар,
Математикадан беріледі әзір есеп,
Көңіл қойып бірер минут ойлаңдар.
Ендігі кезекті әзіл есепке береміз. Әр сынып бұлттың артына жасырылған әзіл есептерді шешеді.
3-інші кезеңнің бағасын сұраймыз.
4 кезең
Математика ғылым бұл,
Сондықтан да балақай
Сол ғылымның тілін біл!
Есеп, есеп, есеп-ай,
Есеп білмес баланы
Еркелетпес ешкім де-ай.
Ендігі кезекте жыл құстарының артына жасырылған теңдеулерді шешеміз.
4-інші кезеңнің бағасын сұраймыз.
5 кезең
Өмірде ойлап тұрсақ бәрі де есеп,
Ауырсақ ішетұғын дәрі де есеп.
Есепсіз өмір сүрген мазмұнсыз – ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек – деп ендігі есептерді шығарамыз.
5 кезеңнің бағасын сұраймыз.
6 кезең.
Бәйгеге түсіп жарысып
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі – деп суретке қарап эссе жазу
6-ыншы кезеңнің бағасын сұраймыз.
7 кезең
Тесттік тапсырма
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне – деп тесттік тапсырманы оқушыларға таратып жауаптарын алу.
Өнерлерің өссін балалар.
Жұлдыздарың жансын жарқырап
Әділқазылар бағасын.
Етерсің әр кез қанағат – дей отырып сөз кезегі әділ – қазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.
1.Мектеп директорының иновация жөніндегі орынбасары Дабысов Турақбай
2.Қосымша білім беру педагогы Бердешова Нурсулу
3.Оқу ісінің меңгерушісі.Қайрат Молдабеков.
Құрметті ұстаздар, оқушылар осымен «Қызықты математика» атты сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді, жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе, білімдеріңді шыңдай беруге жоғары биіктерден көріне берулеріңе тілектеспін!
Шардара ауданы, №3 “Қазақстан бастауыш мектебі” 2013-2014 оқу жылы.
Калдыкулова Гулаш Пирнепесовна Туылған жылы,айы,күні: 15.01.1977 жыл
Мамандығы: ПМНО
Білімі: ЖОҒАРЫ
Бітірген оқу орны,жылы:Шымкент әлеуметтік педагогикалық университеті. 2011ж
Санаты: 12
Жалпы еңбек өтілі: 17 жыл
Пед өтілі: 17 жыл
