И, й әріптерінің жазылуы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Қазақстан ауылы

«№3 Қазақстан бастауыш мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

Эстурганова Камшат Абдукасымовна

Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: И, и әріптерінің жазылу және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік.

Дамытушылық: Оқушының таным белсенділігін дамыту. Ойлау жүйелерін арттыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, тапсырмалар беру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, ереже, кеспе қағаз, плакат, сөзжұмбақ

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Үй тапсырмасын пысықтау.

3.Жаңа сабақ.

4.Қорытынды, бағалау.

5.Үйге тапсыра.

Топқа бөліп, сұрақ қоя отырып топ аттарын анықтау.І-топ “Дыбыс”, ІІ-топ “Сөз”, ІІІ-топ “Сөйлем”

Психологиалық дайындық.

Біз жалғыз емеспіз,

Біз бәріміз біргеміз.

Қандай істе болсада,

Мықты біздің іргеміз.

Үй тапсырмасын сұрау, ережелерді қайталап еске түсіріп, үйге берген жаттығуды тексеру.

Балалар біздер осымен И,й іріптерінің жазылуы – тақырыбын үшінші рет өтіп отырмыз.Әр сабақта түрлі ережелерімен танысып келеміз. Бүгінгі ережемізбен таныс болайық.

Сый, сыйлық, сыйлады, тый, тыйылды,тыйды

сөздеріне ый әріптері естілген қалпында жазылады

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқытып, ауызша орындату.

Жинап алып ұл-қызды,

Кірпіштен үй тұрғыздық.

Алайда оған сыймадық,

Ақ күшікке сыйладық.

Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудар.

2-жаттығу. Сый, тый және бұлардан таралған сөздерді оқы. Өзің қалаған сөздерден бірнеше сөйлем құра.Оқушылар жазбаша орындайды.

3-жаттығу.Жаңылтпашты жатқа жазып, й әріпі бар сөздердің астын сыз.

Әр топтан бір оқушы тақтаға жатқа жазады.

Тоғайда шоғайна

Жабысар борбайға.

Кей бала ондайда

Басады ойбайға.

Сергіту сәті.

Құрт-майымыз көп болсын

Қарнымыз тоқ болсын.

5-ке оқып сабақты,

Нашар баға жоқ болсын.

4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздерге назар аудар.

Жазылуын есіңе сақта: йод,йемен йогурт.

Кеспе қағазбен жұмыс. Сөзжұмбақ.

Үш топқа сөзжұмбақ шешуін тапқызу.1-ине,2-йод,3-тай.

и
н
е

1.Тік ұшаққа ұқсас жәндік.

2.Ас атасы.

3.Ең үздік баға.

й
О
д

1.Түнде шығады.

2.Аңдардың мекені

3.Ойнаймыз.

Т
А
й

1.Білім ордасы.

2.Аң патшасы.

3.Үй жануары.

Ойын:«Жоғалған әріптерді тап!»

Ж…НА, СЫ…ЛЫҚ, Б…ЫЛ, С…ЫР, А…НА, БА…ЛЫҚ, ШОҒА…НА, Ж…ДЕК, Б…ДАЙ, ТӘРБ…Е.

Қорытынды: Шығармашылық тапсырма.

І-топ.Ине туралы сөйлем құрау.

ІІ-топ. Йод суретін салу.

ІІІ-топ.Оқушыларды топпен бағалау және сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.Сабақты не білдік? не үйрендік? не білгіміз келеді? сұрақтарына жауап беру арқылы қорытындылау.

Үйге тапсырма: 5-жаттығу.

Эстурганова Камшат Абдукасымовна

Туылған жылы: 14.10.1986 ж

Бітірген оқу орны: Мирас университеті

Мамандығы: ПМНО

Пед өтілі: 2 жыл

Санаты: 11

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше