Құстарға жемшашар жасау

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы Қазақстан ауылы

«№3 Қазақстан бастауыш мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

технология пән мұғалімі

Рысбаева Рано Мырзалиевна

Сабақтың тақырыбы: Құстарға жемшашар жасау.

Сабақтың масаты: Құстарға жемшашар жасап үйрету.

Білімділігі: Қатырма қағаздан пішіні әртүрлі жемшашар жасау. Құстар туралы мәлімет беру.

Дамытушылық:Оқушылардың топтық еңбек етуге өзара қатынасын арттыру, еңбекке іскерлігін, икемділігін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Еңбек нысаны: жемшашар жасау.

Материалы: қатырма қағаз.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, буклеттер, құстардың суреттері.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, топпен жұмыс.

Сабақтың өткізілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды топқа бөлу.

1топ «Қарлығаш»

2топ «Аққу»

3топ «Бүркіт»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Қораптың қандай түрлері бар?

2) Қорапты қандай мақсатта қолданамыз.

3) Қорапты қандай материалдан және қайда жасап шығарады.

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту. Бағалау.

ІV. Жаңа сабақ.

Біздің бүгінгі сабағымыз жемшашар жасау. Жемшашарды құстардың асханасы деп атасақта болады. Құстар табиғат емшісі. Ол біздің табиғаттағы сұлуда сүйкімді таралған құбылыс. Құстар үй және дала құстары болып екіге бөлінеді. Үй құстары- тауық, үйрек, қаз, үндік. Дала құстары: аққу, бүркіт, тырна, лашын, сауысқан, қарға, қарлығаш т.б. Құстардың табиғатқа тигізер пайдасы зор. Олар ағаштармен өсімдіктерді зиянды құрт-құмырсқалардан тазалайды. Мысалы: Қараторғай бір өзі бір жылда 4 миллион зиянды құрт жейді екен. Бір топ қараторғай балапандарымен 22-тонна шегірткені азық етеді. Ал қарлығаш бір жаз бойы бір миллион құрт жейді екен. Міне, біз құстардың пайдалы екенін білдік. Осы құстарға біздер қамқор болуымыз керек. Сол үшін біз құстарға арнап жемшашар дайындауымыз керек.

Қауіпсіздік ережесі.

Сарамандық жұмыс.

  1. Жемшашардың сызбасы.
  2. Бұрышын қиямыз.
  3. Бұрышымыздағы қиылған бөлікті бүгеміз.
  4. Қайырылған бұрыштарын желімдейміз.

Оқушылар жемшашар жасаған уақытта, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген ертегісін аитып беремін.

V. Топпен жұмыс.

Оқушылар өз топтарындағы құстарға сипаттама береді.

Қарлығаш тобы

Қарлығаш –айыр құйрық, төсі ақ кішкене ғана жыл қүсы.Құрт- құмырсқа, шыбын-шіркеймен қоректенеді . Ол өте еңбекқор құс. Халқымыз қарлығашты киелі құс санайды. Қарлығаштың ұясын бұзған адам қырық-түрлі пәлеге ұшырайды деген жорамал бар.

Қарлығаш ұясын үйдің шатырына салады. Ол адамның досы.

Аққу тобы.

Аққу – қорғауға алынған мойны ұзын, сұлу жыл құсы. Табиғаттың көркі. Оны атуға болмайды. Аққу киелі құс. Ол наурыздың аяғы сәуірдің басында оралып, қазан айында ұшып кетеді.Аққу-су өсімдігінің жапырақтарымен, ұсақ жәндіктерімен қоректенеді.Аққу бақыттың бастамасы, жақсылықпен татулықтың символы.

«Бүркіт» тобы.

Бүркіт-қыран қүс. Құс бегілері аң аулауға бүркітті алып шығады. Бүркіт жыртқыш құстардың ішіндегі тектісі әрі адам қолына тез үйренгіш келеді. Халық бүркітті жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейді.Аспан түстес көгілдір туымызда бүркіт бейнесінің болуында үлкен мән бар.

VІ-Сұрақ-жауап

Бір топ екінші топқа сұрақ қою арқылы құстар жайлы мақалдар өлеңдер болжамдар айту.

«Қарлығаш » тобы:

Мақал-мәтелдер.

1-оқушы:

Сұңқар самғасынан байкалар

Қарға қалжасынан байқалар

2-оқушы:

Бір қарлығаш келгенімен жаз болмайды

Бір сауысқан келгенімен қыс болмайды

3-оқушы:

Қаз тойған семірмейді

Орғанына семіреді

4- оқушы:

Қарақұс басып жейді

Сұңқар шашып жейді

Қарға баптанып сұңқар болмас

Есек мақтанып, тұлпар болмас

«Құстар» жайлы өлеңдер

1-оқушы

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі кимаған

2-оқушы

Құртты іздеп ініне

Қарағайды үңгіген

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашанда ол әбігер

3-оқушы

Менің атым көгершін

Адамдардың досымын

Жерді айналып келемін

Бейбітшілік құсымын

4-оқушы

Мен торғаймын, торғаймын

Суықтанда тоңбаймын

Құрт-құмырсқа, шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

Құстар жайлы болжамдар.

1 Шағала келсе сең бұзылады.

2 Қарлығаш өрлеп ұшса күн жылы болады, жер бауырлап ұшса жаңбыр жауады. 3 Жыл құстары қаптап келсе, көктем ерте шығады.

4 Құс жүнін үрпитсе –жаңбыр жауады .

5 Қарға қарқылдаса-қар жауады

6 Сары шымшық ысқырса күз келеді

VІІ. Сөзжұмбақ шешу. Қарлығаш тобы.

Қ
Ұ
С
Т
А
р

1.Құйрығы айыр құс Аққу тобы. 2. Қүстың үйі 3.Ұры құс 4.Үй-қүсы 5.Сұлу құс

Т
А
Б
И
Ғ
А
Т

6.Бейбітшілік құсы.

1 Төрт түліктің бірі

2 Күз айы

Бүркіт тобы. 3 Әнші құс

К
Ө
Г
Е
Р
Ш
І
Н

4 Тігін құралы

5 Ең кішкентаи құс

6 Сиыр төлі

7 Аяғы ұзын құс

  1. Оқу қүралы 5. Хош-иісті гүл
  2. Жыл мезгілі 6. Біздің ауданымыздың аты

3. Қызықты әнгім 7. Алып аң

4. Қыстың алғашқы айы 8. Қыс көлігі

VІІІ Шығармашылық жұмыс
«Қарлығаш» тобы –сурет салу
«Аққу» тобы қүстар туралы өлең шығару
«Бүркіт» тобы-шығарма жазу

ІХ. Викториналық сұрақтар.
1. Құстың негізі баспанасы не? (ұя)
2. Қандай құс хат тасушы атаңған ? (Көгершін)

3. Қай құста мүлде ұя болмайды.? (Көкек)

4 .Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады ? (Бүркіт)

5. Торғайдың жүрегі секунтына неше рет соғады ? (960)

6. Құстар мерекесі? (1-сәір)

7. Ертегідегі алып құс? (самұрық)

8. Әлемдегі ең кішкентай құс? (Калибри)

9. ….. баласын аппағым деп? (Қарға)

10. Түнде ұшатын құс? (жапалақ)

Х. Не білдің, не үйрендің нені білгіміз келеді?

Стикерге жауабын жазып, плакатка жабыстыру

ХІ Сабақты қорытындылау

ХІІ. Бағалау

ХІІІ. Окушыларды бағалау.

Интернет саитқа шығу грамата алу

Рысбаева Рано Мырзалиевна

Туылған жылы: 15.11.1983 ж

Бітірген оқу орны: Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті.

Мамандығы: ПМНО

Пед өтілі: 11 жыл

Санаты: 13 (бірінші)

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше