Жас математиктер
Алматы облысы, Қарасай ауданы
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ
математика пәні мұғалімі Чалмаксимова Гульмираш Шихмыратовна
Сабақтың тақырыбы: «Жас математиктер» 6 сыныптары. – сайыс сабағы.
Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: Оқушылардың математикаға деген білімін қосымша сабақтар арқылы негіздеу;
2)Дамытушылық: Оқушылардың жеке ой-дағдыларын дамытып, сана-өрісін жетілдіру;
3) Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, өз еліне үлгілі де өнегелі жас азамат(ша) болуына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ, ойын сабақ.
Сабақтың әдісі:
Көрнекілігі: плакаттар,слайд.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Жарысты бастау.
3.Жарысты қорытындылау.
4.Бағалау.
– Сәлематсіздер ма ұстаздар, оқушылар, көрермендер және осы жарысқа қатысушы жас математиктер! Бүгінгі «Математикалық жарыс» атты кешімізге қош келдіңіздер! Алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1)
2)
3)
«Жас математиктер»6е және 6д сыныптарыныан 5-5 оқушыдан қатысады. Жарысымыз 5 турдан тұрады:
1тур – «Той бастар».
2тур – «Жүйрік команда».
3тур – «Ойлан, тап?».
4тур – «Ұшқыр ойлар».
5тур – «Той тарқар».
Жарысымызды бастамас бұрын әр командадан топ басшысын сайлап алайық:
1) 6д командасынан:
2) 6е командасынан:
Ал бастайық жарысты!!!
І – тур: «Той бастар».
Яғни әр командаға 10 сұрақ қойылады, әр сұраққа бір ұпайдан есептеледі.
1.Натурал сандар дегеніміз не?(Санауда қолданылатын сандар).
2. Бөлімінен алымы үлкен бөлшек? (бұрыс)
3.Екі теріс санның қосындысы? (теріс санды береді).
4. Таңбалары қарама-қарсы екі санның көбейтіндісі қандай сан? (теріс)
5. Шеңбер диаметрі 8 см. Радиусы неге тең? (4см)
6. Екі қатынастың теңдігі(пропорция
7. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
8. 25 пайыз ондық бөлшекпен қалай аталады? (0,25)
9. Қандай сандар 10-ға қалдықсыз бөлінеді? (соңы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар ).
10. Сағаттың ¼ бөлігі неше минут? (15 мин)
1. Екі теріс санның көбейтіндісі? (оң сан)
2. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)
3. Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
4. Шеңбердің радиусы 6 см. Диаметрі неге тең? (12 см)
5. Миллион санының жазылуында неше нолъ бар? (6)
6. 20 минут сағаттың қандай бөлігі? (1/3)
7.Таңбалары қарама-қарсы екі санның көбейтіндісі қандай сан? (теріс)
8. Екі оң санның қосындысы? (Оң санды береді).
9. 7 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)
10. Бөлімінен алымы үлкен бөлшек? (бұрыс)
ІІ – тур: «Жүйрік команда».
Мұнда логикалық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 2 ұпай. Қай топ жылдам сол жауап береді.
1.Отбасында 4 ұл бала бар. Олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар. Отбасында неше бала, неше қыз бар? (4бала, 1қыз).
2.Әсем поездың басынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Айгүл поездың соңынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон бар? (13 вагон бар).
3. Отбасында 7 қыз және әр қыздан бір –бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала? (8)
4. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның 2 – ін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды? (2-уі қалды,қалғандары ұшып кетті)
5. Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді.Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді? (14 км)
6. Үш түйе қүс ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды? (түйе құс ұшпайды)
7. 1 кг түбіт ауыр ма? 1 кг темір ауыр ма? (теңдей)
8)Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
9)Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?
10)Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ,24 сағаттан кейін түн болады)
ІІІ – тур: «Ойлан, тап?»
Әр командаға сиқырлы торкөз таратамын. Тігінен де, көлденеңінен де, жанынан да қосқанда нәтижесінде бірдей сан шығу керек.Дұрыс тапқан командаға 10 ұпай қосылады.
командасына 57 саны шығу керек.
| 25 | 15 | 17 |
| 11 | 19 | 27 |
| 21 | 23 | 13 |
командасына 27 саны шығу керек.
| 7 | 17 | 3 |
| 5 | 9 | 13 |
| 15 | 1 | 11 |
ІV – тур: «Ұшқыр ойлар»
логикалық есептер 10 ұпай
1.Он литрлік бидон ( ыдыс) сүтке толтырулы. Үш литрлдік бидонды пайдаланып 7 литрлік бидонға 5 литр сүтті қалай құйып алуға болады?
( 3 литерде 3 рет қүйып алып 7 литерлікке құямыз 3сінде 3-литрлікте 2 литр сүт қалады 7 литрліктегі сүтті қайтадан 10 литрлкке құямыз сосын оған 2 литр сүтті құямыз тағы 10 литрліктен 3 литр сүтті 7 литрлікке құямыз )
Бақташы 70 өгіз айдап әкеліпті. Есепші бақташыдан : «Қанша маалыңыз бар еді?»-деп сұрапты. Бақташы : «Мен малдың үштен бірінің үштен екісін айдап әкелдім, неше малын барын өзіңіз табыңыз»-депті. Шынында,қанша малы болды екен?
( 315 өгіз)
V– тур: «Той тарқар»
Әр команданың топ басшыларының сайысы. 10 ұпай
Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар ,оқылық» өлеңінен үзінді
2,1,3,5,1,4,6,1,8,7,1 9,1,11 5,1,4,10,1
10,12,4,13,14 16,15,11,4,3 16,17,11 15,2,14
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
18,8,13,3 16,19,11,19,9 16,20,3,19 7,13
15,2,14,9,13,8,13,8 5,1,16,21,11,6,1,8
Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған.
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| а | қ | р | й | т | ғ | д | н | м | с |
| 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| л | ү | е | у | о | б | ұ | ө | і | ә | ы |
Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
…
Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Әлпештеген ата — ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар
Ата — енең картайса –
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Ыбырай Алтынсарин
– Әділқазылар алқасына сөз береміз. Осы екі команданың жинаған ұпай санын сұраймыз.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні,
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!
-деп бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін рахмет! Сау болыңыздар
