Қазақ тілі “Күшейтпелі шырай” . 7-сынып
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы,
Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі
Шокаева Айгерім Алтынгазиевна
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Сыныбы:7
Пәні: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Күшейпелі шырай.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, дедукция, іздендіру.
Көрнекілігі: оқулық, кесте-сызбалар, семантикалық карта, кеме суреті, толқындар суреті, конверт.
Мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға күшейтпелі шырай, сын есімнің емлесі туралы ғылыми негіздегі түсінік беру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың жүйелі ойлау, ұтымды сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік:Мәтіндік талдау жұмыстары арқылы оқушыларды оқырмандық мәдениетке, алғырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың эпиграфы.
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба,сабаққа?
Қазақ тілі-сөз өнері,
Сай келейік талапқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық.
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
-Отырыңдар!
-Сыныпта кім кезекші?Сабақта кім жоқ?
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
–Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
-50-жаттығу,34-бет, «сын есімнің түрленуі, салыстырмалы шырайдың» ережесін жаттау.
Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа жеке-жеке конверт таратылады, әр оқушы конверттегі сұрақтарға жауап береді, жауабын конверттің ішіне салады.
«Конверт» әдісі бойынша сын есімнің түрленуін, ережесін тексеру.
1-конверттегі сұрақ.
Сын есімнің сындық, белгілік тұлғада жұмсалып, түрленуі.
| Сын есім | Салыстырмалы шырай мысалдары |
2-конверттегі сұрақ. Салыстырмалы шырайдың ережесін жаз және жұрнақтарын ажырат.
| Салыстырмалы шырай | Салыстырмалы шырай жұрнақтары |
3-конверттегі сұрақ.
Сын есімнің заттық тұлғада жұмсалып, түрленуі.
| Сын есім | Көптелуі | Септелуі | Тәуелденуі | Жіктелуі |
| Үлкен | ||||
| Кіші |
Пысықтау сұрақтары.
1.Сын есім қалай түрленеді?
2.Шырай деген не?
3.Қанша шырай формасы бар?
4.Салыстырмалы шырайдың ережесін айт.
5.Салыстырмалы шырай жұрнақтарын ата.
6.Көне түркі ескерткіштерінде сын есім шырайы қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
-Оқушылар, бүгінгі тақырыбымыз: «Күшейтпелі шырай.Сын есімнің емлесі»
Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады.
Мысалы; үлкен- үп-үлкен-өте үлкен;жақсы-жап-жақсы, аса жақсы.
1.Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады.Мысалы;биік-біп-биік;жақын-жап-жақын.
Күшейткіш буындар негізгі сын есімдермен дефис арқылы жасалады.Тек ақ, көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ, көкпеңбек болып бірігіп жазылады.
2.Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, орасан, ыңғай, кілең сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесі арқылы жасалады.Мысалы; өте күшті,тым биік,и орсан зор, аса терең т.б.Бұл сияқты күшейткіш үстеулер сын есімдердің алдынан келеді де,бөлек жазылады.
Көне түркі жазба ескерткіштерінде күшейтпелі шырай ең үстеуі арқылы жасалған. Мысалы; ең ілкі.
ІҮ.Бекіту кезеңі.
-Оқушылар, жаңа сабақ бойынша білімді бекіту үшін жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
53-жаттығу (ауызша).
«Білім» атты кеменің «өмір» атты теңізде тезірек, еркін жүзуіне көмектесейік. Ол үшін толқында жапсырылған сұрақтарға жауап береміз, сол кезде кеме алға қарай жылжиды.
Әр толқында күшейтпелі шырай берілген.Осы күшейтпелі шырайға зат есім жалғап, сөз тіркесін құрау.
Толқындағы сөздер: тіпті қысқа, сап-сары, қап-қатты, орасан зор, әп-әдемі, кіп-кішкентай.
54-жаттығу. Берілген сын есімдерден күшейтпелі шырай жасаңдар (жазбаша).
| Сын есімдер | Күшейтпелі шырай |
| Жақсы
Қатты Терең Жарық Сары Көк Қызыл |
«Сөз ойыны».
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топтағы оқушылар мынадай рет бойынша сөз тізбегін құрастырады. Сол сын есім қатысқан мақал-мәтел айтады.
1-оқушы 2-оқушы 3-оқушы
Сын есім Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай
Жақсы Жақсырақ Жап-жақсы
Мақал: «Жақсы сөз-жарым ырыс».
Өзіндік жұмыс. «Ойлан да тап!»
Семантикалық карта.
| Берілген сөз | Салыстырмалы шырай | Күшейтпелі шырай |
| Қызыл
Сұрша Тым биік Жақсырақ Терең Ұп-ұзын |
Ү.Қорытынды кезең.
Жинақтау сұрақтары.
1.Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
2.Ақ, көк сөздері күшейткіш буын арқылы жасалған күшейтпелі шырай тұлғасында қалай жазылады?
«БББ» әдісі бойынша сын есім туралы білімдерін кестеге толтыру.
| Білемін | Білдім | Білгім келеді |
ҮІ.Үйге тапсырма беру кезеңі.
58-жаттығу, 37-бет; 34-36 бет, ереже.
ҮІІ.Бағалау кезеңі.
Бағалау парағы.
| Оқушының
аты-жөні |
Үй тапсырмасы«Конверт» әдісі | 53-жаттығу | 54-жаттығу | Сөз ойыны | Өзіндік жұмыс | «БББ» әдісі | Баға |
-Оқушылар, бүгінгі сабақты мына өлең жолдарымен аяқтаймыз.
Түйсікті бол, білімді де таңдай біл,
Жақсы атқарып, іс тетігін аңдай біл.
Жарайтын мен жарамасты байқастыр,
Керексіз бен керек істі жайғастыр.
(Ж.Баласағұни)
-Сау болыңдар!
