Ата – баба өнері
Пәні: Өзін-өзі тану.
Сыныбы: 4
Пән мұғалімі: Ш.С Турашева
Сабақтың тақырыбы: Ата-баба өнері.
Мақсаты:Оқушылардың « өнер құндылығы» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
– Ата-баба өнері,соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
– Қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру;
– Қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға,сақтауға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,түсті қағаз,қайшы.
Шаттық шеңбері.
– Бүгін халқымыздың дәстүрі бойынша ұл балалар бір-бірімен қол алысып,төс қағыстырып амандасады.Ал қыздар,бір-бірімен бас иіп сәлемдеседі.
Әңгімелесу.
1.Ата-баба өнері дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Өздерің өнердің қандай түрлерін ұнатасыңдар?
3.Өнердің адам өміріндегі рөлі қандай?
Шығармашылық жұмыс.
« суреттерге қарап,өнердің түрлері туралы әңгімелеп беріңдер.Өздеріңе ұнаған өнер түрлерін дәптерлеріңе бейнелеңдер».
Мәтінмен жұмыс.
Өсиет әңгіме.
– Дүрияның Ыдырысқа айтқан сөздері туралы қандай пікір айта аласыңдар?
– Ыдырыстың ою-өрнек өнерін үйренгендігінің қандай көмегі болды?
Дәйексөз.
«Еңбек-өнер өрісі.Өнер-өмір жемісі».
Еңбек өнерді өрістетеді,ал өнер өмір жемісі дегені-ол ата-бабамыздан келе жатқан мұра.
Жаңа ақпарат.
«Өмірді шығармашылық пен көркем образдар арқылы суреттеуде ерекше қабілет,шеберлік,іскерлік байқатқан адамды өнерлі адам деп атайды.Өнер адамның өміріне нәр береді,оның құштарлығын арттырады».
Тыныштық сәті.
Оқушының жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады. Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі, баяу музыка қоюға болады.Мұғалім төмендегідей мәтінді айтып тұрады.
– Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар,көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып ,еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа , махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашыңдар!
Дәптермен жұмыс.
1- тапсырма.
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып
Ұста болар ма екенсің?!-демекші енді барлығымыз бірлесе ою ояйық.Мұғалім балаларға ою үлгілерін ұсынады.Ұсынылатын ою түрлері:тау оюы,гүл оюы,су оюы,тұмар оюы.
Жүректен жүрекке.
Балалар шеңбер құрып,қол ұстасып тұрып,кезегімен бір-біріне жылы лебіздер айтады.Оқулықта берілген өлеңді оқиды.
Өнер С.Қалиев.
Дамбырам күмбірлеп, Кесте де тігемін.
Күй шерте аламын Актерше рөлде
Бұрала би билеп, Ойнай да білемін.
Сурет те саламын. Жалықпай талай күн
Ұқсатып кілемге Жасаймын мүсін де.
