Ж.Аймауытов «Қараторғай»
Сванова Зульфия Бақтиярқызы
Т.Рысқұлов ат. мектеп-лицейі
Қазығұрт ауданы. ОҚО
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Қараторғай»
Сабақтың мақсаты: Қараторғай туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Оқытудың нәтижесі: Қараторғай туралы түсініктері кеңейді.Сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз ойын еркін жеткізе білді.Оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасты.
Cілтеме: Ана тілі оқулығы 4 сынып, әдістемелік құрал, суреттер.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Бірге ойлаймыз», «миға шабуыл», «ыстық орындық», рефлексия.
Қолданылған ресурстар: Топқа бөлуге арналған құстардың суреті , интербелсенді тақта, бейнебаян, стикер маркер, смайликтер, ана тілі 4 сынып.
Сабақтың барысы:
Кіріспе
Мұғалімнің іс-әрекеті: Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Топқа бөлу.
Оқушының іс-әрекеті: Құстардың суреті арқылы топқа бөлінеді. «Аққу», «көгершін» және «қарлығаш» топтарын құрады.
Үй тапсырмасын сұрау.
Мұғалімнің іс-әрекеті: “Ыстық орындық” әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Оқушының іс-әрекеті: Әр топтан сұрақтар қояды. Ыстық орындықта отырған оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақ
Мұғалімнің іс-әрекеті: Сабақтың мақсатын айқындау «Миға шабуыл». Интербелсенді тақтадан жұмбақ жасыру.
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып – ап,
Қыста алысқа кетеді
Оқушының іс-әрекеті: Жұмбақтың шешуін табады. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен танысады.
Түсіну.
Мұғалімнің іс-әрекеті: «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы қараторғай туралы не білетіндері жөнінде сұрау. Әр топқа тақырыпты түсініп оқуын тапсыру.
Оқушының іс-әрекеті: Қараторғай туралы білетіндерін ортаға салады. Әр топ мәтінді өз беттерінше оқиды.Топта талқылайды. Өкілдер өзге топқа барып түсіндіреді.
Қолдану
Мұғалімнің іс-әрекеті: «Автор жөнінде мәлімет беру. (Интербелсенді тақта ).Оқушыларға тапсырма беру.
Оқушының іс-әрекеті: Автор туралы мәлімет алады.
Сергіту сәті
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар «Мен қазақпын» сергіту биіне көңіл көтеріп билейді.
Талдау
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға сахналық қойылым көрсетуге тапсырма беру.
Оқушының іс-әрекеті: «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» сөзінің мағынасын ашу. Сахналық қойылым көрсетеді.
Жинақтау
Мұғалімнің іс-әрекеті: Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Бүгінгі сабақтан не алдыңдар? Бұл сабақ қиын болды ма? Бүгінгі сабақтан алған ойларыңды жазыңдар.
Оқушының іс-әрекеті: оқушылар сабаққа толық тартылды, әсіресе Lesson study бойынша зерттеуде жүрген үлгерімі төмен оқушы белсене қатысып, тапсырмаларды өзі айтып, орындайды. Оқушыларға сергіту биі қатты ұнады. Өз ойларын бүкпесіз, еркін жеткізе білді. «Бағдаршам» әдісі бойынша берілген тапсырмалар арқылы әрбір оқушы өзін-өзі бағалады. Топта оқушылардың ауызбіршілігі артты. Олaр топ мүшелеріне білмеген сөздерді түсіндіріп, өзара білімдерімен бөлісті. Жаңа тақырыпты өз бетімен түсіндіру үшін топ ішінде тақырыпты талдады, бір-бірімен ой бөлісті және көпшілік алдында қорғай білді.
Үйге тапсырма: Қараторғай мәтінін оқып келу. Қосымша құстар туралы мәлімет іздеу.
