Акпараттык калейдоскоп

Павлодар облысы Ақсу қаласы

№1 қазақ орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Досумбекова Сандигуль Габдулманаповна

Информатика пәнінен «Ақпараттық калейдоскоп» атты сыныптан тыс іс- шара. 8 сынып

Іс- шараның негізгі мақсаты:оқушылардың пәнге дегенқызығушылығын арттырып, білімі мен ой- ұшқырлығын сынау.

Міндеттері:

1. ойын түрінде негізгі ұғымдарды қайталау;

2. оқушыларда алған білімдерін кез келген жағдайда қолдана білу дағдыларын дамыту, ұжыммен жұмыс істеуге баулу;

3. өз-өзін ұстау және қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Бұл іс- шара 8 сынып оқушыларынан құралған екі команда арасында өткізіледі. Топ құрамы 5 адамнан тұрады. Алдын- ала топ мүшелері топтың атын, ұстанымын, эмблемасын дайындайды.Әділ- қазылар алқасы сайланады.

Құрал- жабдықтар:
Интербелсенді тақта,компьютер, қағазға басып шығарылған тапсырма

Іс- шара барысы:

1- жүргізуші: Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір– бірімен жатқан шулап, жалғасып.

Бір- бірімен жатқан арбасып,

О, толқындар, арпалысып алға шық.

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,

Құштарлықтың толғағы мен көктемі!- деп, Т. Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.

2- жүргізуші: Бүгін информатика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Сайыстар бірінен соң бірі өтеді, әрбір сайыс бағаланып, командалар өз ұпайларын жинап марапатталады.

1-сайыс «Синонимдер». Сәйкестендір.
Бір синоним сөз – 1 ұпай

Бастапқы сөз Синонимсөз
8 бит Байт
Бір белгі тобы Алфавит
Белгі Символ
Дисплей Монитор
Винчестер Қатқыл диск
Каталог Қапшық
Лазерлік диск СD
Пиктограмма Белгіше
ЭЕМ Дербес компьютер
Тышқан Маус

2-сайыс «Теңге алу»(тақтада теңге астында сұрақтар жасырынған, «Өшіргіш» құралымен жасырынған санды өшіріп ашып, оған сәйкес сұрақты жүргізуші оқып отырады)
Сұрақтар:

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)

2. Ақпарат көлемі немен өлшенеді? (байт, килобайт, мегабайт, гигабайт)

3. Мәтіннің бір символы Windows кодталуында қаншаға тең? (1 байт)

4. Дискетаның сыйымдылығы сантиметрмен өлшене ме? (жоқ)

5. Енгізу құрылғыларын ата(пернетақта, тышқан, сканер, микрофон)

6. 1бит = 8 байтқа тең деген пайымдау жалған ба? (иә)

7. Шығару құрылғыларын ата(монитор, принтер, дыбыстауыштар)

8. Компьютердегі барлық ақпарат …арқылы кодталады (0 и 1)

9. Деректерді сақтауға арналған құрылғы(жады)

10. Принтер түрлерін ата(лазерлік, сия бүріккіш, матрицалық)

11. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі(CapsLock)

12. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы(Интернет)

13. Программалау тілдерін ата(Бейсик, Паскаль, Кобол,Дельфи, Фортран)

14. Бит және байт – бұл ? (ақпаратты өлшеу бірліктері)

15. Ақпараттық үрдістерді ата (сақтау,алу, беру, өңдеу)

3-сайыс «Топ басшылар сайысы»
Информатика терминдерін жазу.

Бастапқы кез келген сөз беріледі, команда капитаны 3 минут аралығында бастапқы сөздің соңғы әрпіне басталатын информтика терминтерін жазады, көп сөз жазған топ басшы жеңіске жетеді, мысалы:
Монитор – рамблер – робот – тышқан – ноутбук – компьютер – растр – …
Дискета – ақпарат- трафик- колонтитул- логика- алгоритм-…..
4-сайыс «Байқаңыздар, вирус!»

Шар ішіне қағазға жазылып тапсырма жасырлынады. Ойыншы алыста тұрып Касперский жебесімен шарды(вирусты) жаруы қажет.Қанша рет шар жарылады, сонша ұпай беріледі. Жебе берілу үшін шар ішіндегі қағазда жазылған жалған мақалды 3 минут ішінде орыс халқының мақалына аудару керек. Әрбір дұрыс жауапқа жаңадан Касперский жебесі беріледі.

тапсырма жауап
Сенің компьютеріңнің қандай екенін айтсаң, өзіңнің кім екеніңді айтамын. Скажи мне, кто твой друг, и я скажу, кто ты.
Компьютерді жадының көлемімен бүлдіре алмассың Кашу маслом не испортишь.
Сыйға берілген компьютердің жүйелік блогына қарамайды. Дареному коню в зубы не смотрят.
Силикондық алқапқа өз компьютерімен бармайды. В Тулу со своим самоваром не ездят.
Суға кетер адам F1-ге ұмтылады. Утопающий за соломинку хватается.
Бит байтты сақтайды. Копейка рубль бережет.
Себеттен лақтырылған зат, жойылған деп ұқ. Что с возу упало, то пропало.
Вирустан қорыққан – Интернетке кірмейді. Волков бояться – в лес не ходить.
Бір жақсы хакерге жеті ғылым кандидатын береді. За одного битого семь небитых дают.
Кез келген Web-дизайнер өзінің сайтын мақтайды. Всяк кулик свое болото хвалит.

5 -сайыс «Компьютерді жинақта»
Командаларға көмпьютер құрылғылары беріледі, оларды дұрыс және тез арада жинақтап, іске қосқан командаға 5 ұпай беріледі.

Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше