Зерттелмеген арал
Павлодар облысы Ақсу қаласы
№1 қазақ орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Досумбекова Сандигуль Габдулманаповна
Информатика пәнінен бастауыш сыныпқа арналған
«Зерттелмеген арал» сайысы
Сабақтың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының өзіндік танымдық іс- әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
1. түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;
2. интербелсенді тақтамен жұмыс істеу машықтарын дамыту;
3. ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сайысқа 3-4 сынып оқушыларынан құралған бес адамнан құрылған екі топ қатысады.
1. «Дисплей» тобы
Ұраны: Құтқарып ауырбейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай-«адамды»
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене?
2. «Процессор» тобы
Ұраны: Білмегенді білдірген,
Бәрін өзі істеген.
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген,
Компьютер емей немене?
Сайыс барысы:
Мұғалім:Сәлеметсіздер ме, қымбатты балалар!
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,- демекші, заман талабына сай әрбір адам комьтердің қыр- сырын білгенге не жетсін! Біздің Алдар ағамыз да компьютерді меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай дыбыс хат жолдапты(алдын-ала «Звукозапись» бағдарламасында жазылған дыбыстық файл іске осылады):
«Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын,
Баста ақылдың жоғынан, сұрайтын көмек болармын!
Мен жер шарын аралап жүріп «Компландия» деген елге бардым,сол жерде бір зерттелмеген арал бар екен, сол аралға барайын десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің көмектерің керек болып тұр. Сапарға аттаналық!»
Мұғалім: Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз.
Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет.
1. ПЕРНЕТАҚТА(перне, тақта, пер, ақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер….)
2. БАҒДАРЛАМА(бағдар, лама, рама,баға, марал, ара, дара, амал….)
Алдар: Осы аралдың табиғаты тамаша, орманы бай,осы аралдың тау- тасы, өзені, көлі, тіпті батпақты жерінің өзі тапсырмаларын дайындап қойыпты, оларды орындап аралды зерттеп көрелік!
Таулардың тапсырмасы:Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі. Жұмбақтың шешімін тауып, оның суретін «Ресурстар кіттапханасынан» тауып алып, жанына сурет атын пернетақтаның көмегімен жазулары керек.
1. Түнде ұйықтамай тышқан күзетеді(мысық)
2. Қанша ақса да бітпейді, арнасынан асып кетпейді(өзен)
3. Дегендей ешкім тимесін, алыпты қадап инесін(кірпі)
4. Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды(балық)
5. Ішіне тамақ салынған, есігі тастай жабылған(жұмыртқа)
6. Ақ түсті, қар емес, дәмі тәтті, бал емес(қант)
Көлдің тапсырмасы: екі топтың қайсысы сөзжұмбақты бұрын толтырады?
1. Дискіні оқитын құрылғы
2. Алғашқы шоттың грекше аты
3. Ақпараттың өлшем бірлігі
4. Шығару құрылғысы
5. Сызбаның орысшасы
6. Іс- әрекеттің орындалу тәртібі
Тастардың тапсырмасы: ребусты шешу.
Өзеннің тапсырмасы: өзеннің арғы жағына жүзіп өту үшін бізге қайық керек, ал жағада тұрған екі қайық әріптерден құралған арқанмен байланып жатыр, арқанды шешу үшін информатика пәніне байланысты сөздерді табуымыз керек:
1.ПРОГРАММАЛГОРИТМОНИТОРЕДАКТОРЕЦЕНЗИЯРЛЫКОНСТРУКТОР
2. ЛГОРИТМАКЕТАБЛИЦАВТОФИГУРАБЗАЦЕНТРАФИКЛИПРИНТЕРНЕТ
Батпақты жердің тапсырмасы:
Ашылмаған аралда Аяз- ата тұрады екен. 2015 жылы одан қандай сыйлық алғыларың келсе, аталарыңа тапсырыс жасаңдар. Ол үшін Интернет желісіне кіріп, керекті сыйлығыңның суретін алып, қасына қылқаламмен атын жазуларың тиіс. Соңында оның қапшығында не бар екенін «лупа» арқылы көресіңдер.
|
Орманның тапсырмасы:Сиқырлы сөздер. Жасырылған сөздердi және сәйкестір:
| ПIЖ | ЖIП |
| ТАМА | МАТА |
| ТРЕСУ | СУРЕТ |
| КАНТ | ТАНК |
| КАЙМА | МАЙКА |
| ҚУЫРҚАШ | ҚУЫРШАҚ |
Құстардың тапсырмасы:
1.Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша: монитор, принтер, сканер, микрофон, дыбыстауыштар, дискеттер.
2. Енгiзу құрылғысын дөңгелектеп қорша: пернетақта, микрофон, дискеттер.
3.Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтайды, астын сыз: жады, пернетақта, микрофон, қатқыл диск.
4. Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетiне басып шығарады, астын сыз: принтер, монитор, флэш- карта.
Аңдардың тапсырмасы: Топ басшыларына сұрақтар:
1. Компьютердің миы(процессор)
2. Ақпараттың ең кіші өлшемі(бит)
3. Бас әріптерді жазу пернесі(Caps Lock)
4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы(принтер)
5. Ақпаратты экранда бейнелейдi(сканер)
6. Ақпараттық үрдістерді ата(алу, өңдеу, беру, сақтау)
7. Информатика пәні нені зерттейді(ақпараттық үрдістерді)
8. Жаңа жолға түсу пернесі(Enter)
9. Антивирус деген не?(вирусты анықтап, емдейтін бағдарлама)
10. Ақпаратты тасуыштар(дискета, флэш-карта, CD және DVDдиск)
Алдар: Ал, балалар, осы сайыста жеңген топ зерттелмеген аралға ат беру құқығын жеңіп алды, саяхат өте қызықты өтті, мен жаңа аралдар ашуға аттанамын, сау саламатта болыңдар!
Мұғалім: Сайысымыз аяқталды, баршаңа рахмет!
(жеңімпаз атанған топ дипломмен марапатталады)
