Толағай ертегісіндегі Толағай бейнесін талдау

Тараз қаласы

№ 47 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Досжанова Рахия Каюмовна

Сабақтың тақырыбы:

Әбділда Тәжібаев «Толағай» ертегісіндегі Толағайдың бейнесін талдау

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:Толағайдың бейнесі арқылы оқушылардың әдеби дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік:Толағайдың бейнесі арқылы жас ұрпақты өзОтанын,елін сүюге тәрбиелеп, батырлыққа, ерлікке баулу.

Дамытушылық:Оқушылардың ой – өрісін, дұрыс ойлау қабілетін дамыта отырып, өздігінше білім деңгейін көтеруге, заман көшінен қалмауға бағыттау.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі:мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау, пікірсайыс.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,Әбділда Тәжібаевтың суреті, тау көтерген Толағайдың суреті, Толағай аулы, Әулие Ата жерінің суреті, ғарыштың суреті, бағалау таблицасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу.

Әдебиеттің асылын бағалаған,

Тіл байлығын молайтып жағалаған

Армысыңдар, аяулы шәкірттерім ,

Бірі батыр, бірі ақын ару адам.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Қазіргі сабағымыз – әдебиет. Біз өткен сабағымызда Ә. Тәжібаевтың «Толағай» ертегісімен танысқан болатынбыз.Бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде алып барамын. Әдеттегідей сынып 3 топқа бөлінеміз.

1.Толағай

2.Әулие Ата

3.Болашақ

Әрбір топтағы мүше тапсырмаларды орындау барысында әрі өзіне, әрі тобына ұпай жинайды. Әрине, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді, ал оқушы жеке жинаған ұпайы үшін бағаланады. Ал олай болса, сайысты сабағымыздың тізгіні сіздердің қолдарыңызда.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Жоспар негізінде үй тапсырмасы сұралады. Оқушылар назары тақтадағы таблицаға аударылады.

№ Тапсырмалар Толағай Әулие Ата Болашақ
1 Ә. Тәжібаев кім, оның қандай шығармаларын білесің ?

(ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы)

2 «Толағай» ертегісін оқып, мазмұнын ашу

(тақырыбы, мазмұны,кейіпкерлер әлемі, өлең құрылысы, үзінділер жаттау)

3 «Толағай» ертегісі бойынша еркін шығармашылық жұмыс

(сурет салып, шебер сөзбен баяндау, сахналық қойылым көрсету, батырлық, ерлік туралы мақал – мәтелдер, шығарма жазу)

Жинаған ұпайы

Ата – ана үмітін ақтайтын кім?

Отанынын пайдасын жақтайтын кім?

Сендерсіңдер, әрине шәкірттерім

Бүгінгіні ертеңгіге жалғайтұғын.

-Жарайсыңдар балалар, әрі қарай екінші бөлімге бет бұрсақ.

№ Тапсырмалар Толағай Әулие Ата Болашақ
1. Толағайдың бейнесін талдау, басқа ертегілердегі кейіпкерлерімен салыстыру
2. Халқымыздың ауыз әдебиетінде өрнектеген батырларының келбетіне бейім, халық арманын ақтаған қандай тарихи тұлғаларды білесің?
3. Қазіргі күндегі замандас Толағайдың кейпіне бейім, елі үшін еңбек еткен, ерлік жасаған, ел қалаулылары кімдер?
Жинаған ұпайы
Қорытынды ұпай

ІІІ. Жаңа тақырып мазмұны:

1.Топтастыру

Толағай

Ержүрек

Батыр Мерген

Ақылды Қамқор Күшті

2. Салыстыру

Толағай
Ұқсастығы
Кендебай

IV. Жаңа сабақты бекіту:Осыменен сабағымыздың сайысты екі бөлімі мәресіне жетті. Біліктілік сайысында білімін ортаға төккен киелі ұлтымыздың жас өрендеріне, сіздерге, ризашылығымды білдіремін. Халық арманын ақтайтын ертегілердегі батырлардың кейпіне сай, елжанды азамат боп өсулеріңе үміттенеміз, болашақта тек біліммен ғана биіктерден көрінеміз. Олай болса, сабағымызды пысықтайық.

1.Елжанды батыр болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?

2. Белгілі бір мақсатқа жету үшін жастайынан қандай еңбектену кажет?

V. Оқушыларды бағалау

Топтардың жинаған ұпайларын қорытындылап, жеңімпаз топты анықтаймыз. Ең көп ұпай жинаған оқушы «Білім лидері» атанады, сабаққа белсене қатысып ұпай жинағандар ұпайына сай бағаланады.

VI. Үй тапсырмасы:

«Бүгінгі заман батырлары» тақырыбында шығарма жазу.

Толағай.ppt

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше