Фариза Оңғарсынова “Оюлар”
Тараз қаласы
№ 47 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Досжанова Рахия Каюмовна
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова«Оюлар»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңінің сюжетін меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың түрі:іздену, танымдық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі:СТО стратегиялары – қызығушылықты ояту, ой қозғау, топтастыру, әдеби үйірме.
Сабақтың көрнекілігі:Интербелсенді тақта, электронды оқулық, Ф. Оңғарсынованың суреттері, өз даусы, бейнеролик, Фаризаға арналған әндер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тұманбай Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы
2. «Бауырлар » өлеңіндегі патриоттық сезім
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Қызығушылықты ояту.
Бейнеролик Ф.Оңғарсынова «Тірлігімнің мазмұны аналығым»
Интербелсенді тақтаға оқушылар назары аударылып, бейнероликтен ақын өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалады.
2.Ой қозғау.
Әрі қарай сынып екі топқа бөлініп, өзіндік ізденіс жұмыстарын ортаға салады.
1 топ. Ақынның өмірі жайлы мәлімет.
Фариза Оңғарсынова қазақ халқының аса талантты ақын қыздарының бірі. Ол 1939 жылы қазіргі Атырау өңіріндегі Манаш аулында дүниеге келген.
Қазақ поэзиясына 1960 жылдардың бас кезінде кіріп келген. Фаризаның өлең – жырларында жайықтың суындай жағаны соққан адуынды көңіл күй ерекше сезіледі.
Фаризаның өлеңдері Каспийдің алапат толқынындай айбынды, Каспийдің аққуларындай пәк, мөп – мөлдір, таза, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай асқақ боп сыр шертеді.
Фаризаның әдебиет әлеміне келер жолдағы алғашқы «тәрбиешілері» анасының аузынан естіген ертегі, жыр, аңыздар мен мақал – мәтелдер, жұмбақтар және өзі оқыған қазақ халық әдебиетінің туындылары. Міне осылар ақынды әдебиет әлемінің есігін ашуға себепші болды.
2 топ . Ақынның шығармашылығы
Фаризаның 1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көріп жұртшылыққа кеңінен таныла бастады. Фаризаның жас оқырмандарға арналған өлең – жырлары да аса мол, тым тартымды.
Ақын апамыздың әдебиет айдынындағы жаңашыл туындылары- «Дауа», «Алғашқы сабақ».“Дауа” кітабының негізгі мазмұндық идеясы – жастарға шығармашылық жол, яғни, соның ішінде, өзіндік ойымен өлең шығару дарындылығын пайдалану арқылы кез-келген жаман ниетті арам істерден арылуға болатындығының дәйектемесі. Ал «Алғашқы сабағы» 2 томдық кітап.
1 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың балғын бүлдіршіндерге арналған жинағына балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған тақпақтар, тәрбиелік мәнді өлеңдері енді.
2 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл кітабына халқымыздың мақал-мәтелдерін талдап, мағынасын түсіндірген шағын әңгімелері және ұлттық салт-дәстүрлеріміз жайлы балаларға пайдалы пікірлері енгізілген.
3. Топтастыру.
Қазақтың жарық Халық жазушысы Жыр сандуғашы
жұлдызы
Поэзия падишасы Сөз өнерінің сазгері
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Парламент мәжілісінің
депутаты
Бейнеролик «Ән – Фариза»
Топ басшылары сайланып, оларға бағалау парағы таратылады.
| № | Топтағы оқушылар тізімі | 5 | 4 | 3 | 2 | Ескерту |
Олай болса, бүгін біз Фаризаның «Оюлар» атты өлеңімен танысамыз.
Үнтаспада «Оюлар өлеңін тыңдау.
3. Әдеби үйірме
1. Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан, өз ойына сүйене отырып, өлең мазмұнын баяндайды.
Әр халықтың өзіне тән дәстүрі ұлттық мәдени мұрасында көрініс табады. Қазақтың қол өнері, оның дәстүрі ғасырдан – ғасырға өтіп біздің заманымызға жетіп отыр. Осындай халқымыздың асыл мұраларының бірі – ою. Ақын Фариза Оңғарсынова өзінің өлеңіне қазақ халқының ең құнды мұраларының бірін арқау еткен.
Біз «Оюлар» өлеңін оқи отырып, ата – бабаларымыздың жоғары ғұрыпты ғана емес, сонымен бірге эстетикалық тұрғыдан да жете дамыған халық екендігін аңғарамыз. Ақын өз өлеңінде өмір мен өнерді асқан шеберлікпен жырлай білгендігі жайлы айтылады.
2. Зерттеуші – оның міндеті өлең құрылысын талдайды.
Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау
Түрін-ай\ текеметтің!\Асыл қандай!
Үңілдім\ үнсіз ғана\ басымды алмай.
«Келе ғой,\ қошақаным,\ өзіме!» деп,
Әжем кеп\ сипағандай\ шашымнан жай.
4тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.
3. Сұрақтар құрастырушы – оның міндеті өлең мазмұны негізінде сұрақтар дайындайды.
Ақын өлеңінде қазақ халқының ұлттық өнері қалай сипатталған?
Өлеңнің өн бойында қандай сағыныш сезім көрініс тапқан?
т.б.
4. Сілтемелер табушы – оның міндеті сөздікпен жұмыс жасайды.
БАСҚҰР – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.
ЖЕЛБАУ – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.
ҚОШҚАРМҮЙІЗ – қазақтың ұлттық оюының бір түрі
ТАРАМЫСТЫ- арықтау.
5. Бейнелеуші – суретші –оның міндеті өлең негізінде сурет салады немесе ою қиып көрсетеді.
6. Дәнекер – оның міндеті сабақты бүгінгі күнмен байланыстыру.
Бүгінгі күнде де ұлттық қол өнердің баға жетпес байлық екендігі, киіз үйлерде, ұлттық киім үлгілерінде, үй жиһаздарында, көрпе – төсектерде, ұлттық аспаптарда көрініс табатындығы жайлы айтады.
Мұғалім сыныпты аралап, оқушыны қадағалайды, топтардың зерттеу жұмыстарына көмектеседі. Оқушылар зерттеу жұмыстарын аяқтаған соң, оқушылардың өзіндік жұмыстары тексеріліп, бағаланады, топ басшылары бағалау парағы бойынша есеп береді, сабақ қорытындыланады.
Сабақты қорыту:бейнеролик Ф.Оңғарсынова «Ескерткіш»
Үй тапсырмасын беру:
1. Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы өзіндік ізденіс жұмыстары
2. «Оюлар» өлеңін жаттау.
