Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Тараз қаласы

№ 47 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Досжанова Рахия Каюмовна

Сабақтың тақырыбы :Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып,әңгімелерінің, өлеңдерінің мазмұнын меңгерту, талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

Дамытушылық: оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, ақын тіліне деген көзқарасын білу;білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, табиғатты сүйе білуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушыларды «құндылық» сөзінің мәнін түсіне отырып Ыбырай шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды, биік мұраттарды тануға үйрету.

Сабақтың түрі:пікірсайыс

Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру, мәнерлеп оқу, пікірсайыс

Сабақтың көрнекілігі:суреттері, кітаптары, буклет, газет-журнал материалдары

Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, сыныпты 3 топқа бөлу.

1.Әдебиетшілер

2. Тілшілер

3. Тарихшылар

Сабақ барысы:

Ақын өмірі жайлы мәлімет

l Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.

l Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.

l 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.

l Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. “Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім”, – деп жазады ол белгілі шығыстанушы, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.

Қазақ хрестоматиясы

l Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі –оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын ,тақырыбы таныс әрі қызқты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы , Орынборда басылады.Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И.Н Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін,қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым»,-деп жазады.

l Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды,бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.

Әңгімелері

l Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің мазмұны адамгершілікке, кісілікке,талаптылыққа, өнерге,еңбекке оқу-білімге,достыққа т.б жақсы қасиеттерге шақырады. Жақсылыққа жақын болып,жамандықтан ада болуға үйретеді. «Қазақ хрестоматиясына» кірген шағын әңгімі-новеллаларының тақырыбын еңбек, тәрбие, өнер деп шартты түрде бөлуге болады.

l Әңгімелері: «Қыпшақ сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Әділдік», «Әке мен бала», «Ақымақ дос», « Жамандос,» « Таза бұлақ», «Әдеп», « Алтын айдар» т.б

Поэзия минуты

Ыбырай өлеңдері мен аудармаларынан үзінді оқу.

l “Кел, балалар, оқылық”

l “Өнер – білім бар жұрттар”

l “Балқожаның оқудағы баласына жазған хаты”

l “Бұл кім?”

l “Өзен”

l “Жаз”

l “Егіннің бастары”

l “Қайырымды түлкі”

Пікірсайыс сұрақтары

Әдебиетшілер Тілшілер Тарихшылар
1. «Ыбырай – қазақ балалар әдебиетінің атасы» дегенге қосыласың ба?

2. Ыбырайдың аудармашылық қызметі жайлы не білесің?

1. «Бағып – қағуда көп мағына бар» дегенді қалай түсінесің?

2.Асан мен Үсеннің болашағы жайлы не айтасың?

1. Ыбырай өміріндегі елеулі оқиғалар жайлы не білесің?

2. Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны қандай?

Сабақты қорытындылау:

Топтастыру

ыбырай

Кестені толтыр

Ақынның туған жылы Шығармалары Ақынның жақын адамдары Ерекше қасиеттері Зерттеулер

Оқушылар еңбегін бағалау.

Үйге тапсырма:

l Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы жайлы ізденіс жұмыстары.

l “Ұстаз – ұлы тұлға” тақырыбында ой – толғау немесе Ыбырайға арнап өлең шығару

С уважением,
Редакция 45minut.kz
45@45minut.kz

Ыбырай Алтын.ppt

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше