Желтоқсан желі-ызғарлы
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№64 мектебінің математика пәні мұғалімі
Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы
Тақырыбы: Желтоқсан желі – ызғарлы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Мақсаты:
1. Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру,оқушылардың дүниетанымын кеңейту . 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру.Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу
2. Желтоқсан оқиғасының 24 жылдығы жайлы, желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мағлұмат беріп, білімін арттыру.
Міндеті: Отанды сүюге, құрметтеуге , желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділетті-лікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
1. Желтоқсан окиғасы туралы түсінік.
2. Қайрат Рысқұлбековтың өмірінен қысқаша көрініс.
* Сабира Мұхамеджанқызы туралы көрініс:
* Тәуелсіздіктін келуі.
* Тәуелсіздік жайлы өлең жолдарын оқу.
Көрнекілігі: Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі- ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері, тақырыпқа байланысты қанатты сөздер, суреттер, оқулықтар, слайдтар
Мұғалім: Құрметті ұстаздар оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан желі -ызғарлы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.
Желтоқсан оқиғасы әрбір қазақ жас азаматының ойында, олай болса құрметті ұстаздар біздің оқушылардың осы желтоқсан оқиғасына байланысты дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Cүйініш: Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бар күнде,
Қайғыға халық батқан күн
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала еткен күн
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен
Қағалар билік алған күн.
Адал мен арсыз, аярды,
Айырып халық ұққан күн.
Саф алтындар бәз баяғы
Сары жез болып шыққан күн.
Сөйтіп, 17-нен, 18-не қараған түні алаң айнала қоршауға алынды. Осында жүрген көп жастарды қамауға ала бастады.
Сондағы құрбандарымыздың бірі, Қайрат Рысқұлбековтың түрмедегі өмірінен үзіпді алайық:
КӨРІНІС
Рөлдерде:
Қайырлаева Ақерке – тергеуші
Есенгелдиев Саят – милиция
Қайырмағамбетов Мақсат – милиция
Байзақов Байтұрсын – Қайрат рөлінде
Айыпталушы Қайрат Рысқұлбековты тергеуге шакырады:
Ендеше сот отырысын бастайық!
(Қайратты қарауыл әкеліп отырғызады)
Хатшы: – Тыңдаңыздар, сот келе жатыр!
– Отырыңыздар!
Сот: 1 рет балғамен үстелді тарс еткізеді.
– «Сот отырысын ашық деп жариялаймын». Сот отырысы Алматы Архитектуралық құрылыс институтының студенті Қайрат Рұсқұлбековтың үстінен түскен шағымды қарауды бастайды.
Қайрат Рұсқұлбеков :
1. Алматыға әдейілеп келіп, қылмыскерлермен бірігіп өзі қатарлы студенттерді үгіттеп, Үкіметтің лауазымын төмендетуге, тіл тигізуге әдейілеп дайындалған.
2. Алаңға қаруланып келіп жасақтарға қарсы шығып, офицердің денесіне әдейілеп қару сұғып жарақаттаған. Осы істерін мойындамағаны үшін тергеуге алынған.
Сот: – Сөз кезегі тергеушіге беріледі.
Тергеуші: Құрметті үкім шығарушы сот. Бүгінгі сот отырысында қаралатын мәселе өте ауыр қылмыскер туралы болып отыр. Бұл Рұсқұлбеков барып тұрған бұзақы. Оны Алматы Құрылыс институтынан қуып, қатаң жазалауыңызды сұраймын. Оның Алматыға әдейілеп келіп, өзі сияқты қылмыскерлермен бірігіп, өзі қатарлы студенттерді үгіттеп, үкіметіміздің лауазымын төмендетіп, тіл тигізгені және алаңға қаруланып келіп жасаққа қарсы шығып, балағаттап офицердің денесіне әдейілеп қару сұғып оны ауыр жарақаттағанын тексеріп растай отырып, сізден мәртебелім лайықты үкім шығаруыңызды сұраймын! Сөзімді аяқтаймын!
Сот: – Сөз кезегі қорғаушыға беріледі.
Қорғаушы: – Рахмет мәртебелі сот төрағасы.
Менің айыпталушы туралы айтарым бар. Рысқұлбековтың Алматы құрылыс институтының студенті екені рас. Бірақ оның бұзақылармен байланысы туралы мәлімет жоқ мырзам. 16 желтоқсан күні Рұсқұлбеков қатардағы студенттермен бірге институтқа оқуға барған, оқудан шығып олар көшедегі тобырға кездесіп қалған. Офицердің жарақатталуына оның қатысы жоқ көрінеді.
Тергеуші: Сот төрағасы мына қорғаушы да соның сөзін сөйлеп тұр. Бұл қылмыскер оны да өзінің айтқанына көндіріп алған. Оны тыңдамауыңызды сұраймын! Сот балғаны тарс еткізіп: – Қорғаушы мырза сіз тек шындықты ғана айтқызыңыз оған!
Сот : Сөз тергеушіге беріледі.
Тергеуші: Ия төрағам, Рұсқұловтың жатаханадағы бөлмесінен түрлі хаттар мен арнау өлеңдер деймесенімсіз айғақтар тауып алынды. Бұл оның бұзақылық жолмен айналысқанын дәлелдейді. Оқып берсем «Отаныма», «еліме» дей ме әйтеуір шимай шатақ бірдеңе. Мен болдым.
Сот: – Сот отырысы екі жақтың да дәлелін тыңдап болды.
Тергеушіге сөз беріледі.
Тергеуші: Құрметті төраға. Тергеу үстінде айыпталушы туралы жинақталған деректер мен айғақтар сізге тізіліп берілді. Ол өзінің істеген істерін мойындамай отыр. Соған байланысты оған қатаң
жаза қолдануыңызды сұраймын. Мен сөзімді аяқтаймын.
Сот: – Қорытынды сөз қорғаушыға беріледі.
Қорғаушы: Төраға мырза бұл Рұсқұлбековтың айтып отырғаны шындық. Мен сөзімді аяқтаймын.
Сот: – «Айыпталушы» – Рұсқұлбеков саған соңғы сұрақ. Осы істегендеріңді мойындайсың ба? Ақтық сөзіңді айт!
Қайрат: Кінәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Атам десең атыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Сот үкімді шығарады : Сот отырысы азамат Рұсқұлбековке тергеу ісінің барлық жазаларына сай ату жазасына үкім шығарды. Үкім кесілді. Сот отырысын жабық деп жариялаймын!
Тарихшы: Кейін КСРО жоғарғы Кеңесінің Президумы оған кешірім жасап, ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айырумен
алмастырды. Қазақ елінің кезекті 21-ші басшысының зобалаңына ұшырап, 21 жасында тұтқындалып, 21 күн нақақтан шырылдап,
Семей түрмесінің 21 камерасында 1988 жылы 21 мамыр күні
қапылыста дүниеден өткен Қайрат 21 ақпан 1992 жылы ақталды. Мұғалім: Қайратқа өлім жазасы кесілді. Кеш те болса , Қайратқа кешірім жасалып, 1988 жылы сәуірдің 23-күні ату жазасын 25 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Бірақ белгісіз себептермен Қайрат 1988ж. мамыр айының 21-күні Семей қаласының түрмесінде қаза болады.
Сабира Мұхамеджанқызы туралы көрініс:
Ұстаздар бөлмесі. Сабираны жиналысқа салуда. Ұстаздар отыр, алдында Сабира т.б. оқушылар. Орындықтың біреуінде Сабираның анасы.
Ұстаз: қызыңыз көргенсіз, тентек. Ол не жасағанын білесіз бе? Кеше қызыңыз алаңға шығып шеру ұйымдастырған .Енді қызыңыз үшін осылардың бәрі оқу орнынан шығарылады.
Сабираның анасы: мүмкін емес, қызым ондайға бармайды.
Сабира: — Жоқ! Бәріне кінәлі менмін. Жазаласаңдар мені жазалаңдар. Бұлардың еш жазығы жоқ. Оларды мен алаңға үгіттеп апардым. Бұларды оқу орнынан қумаңдар. Шеруді де мен ұйымдастырғанмын.
Анасы: — О, не дегенің, қызым –ау! Ең болмаса анаңды аясаңшы! (Сабира жылап бөлмеден сыртқа қарай жүгіре жөнеледі)
Жүргізуші: — Иә, Желтоқсанда жанын шүберекке түйген Сабирадай батыр қыздың ақтық сөзі бүкіл елге аңыз болып тарап кетті…
Ал, баласын жоқтап, зар жылаған аналар ше…
Жолдыбаева Гүлсая
Қайрат Рысқулбековты анасының жоқтауы:
Желтоқсаннның шыдадың
Толғағына, қарағым.
Арман, арман, арман көп…
Айтылар теңеу қалған жоқ
Қысқа ғұмыр сүрсең де,
Таң қалдырған қарағым!
Алатауға абиыр,
Алып берген қарағым!
Ерлік жолын халқыңа
Салып берген қарағым!
Қазағың, Қайрат, ел болар
Алты алаш басы бірігіп,
Қайтейін, балам, ғаріп боп,
Жатқан жерін жарық боп,
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,
Тәубе, тәубе, тәубе етем!
Тоқтамысова Алтынай
Ербол Сыпатаевты анасының жоқтауы:
Әлді-әлді, ақ көкем,
Жер бесікке жат көкем,
Аямаған қыршының,
Заман беті қатты екен.
Кімнен болды ажалың,
Кімнен болды азабың,
Езілген мына бауырымды
Қалай ғана жазамын,
Алтын баулы ақ сұнқар
Енді қайтып келер ме?!
Мәңгі шөккен қара нар,
Енді қайтып тұрар ма?!
Шейіт болған көкешім,
Басын маған бұрар ма?!
Жоқтау болды бар жырым,
Жоқтау болды бар әнім,
Осы болды тағдырың,
Елің іздеп жатқанда,
Тәубе деймін, қарағым,
Тәубе дәймін, қарағым!
Кеңесова Әсемай
Марқұм Ләззат Асанованы анасының жоқтауы:
Мынау неткен зар заман,
Жүректіге тар заман,
Сені өлтірген дұшпанға,
Зауал келсін алладан.
Асыл едін мыс болдың,
Қарағым көрген түс болдың,
Ізің жатыр, өзің жоқ,
Бейнең бар да, көзің жоқ.
Қайдасың, қайда, қарағым.
Сәбира Мұхаметжанованы анасының жоқтауы:
Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн
Қан жылатқан құрғыр күн
Медет болмай алладан,
Қызығымды жалмаған
Тұнжыраған тұлдыр күн,
Ақбілектей сүйрігім,
Алаштан озған жүйрігім,
Алтын діңгек қазығым,
Аққудай аппақ нәзігім
Сәбирам опат болған күн.
Ән «Желтоқсан желі» орындайтын Қайырмағамбетов Мақсат
Жансая:
Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдіғім,
Бостандықта байлығым мен ендігім
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім.
Қарсы қарап қатал мынау заманға,
Айналдық біз қайтпас қайсар қамалға,
Алды бүгін Тәуелсіздік тау тасым
Орман, көлім, өзендерім, далам да!
Таңым менің, қаным менің тәуелсіз,
Өткізбейік бізде бұл күнді әуенсіз!
Исламбек: Уа, айбынды тұғырлы елім, қазағым!
Толғандырды мені бүгін ғажап үн,
Ол бостандық тұлпарының дүбірі
Бұзып шыққан бодандықтың азабын!
Тәуелсіздік туын тіккен төріңе:
Аңсап ең ғой осы сәтін ғасырдың.
Енді міне, айта аларсың менмін деп,
«Қазақ » деген егеменді елмін деп
Гүлдариха : Тәуелсіздік – ата – бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам?
Махамбеттер, Жанша, Халел, Қайраттар
Әр кезде сен деп ерлік жасаған.
Мұзға жанған желтоқсанның алауы
Жарқылдаған ұл-қызының жанары
Мәншүк, Алия қорғап берген азат күн
Лязаттарды жалғастырды қарағым!
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады!
Бәріміз бірге «Менің Қазақстаным» – әнін шыркаймыз.
Әсемай: Қорғап қалған ұлан- байтақ даласын
Қорғап қалған ата-анасын, баласын.
Біз бүгінде әлемге аян қазақпыз
Тәуелсізбіз! Дербес елміз! Азатпыз!
-Біз қазақпыз, ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдып отқа кірген
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген!
Біз қазақпыз!
Қастерлеген баба салтын
Аман бол, айналайын, дана халқым
Күн туса атқа қонам бір сен үшін
Міне қаным, міне жаным, міне антым!
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен тағы да, шын жүректен құттықтаймын Нұрлы отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның бағы жанып, абыройы арта берсін. Хормен: Жасасын Қазақстан!
Тәуелсіздік Жасасын!
