Місrosoft Word мәтіндік редакторының мүмкіндіктері(п рактикум) 8-сынып

Павлодар облысы Ақсу қаласы
№1 қазақ орта мектебінің информатика
пәні мұғалімі
Досумбекова Сандигуль Габдулманаповна

Сабақтың тақырыбы: Місrosoft Word мәтіндік редакторының мүмкіндіктері(практикум) 8-сынып

Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Місrosoft Word мәтіндік редакторында мәтінді өңдеу, редакторлеу, форматтау сияқты құрал- саймандармен жұмыс жасап, білімдерін жинақтау, қорытындылау.
Дамытушылық : Мәтіндік, графиктік параметрлерін практикада сауатты пайдалануға үйрету, компьютерлік білімдерін өмірде пайдалануға баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларда жинақылық, ұқыптылық, топпен жұмыс істеу, дұрыс шешім қабылдау қасеттерін қалыптастыру.
Саба қ құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі(3мин)
2. Мұғалімнің сөзі(3мин)
3. Өткен тақырыпты қайталау, жүйелеу(7мин)
4. Газет шығару(25мин)
5. Қорытындылау, үй жұмысы
Сабақ барысы;
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз алдыңғы сабақтарда Місrosoft Word мәтіндік редакторымен танысып, мәтінмен әр түрлі жұмыстар жасаған болатынбыз, бүгінгі сабақ практикум. Әрбір мұғалім өз алдына сендерге сапалы білім беріп, осы білімдеріңді болашақта мамандық таңдауда тиімді пайдалана алса деген мақсат қояды. Заман талабына сай бізді қоршаған орта, күнделікті өмір өзгеруде, сондықтан да біздің де өзгеруіміз талап етіледі.
Басқа нарықта сияқты еңбек нарығында да міндетті түрде тауар болады. Ол аса маңызды қасиетке ие жұмыскерлердің білімі мен кәсіби біліктіліктері. Балашақта сендердің осы қасиеттеріңнен карьераларың, әлеуметтік жағдайларың байланысты болады. Жұмыс іздеудің технологиясының өзі бірнеше кезеңнен түрады: ол өткен сабақта дайындағандарыңдай резюме құрастыру, олады кадрлық агенттіктерге электрондық пошта арқылы жіберу, ал содан кейін бақтарың жанса сол компания пікірлесуге шақырады. Өткенде жасаған резюмелерді жіберіп, енді бүгін сендерге қуанышты жайтты айтпақпын. «Мектеп» баспасынан шақыру келді. Бірақ бұл баспа сендерді жұмысқа алмас бұрын тексерістерден өткізеді.
3. а) Місrosoft Word мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата; ә) Мәтіндік ақпаратты өңдеу, мәтіндік редактордың қолданылуы, қандай өбектілермен жұмыс жасайтыны жайлы ілімдеріңді тексеру үшін сұрақ- жауап; б) Тест тапсырмалары
4. Практикалық бөлімде мини газета шығару
Ол газет арқылы біз өз мектебімізге жарнама жасауымыз керек
5. РЕФЛЕКСИЯ
Бүгінгі сабақта нені үйрендің, өзіңе не алдың?
Бұл білімдердің келешекте қажеті бар ма?
Жұмыс барысында қандай қиыншылықтарға тап болдыңдар?
Үй жұмысы: 8-наурыз, 22-наурыз мерекелеріне мини- газета жасап келу.
Сертификат тапсырыс1.docx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше