Cандардың жуық мәндері. Сандарды дөңгелектеу.

Зырян қаласы

«№ 9 орта метебі» КММ

5 «А» сынып

Математика пәнінің мұғалімі:

Абенова Ардақ Ауелбековна

Тақырыбы: «Сандардың жуық мәндері. Сандарды дөңгелектеу»

Мақсаты:

Білімділік: сандарды белгілі бір разрядқа дейін дөңгелектеу ережесін пайдаланып, берілген санның жуық мәнін таба білуге үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: тақырыптың негізгі идеясын ашу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, танымдық дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа материалмен таныстыру

Көрнекілік: тірек сызбалар, үлестірме қағаздар, слайд т.б.

Әдістер: түсіндірме иллюстрация, көрнекі баяндау, сұрақ – жауап, проблемалық, психологиялық ауал т.б.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Сыныпты сабаққа дайындап, оқушыларды түгендеу.

2. Сабақ мақсатымен, табыс критериімен таныстыру.

– сандарды белгілі бір разрядқа дейін дөңгелектеу ережесін білу;

– Берілген санның жуық мәнін таба білу;

3. Оқушылардың көңіл күйін тексеру.

4. Жаңа материал,а дайындық

– Ондық бөлшек дегеніміз?

– Разрядтарды қайталау;

– Үлес дегеніміз?

– Өмірмен байланыс

5. Жаңа материал

· Жерден Айға дейінгі қашықтық 384400 км.

· Күннен жерге дейінгі қашықтық 149597900 км.

Санды дөңгелектегенде сан өзінің жуық мәніне ие болады. Жуық теңдік белгісі «≈»

Нүктелерді координаталық сәуледе кескіндеп көрсету.

Айдың радиусы 1738 км ондыққа дейін дөңгелектейік

1730 1738 1740

1738 ≈ 1740

• санды қандайда бір разрялқа дейін дөңгелектегенде одан кейінгі барлық цифрлар нөлдермен алмастырылады:

• Егер осы разрядтан кейінгі бірінші цифр 0,1,2,3,4 болса, онда қалған цифрлар өзгермейді.

• 9,3≈ 9 12,4≈ 12

• Егер осы разрядтан кейінгі бірінші цифр 5,6,7,8,9 болса, онда оның алдында тұрған цифрға 1- ді қосамыз.

• 5,6≈ 6 9,8≈10

· Бүтінге дейін дөңгелектеу

16,1 ≈ 16

16,2 ≈ 16

16,4 ≈ 16

16,5 ≈ 17

16,6 ≈ 17

…

16,9 ≈ 17

· Ондық үлеске дейін дөңгелектеу

8,35 ≈ 8,4 8,37 ≈ 8,4 8,39 ≈ 8,4

· Жүздіктерге дейін дөңгелектеу

26375 ≈ 26400

· Мыңдықтарға дейін дөңгелектеу

26375 ≈ 26000

· Ондық үлеске дейін дөңгелектеу

16,971 ≈ 17

· Жүздік үлеске дейін дөңгелектеу

0,896 ≈ 0,90

· Мыңдық үлеске дейін дөңгелектеу

1,4204 ≈ 1,420

6. Бекіту. Есептер шығару. Жұппен жұмыс

№ 1183 № 1184 № 1185

7. Сергіту сәті. «Айгөлек»

8. Үйге тапсырма: № 1184 -1185, № 1186, №1204 (С тобының есебі)

9. Қорытындылау.

10. Логикалық есептер шығару

11. Оқушылар білімін бағалау.

сандарды жуықтау 5 сынып.pptx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше