Oндық бөлшек тарауын қайталау

Зырян қаласы

«№ 9 орта мектебі » КММ

5 «А» сынып

Математика пәнінің мұғалімі:

Абенова Ардақ Ауелбековна.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Өткен тақырыптарды қайталау; ондық бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін пысықтау; координаталық сәуледе берілген нүктені табу ережесі, тарау туралы оқушылардың

түсініктерін нығайтып бекіту ;

Дамытушылық – Оқушылардың логикалық ойлау ,есте сақтау және суреттермен, топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік – Жұмыстағы ұқыптылыққа , жауапкершілікке, нақтылыққа, уақытты сезінуге, көпшілікпен жұмыс жасауға тәрбиелеу ;

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Сабақтың типі: білімділік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы

Әдіс – тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау технологиясынегізінде диалогтік оқыту әдісі, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, шеңбер бойымен қозғалыс, ыстық орындық, өрмекші торы, жұптасу, өзіндік бағалау т.б..

Көрнекіліктер: компьютер арқылы ғаламтордың «Е- кітапханасы», түрлі-түсті қалам, АКТ, интербелсенді тақта, кластерлер, үлестірме қағаздар, бағалау парақшасы. т.б.

С а б а қ б а р ы с ы :

1. Ұйымдастыру. Сыныпты сабаққа дайындап, оқушыларды түгендеу.

2. Сабақ мақсатымен таныстыра, психологиялық ахуал тудыру. ( Кішкентай кездеріңде сендерді есімдерің бойынша қалай еркелетті)

3. Топқа бөлу. Тіктөртбұрыш фигураларды оқушыларға тарату, екінші жағында 1,2,3,4 сандары жасырынған. Әр санға байланысты төрт топ пайда болады.

Әр топқа бір минут ішінде топтың атын, ұранын анықтап, таныстыру.

«Қырандар», «Жас математиктер – 1», «Жас математиктер – 2» «Білімділер»

4. Үй жұмысын тексеру. «Ондық бөлшек» тарауы бойынша не үйрендің?» тақырыбында кластер құру, топпен қорғау.

№ 1 № 2

№ 3 № 4

Бағалау:« » әр топ қарсылас топтарын бағалайды, себебін түсіндіреді.

5. Топпен жұмыс: Әр топқа теориялық білімдерін тексеру мақсатында тапсырмалар беріледі.

І топ: «Ыстық орындық»

ІІ топ: «Өрмекші торын» құру;

ІІІ топ: «шеңбер бойымен қозғалыс жасау»

ІV топ: жұптасу.

Бағалау: «Басбармақ» әдісімен өзін – өзі бағалау.

6. Практикалық тапсырма. «Эстофета» топ бойынша кезекпен есептер шығару

1) 2,5+0,7=…-2.3=…*0.12=… :3 =…+14.01=… -2.521=
3.2 0.9 0,108 0,036 14.046 11.525

2) 6.5+0.3=…-3.13=.. *0.2=… :0,5=…+13.01=… – 4.024=
6.8 3.67 0,734 1.468 14.478 10.454

7. Әр топқа:

· Салыстыру;

· Дөңгелектеу;

· Амалда орындау.

І. Салыстыр:

1) 2,35 3,1

2) 7,01 2,9

3) 3,5 3,60

4) 37,506 37,5045

5) 1,035 1,0305

ІІ. Сандарды дөңгелектеу

1) Бүтінге дейін: 18,39 0,98

2) Ондық үлеске дейін дөңгелекте: 4,19 2,53

3) Жүздік үлеске дейін дөңгелекте: 27,827 14,295

4) Мыңдық үлеске дейін дөңгелекте: 0,158 72 123,6593

5) Ондыққа дейін дөңгелекте: 5036 891147

ІІІ. Амалдарды орында

1) 0, 467 *2, 4;
2) 11, 07 *0, 63;
3)29, 1* 4, 5 ;
4) 1, 285 *4, 9;
5) 10, 2* 0, 055;

8. Сергіту сәті: «бейне фильм» жаттығуын жасау

9. Бекіту. (Алдын ала әр оқушыға әртүрлі түстер бойынша стикерлер таратылып берілген).

Көк: ғаламтордан тест орындау;

Жасыл: «Егер мен …». «Егер мен ондық бөлшекті жақсы менгерсем …(«5» аламын), екінші оқушы: «Егер мен «5» алсам … » т.б.

Сары: тест орындау, жауабы слайдпен тексеріледі.

Тест жұмысы
1. Қосуды орында: 5,2+13,058=
А) 63,060 Ә) 18,060 Б) 18,258

2. Азайтуды орында: 3-2,66=
А) 2,63 Ә) 0,34 Б) 2,36

3.Көбейтуді орында: 3,2 * 4=
А)128 Ә) 1,28 Б) 12,8

4. Бөлуді орында: 0,84 : 7 =
А) 0,12 Ә) 12 Б) 1,2

Қызыл: «семантикалық карта»

10.Оқулықпен жұмыс: № 1237 (әр топтан бір оқушы тақтада есептер шы,арады).

11.Оқушылар білімін бағалау парақшаларына қою

12.Үйге тапсырма: № 1238, № 1244

13. Рефлекция.

Смайликке үш деңгей бойынша суретін салып, «дана» ағашына жапсыру

Орташа Жақсы Өте жақсы

14. Марапаттау рәсімі. Сабақты қорытындылау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттап, бағалар қою.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – деп осымен сабағымызды аяқтаймыз.

ондық бөлшек.ppt

Один комментарий

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше