Cтатистикалық сипаттамалар

Зырян қаласы

«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ

Математика, 5 –сынып

Математика пәнінің мұғалімі

Абенова Ардақ Ауелбековна

Сабақтың тақырыбы: «Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы, медианасы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Статистикалық сипаттамалар түрлерін анықтай отырып, бірнеше санның арифметикалық ортасын, модасын, өзгерім ауқымын және медианасын табуды үйрену, есептер шығару арқылы логикалық оймен іске асыра білу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз беттерімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз білімдеріне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Сабақтың типі: жаңа материалмен таныстыру

Көрнекілігі: слайдттар, флипчарт, бағалау парақтары, магнит тақта, бөлік үлестер, таратпа қағаздар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Слайд-/1/

1. – Сәлемдесу, балаларды түгендеу, сыныпты сабаққа дайындау. Сабақтың табыс критериін анықтау:

1. Статистикалық сипаттамалар түрлерін анықтаймын;

2. Бірнеше санның арифметикалық ортасын, модасын, өзгерім ауқымын және медианасын табуды үйренемін.

2. «мазайка» ойыны арқылы оқушыларды топқа бөлемін.

3. Бүгінгі сабағымызда топ жетекшілері бағалау парағына оқушылардың жинаған ұпайларын қойып отырады. Дәптерлерін ашқызып, бүгінгі күнді жаздыру.

«Мен саған ризамын» атты тренинг. Әр топ жолдастарына жақсы тілектер тілейді. Әр оқушы өз тілектерін доп беру арқылы айтады.

1. Адамгершілік

2. Өмірге риза болу

3. Ұқыптылық

4. Кеңпейілділік

5. Ұйымшылдық

6. Қарапайымдылық

7. Сыпайылық

8. Төзімділік

9. Сабырлылық

10. Әділдік

11. Еңбекқорлық

12. Батылдық

13. Шыншылдық

14. Ашықтық

4. Әр топқа тапсырмалар беру:

1 топ: «Арифмеикалық орта»

2 топ: «өзгеріс ауқымы»

3 топ: «мода»

4 топ: «медиана»

Топ басшылары сайланып, тақырыптары бойынша кластер құрады да олар басқа топтарға өз тақырыптарын түсіндіреді. Өз тобына келгенде басқа топтың тақырыптарын топ мүшелері түсіндіріп береді. Әр топ жетекшілері өз тобының сұрағынан басқа топтың тақырыбын қорғайды. Қорғаған тақырыбы бойынша топ бағаланады да,(«Бағдаршам») түсіндіргені бойынша оқушы бағаланады. («Қандай мұғалім?»)

5. Өмірмен байланыс, мысалдар келтіру

6. Сергіту сәті «музыкалық би ырғағы»

7. Бекіту.а) «Кім жылдам?» №1210, №1211, № 1212, № 1213 қай топ бірінші шығарып, талдап береді. Әр топтан бір оқушы тақтада орындайды.

Ә) Деңгейлік есептер шешу: Қосымша жұмыс дәптерінен орындау

1- деңгей А тобы

2- деңгей В тобы

3- деңгей С тобы

б) «Ойлайық кім ойшыл?» /Шығармашылық жұмыс/

5 – сынып оқушыларының 100 м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі берілген. Сол кесте бойынша сұрақ құрып, есепті шеш. Топпен жұмыс

№ Оқушылардың аты Жүгірген уақыты (секунд есебімен)
1 Назерке 14,1
2 Рашид 15
3 Естай 15,5
4 Сабина 12,3
5 Жақсылық 15,8
6 Алида 16,3
7 Аида 12,3
8 Камилла 11,5
9 Меруерт 12,5
10 Камилла 13
11 Әлішер 10,9
12 Диас 10,2
13 Данияр 14
14 Әлішер 13
15 Диас 15
16 Аяулым 14,2
17 Азиз 11,5
18 Мадияр 12
19 Мұхамедәли 13,6
20 Алина 12
21 Гүлжаз 16
22 Сайлаубек 14,8
23 Темірлан 15,8
24

1. , , .

2. Арайда бір бүтін, екі жарты, 4 ширек алма болды. Барлығы неше алма?

3. Координатасын тап:

5-ші бөлім. Графикалық тест. /Флипчарт/ /Иә-▲, жоқ-■/

  1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.

2. бөлшектері қысқармайтын бөлшектер.

3. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады

4. 20 минут сағаттың 1/3 бөлігі

5. Бұрыс бөлек координаталық сәуледе 1 санының сол жағында орналасады

6. Бұрыс бөлшектің алымы бөлімінен үлкен

7. бөлшегі бұрыс бөлшек

8. Дұрыс бөлшек 1- ден кіші

  1. бөлшегі координаталық сәуледе бөлшегінің оң жағында орналасады

10. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болмайды

Графикалық тесттің жауабы ▲■■▲■▲▲▲■■ /10- Флипчарт/

ІV. Қорытынды /Флипчарт/ Жай бөлшектер туралы алған білімдерімізді жинақтап, ортаға салайық

Статистикалық сипаттамалар

V. Бағалау /жинаған ұпайлары бойынша бағаланады/

VІ. Үйге тапсырма № 1220, № 1224, №1229 /слайд/

статистикалық сипаттама 5 сынып.pptx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше