Информатика сабағында оқушылардын шығармашылық қабілеттерін дамытудағы деңгейлік тапсырмалар дын маңызы. Баяндама
Батыс-Қазақстан облысы Жаңақала ауылы
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі
Джумагильдина Гульнар Сембайқызы
информатика пәнінің мұғалімі
Қазіргі оқу процесін ұйымдастыру, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ой мен ойлау тәсілдеріне үйрету, талдау жасау, салыстыру, байқау мүмкіндіктеріне баулу және содан қорытынды шағаруға үйретуге бағытталған. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренуі. Сол үшін оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек.
Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы қажет. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, оқушыларды шығармашылыққа іздеуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперементтік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.
