Б.Ердембеков. Ақын шәкірттердің тарихи шығармас ы
ШҚО Семей қаласы №38 жалпы орта білім беретін КММ
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Токенова А.Б.
Семей қалалық ерікті тілші Жакенова Жансая
Сабақтың тақырыбы: Б.Ердембеков. Ақын шәкірттердің тарихи шығармасы.
Сабақтың мақсаты: Бауыржан Ердембеков туралы түсінікберу.
1.Білімділік: Оқушылардың еске түсіру, ойлау қабілеттерін арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.
3.Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған қағаз, көркем әдебиеттер, бүктемелер, рефераттар, бейнелі суреттер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың формалары: топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.
Сабақтың типтері:үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
М. Әуезов. «Бөжейдің ауылы»
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық:
1.Сабақтың тақырыбын айту.
2. Сабақ мақсатын түсіндіру.
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. М. Әуезов 1950жылы «Абай шәкірттері туралы» атты әдеби зерттеу мақаласын жазып, ақындардың шығармаларына талдау жасап, өмір тарихтары жөнінде мағлұмат берген болатын.
Оқушыларға Абайдың шәкірттері туралы кестені толтырту.
| Абайдың шәкірттері |
2. Оқушыларды топқа бөлу.(өз топтарың жайлы не білесіңдер? Қысқаша мәлімет айтып беріңдер)
А) Қарауыл ауылы
Ә) Жарма ауылы
Б) Шар қаласы
3. Оқушыларға ақындар жайлы түсінік беру. 1974 жылы Шар қаласында
Бауыржан Ердембеков филология ғылымының докторы, Абайдың ақындық ортасын зерттеуші. 1974 жылы Шар қаласында өмірге келген. 1991 жылы мектепті бітіріп, Семей қаласында Жоғары оқу орнына түсті. Оқу орнын тәмамдаған соң білімін ары қарай ұштап аспирантура одан кейін жас ғалым ретінде кандидатты ғылыми атағын қорғады. Ғылыми жұмысы Әріп Тәңірбергеновтың әдеби мұрасы еңбегін сәтті қорғап, филология ғылымының докторы атағын алды. Қазір өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында қызмет атқаруда.
Әріп Тәңірбергенұлы аса талапты ақындардың бірі. Бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданында 1856 жылы дүниеге келген. Ақынның ата-бабалары тарихта белгілі шешен, атақты ақын болған. Байғарадан Ақтайлақ бастаған он жеті ақынға шыққан. Сондықтан да, Әріптің ақындық өнеріне әсер еткен өскен ортасы, Байғара бастаған ақындар мектебі болды. Ауызша мәліметтерге қарағанда, болашақ ақын 11-12 жасынан бастап, ауыл ауыл мектебінде сауатын ашқан соң, ары қарай білім алуды арман етті.
Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы- ауқатты, тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жіберді. Әуелі ол Ғабул-Жаппардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқыды.
4. Оқушыларға мәліметтер таратылады.
І. Топ. Сұрақ және жоспар құрайды.
ІІ. Топ. Мазмұнын пайымдау.
ІІІ. Топ. Мәтін бойынша слайд жасайды.
V. сергіту сәті.
VІ. Қорытындылау.
І топ Абай ауданы
ІІ топ Жарма ауданы
ІІІ топ Шар қаласы
VІ. Кесте таратылады.
| Нені білдің? | Нені білгің келеді? |
