Тақырыбы: «Күз мезгілі »

Қабақова Қарлыға Аманжолқызы

Мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі.

«Ботақан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық.

Бөлімі: Тіл дамыту

Кіріктірілген іс-әрекет:

Тақырыбы: «Күз мезгілі »

Мақсаты: Балалардың ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге, әңгіме құрастыруға,заттың түр – түсін және де басқа ерекшеліктерін айта білуге үйрету.

БМ: Күз мезгілі туралы білімдерін тианақтау, бекіту.

ДМ: ой- өрісін қимыл- қозғалысын дамыту.

ТМ: табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу.

Билингвалдық компанент: жыл құстары- перелетные птицы, қыстап қалатын құстар- зимующие птицы.

Қолданылатын көрнекіліктер: бейне – сюжет(күз мезгілінің көріністері),қиылған жапырақтар,бұлттар,тамшылар,бақша,бақ сахнасы,көкөністер, жемістер муляжі,құстар суреттері,екі құрсау,үнтаспа.

Методикалық әдісі: көрсету, әңгімелеу,сұрақ- жауап, әңгіме құрастыру, жұмбақ жасыру, сипаттау.

Әркеттің

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әркеті
Ұйымдастырушылық Қане қарап тұрмайық

Шаттық шеңбер құрайық

Келіңдер балалар, келіңдер

Шеңберге тұрайық

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін ерекше күн себебін қалай ойлайсыңдар?

Ендеше күндей жадырап,бүгінгі күнімізді бастайық

Шұғылалы күнмен амандасып алайық

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

Балалар әдемі киінген

Топтың ішіде әдемі……

Күлімдеп күн бүгін , қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін, қарады саған да.

Шуағын төгіп нұр, Сәлем күн анаға!

Сәлеметсіздер апайлар!!!

Іздену

Ұйымдастыру

Жарайсыңдар балалар!

Кіріспе сұрақтар қою:

-Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

-Жыл мезгілдерін атаңдаршы

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын атаңдаршы.

Мен сендерге өлеңнен үзінді оқимын,ал сендер мұқиат тыңдап,қай жыл мезгілі екенін табыңдар:

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал,терек

Жапырағын жұлғызып.

Дұрыс айтасыңдар,әрине бұл –күз

Балалар барлығымыз көгілдірэкранға назар аударайық.

(Күз мезгілінің 3 кезеңі жайлы бейне-сюжет көрсету).

-Не көріп тұрсыңдар?

Күз мезгілі 3 кезеңнен тұрады: Ерте күз,Алтын күз, Қоңыр күз.Әрбір кезеңге тоқталып өту.

Күз туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Үнтаспадан желдің гуілдеген үні естіледі.

Мұқиат тыңдаңдаршы,балалар бұл ненің үні?

Жел соғып бізге әдемі жапырақтар шашып кетіпті.Бұл жапырақтар жай жапырақтар емес,сиқырлы жапырақтар артында әдемі суреттер салынған екен.Мен сендерге жапырақтарды таратайын,ал сендер жапырақтарда не салынғанын айтып беріңдер.

(1-жапырақт – күн мен бұлттың суреті, 2-жапырақта-жаңбырдың суреті, 3 – жапырақта – ағаш сары жапырақтармен, кейбір жапырақтары жерге түскен,

4-жапырақта –ұшып бара жатқан құстардың суреті)

(Алдын ала тақтаға ватманға салынған, аяқталмаған сурет ілінеді)

Үстелдің үстінде қағаздан қиылған бұлт, жапырақтар, тамшылар,құстардың суреттері жатыр.

1-жапырақтағы сурет Қазір бір бла жапырақта салынған суретті айтады:(күн бұлттанды),ал екінші бала үстелдегі бұлтты алып,тақтада ілініп тұрған суреттегі күннің жанына бұлтты жапсырады.

2-жапырақтғы сурет-жаңбыр (жаңбыр жауды),келесі бала бұлттың астына тамшыларды жапсырады.

3- жапырақтағы сурет- ағаш сары жапырақтарымен, кейбір жапырақтар жерде жатыр (жапырақтар сарғайып, жерге түсті ), келесі бала тақтадағы салынып тұрған ағашқа сары жапырақтар жапсырады.

4-жапырақтаға сурет-ұшып бара жатқан құстар суреті (құстар ұшып барады) келесі бала құстардың суретін жапсырады.

Балалар, қараңдаршы , сендер қандай әдемі мазмұнды сурет құрастырдыңдар, енді осы суретке қарап әңгіме әңгіме құрастырыңдар.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру:

Күз келді. Күн бұлттанып , жаңбыр жауды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсті. Құстар жылы жақтарға ұшып кетті.

Балалар күз мезгілі –ең бай мезгіл, күздің берер сыйы көп. Күз мезгілінде астық ,көкөністер мен жемістер піседі.

-Қандай көкөністерді білесіңдер?

-Көкөністер қайда өседі?

-Қандай жемістерді білесіңдер?

-Жемістер қайда өседі?

-Көкөністерді,жемістерді өсіріп,күтіп баптайтың кім?

Музыка әуенімен қонаққа Бағбан келеді.

Балалармен амандасады.

Бағбан балаларға жұмбақ жасырады:

-Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

-Қабат қабат тоны бар,

Кішкентай ғана бойы бар.

Бағбан: Балалар менің себетімдегі көкөністер мен жемістерді ажыратып беріңдерші. Көкөністерді бақшаға апарыңдар,ал жемістерді баққа апарыңдар.

«Көкөністер мен жемістерді ажырат»

Сергіту сәті:

Қатты -қатты жел соқты: гу- гу- гу,

Жапырақтар қол соқты : ду- ду- ду,

Шыдай алмай жапырақтар: пах- пах- пах,

Билеп кетті қалықтап: ах- ах- ах,

Үнтаспадан құстардың үні естіледі

Балалар, тыңдаңдаршы бұл ненің үні?

Сұрақтар қою:

-Балалар қандай құстарды білесіңдер?

-Күз мезгілінде құстар қайда ұшып кетеді?

Ойын : «Құстар»

(Алдын ала екі шеңберді дайындап қоямыз, жасыл және көк шеңбер)

Үстел үстінде қыстап қалатын құстар мен жыл құстарының суреттері қойылған, әрбір бала кезекпен бір құстың суретін алып, ол құстың атын және қандай құс екенін атап, егер жыл құсы болса- жасыл шеңберге, ал қыстап қалатын құс болса,көк шеңберге қояды.

Жылдың төрт мезгілі бар.

Қыс, көктем, жаз, күз.

Жылдың күз мезгілі

Үш ай: Қыркүйек, қазан, қараша.

Күз мезгілі

Балалар теледидарға назар аударады.

Балалар күз туралы тақпақтар айтады.

Күзде жауын Бұлт Тұман.

Сары жапырақ жауады

Сары құйын ұйытқан

Сапырады ауаны.

Ой,алақай,тамаша

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді домалап.

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен

Енді сары бояумен

Күз суретін салам мен.

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Қойыны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі,

Қандай өзі береген

Жемісі көп не деген.

Балалар тапсырмаларды орындайды.

Балалар сөйлем құрастырады.

Қырыққабат, қызанақ, қиар, сәбіз т.б.

Алма, алмұрт, шие, т.б.

Пиаз

Қырыққабат

Балалар Бағбанның себетіндегі көкөністер мен жемістерді кезекпеналып, -сипаттап, бақшаға- көкөністерді, баққа- жемістерді орналастырады.

Жетекші

жөндеуші

Сұрақ- жауап арқылы балалардың білімдерін тианақтау. Қане балалар, қонақтарға бәріміз «Жау жаңбыр» әнін айтып берейік.

Балалар оқу іс- әрекетінде естерінде қалғандарын немесе өздеріне ұнағандарын айтып өздерінің көңіл күйлерін білдіріп аяқтайды.

Барлығы бірге орындайды.

Түсінігі бар: Күз мезгілі жайлы түсініктері бар.

Біледі: Күз мезгілінің ерекшеліктерін біледі.

Орындай алады: берілген тапсырмаларды орындай алады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше