Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытуды ң элементтерін қолдану

Зырян қаласындағы №8 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Каирканова Райхан Уалхановна

Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану.

Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі баршамызға белгілі. Бұл іс біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, базистік оқу жоспары, тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мемлекеттік білім стандарттарына сай жалпы білім беретін мектептің үш сатысында да міндетті пән деп саналады. Әр саты бойынша даярланған оқу бағдарламаларында қазақ тілінен берілетін білім мазмұны мына ұстанымдар негізінде құрастырылған.

1. Тақырыптық ұстаным. Бұл жерде қазақ тілін практикалық бағытта оқыту көзделеді. Барлық грамматикалық формалар сөйлеу моделі арқылы диалогтік, монологтік сөйлеу түрінде лексикалық тақырыптар арқылы практикалық жолмен меңгеріледі.

2. Жүйелілік ұстаным. Дидактикалық ұстаным бойынша тілдік материалдар жүйелілік ұстанымға негізделе құрылып, жеңілден ауырға қарай күнделікті қарым – қатынас жасау мақсатында сөйлеу тіліне қарай іріктеліп беріледі.

3. Оқушының ана тілін негізге алу. Бұл ұстанымда коммуникативтік қарым – қатынас жасауда баланың ана тіліндегі білім мен сөйлеу дәрежесі негізге алынады.

4. Функционалдық ұстаным. Бұл ұстаным бойынша қазақ тілін функционалдық дәрежеде меңгеруде қандай грамматикалық формаларды меңгеруге болады деген мәселе ескеріледі.

Осы ұстанымдарды тірек ете отырып, бағдарламада оқушы сөйлеп үйрену үшін қандай грамматикалық формаларды меңгеруге, білуге тиіс және оған қажетті лексикалық, грамматикалық минимумдар жүйесін жасау, сөйлеу модельдерін беру, т.б. мәселелер ескеріліп, әр сыныпта оқылатын материалдар оқушының сөйлеу, ойлау қабілеті мен тілін дамытуға бағытталады.

Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым – қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.

Коммуникативтік стратегияға кіретін моменттер:

Әңгімелесушінің зейін қойып тындауын қадағалау;

«Бәрі түсінікті» деген сигнал арқылы толық түсінуді қамтамасыз ету;

«Мен дұрыс түсіндім» сигналы арқылы әңгімелесушінің толық түсінігін қамтамасыз ету;

Сөз жетіспеушілігі мәселесін сөз тіркестері мен түсініктемелер, мимика, аудару, шамамен сөздер айырбастау арқылы шешу;

Грамматика жетіспеушілігінің мәселесін сөз құрылымын қысқарту немесе ауыстыру, ана тілінің элементін фразалық құрылымын көшіру, қателерді елемеу арқылы шешу;

Қате кеткен жағдайда өзін – өзі түзеу;

Қарым – қатынастың тақырыбын өзгерту арқылы әңгімені қолдап отыру.

Коммуникативтік ойлау іс – әрекетіне дайын болатын когнитивтік компетенция коммуникативтік компетенцияның керекті компоненті болып табылады. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тіл – ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар:

Мәтінмен жұмыста;

Мәселемен жұмыста;

Ойындық есеп жұмысында.

Ойлау – сөйлеуді керек ететін кез келген үш компонент өзара байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері.

Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.

Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну.

Коммуникативтік оқыту:

ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.

Жоғарғы сөйлемде айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым – қатынас жасаушылардың бір – бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.

Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру – өмір талабы. Осыған сәйкес елімізде жаңа сипаттағы мектептер саны көбеюде. Сол сияқты Рудный қаласының № 1 орта мектебі «Дарын » атты РҒП Орталығының эксперименттік алаңы болып табылады. Мектептің тақырыбы: «Оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мектепте оқу процесі орыс тілінде жүргізіледі. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Қазақ тілі мұғалімнің негізгі міндетті – қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өту мақсатында тәжірибемде коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамын. Бұл технология бойынша мен 7 жылдай жұмыс істеп, осы күрделі технологияның қыр – сырын ашқанда Пассовтың еңбегімен таныстым.

Ең біріншіден, жаңа білім стандарттарын оқып шығып, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеуді жөн көрдім:

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде сөйлемдерді қолданып сұхбат жүзгізу.

Мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу.

Оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.

Синтаксистік сөйлемдерді құрастыра білу.

Оқушылардың сөздік қорын байыту.

Ал бұлардың бәрін іс жүзінде қолдану үшін сабақтың әр түрлерін қолданып оқытамын. Сабақ түрлерін қолдана отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана берген біліміміз тиянақты болады. Оларды тәжірибемде қолдана отырып оқушылардың бойында өзгерістер болатынын көремін.

Сабаққа дайындалған уақытта формаларды анықтап іріктеп аламын. Олар: топтық, ұжымдық, жеке, т.б. Содан соң қандай нәтиже беретінін әр түрлі іс – шаралардан көруге болады.

Бұл формалар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін сабақтарымда әр түрлі белсенді тапсырманы берген соң оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және бақылау жолдарын қарастырамын.

Менің ойымша пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесі мынадай құрамда болу керек:

Сөйлеу материалды, яғни сөйлеу, оны тыңдау, сөйлем құрастыру, аудару, оқу, жазу.

Тіл материалды (фонетика, лексика, грамматика). Осы материал үш бағытқа бөлінеді:

1. Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тілді тез игеру.

2. Фонетикалық бағыт – дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Өз сыныптарымда мен қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап, бір дыбысқа тиянақтап тоқталамын, басқа дыбыстардың қателерін түзетпеймін. Мысалы: Ә дыбысын алатын болсақ, бұл дыбыспен 1 аптадай жұмыс істеймін, жаттығулар арқылы 1-күн – ереже, 2-күн – буындап айту, 3-күн – әріп диктант арқылы тексеремін.

3. Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру.

Этномәдениет материалдары (тіл мәдениетті, ұлттық ойындар, тағамдар, ән-күй, үй жабдықтары). Бұл сыныптан тыс жұмыс түрлерін жүргізгенде және сабақта да жүзге асады. Мен мысал ретінде мұны сабақтың қай уақытында өткізуге болатынын айта кетейін (7, а,ә,б – кестелер).

Осы үш материал 1-11-сынып оқушыларының арасында,әрине жас ерекшеліктерін ескеріп және жеңілден ауырға принципі бойынша жүзеге асады.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзінің әдістемелік қорын толықтыру керек.Әрбір мұғалім ізденісте болуы қажет. Мен де іздену жолында осы технологияның элементтерін сабақта,яғни 8,9,10-сыныптарға енгіземін.Осы технология элементтерін қалай қолданамын?

Осыған орай Сент-Экзепюридің сөзін айта кеткім келеді: «Жер бетіндегі ең үлкен байлық-бұл қарым-қатынас байлығы».Шынымен де бізге бұл қатынас жеткіліксіз.Өйткені біз балалармен тек қана 45 минут кездесеміз,сұхбаттасамыз,ал сабақтан тыс олар мектепте,үйде,көшеде орыс тілінде сөйлейді.Сондықтан менің ең басты мақсатым-осы 45 минутты нәтижелі пайдалану. Бұл технология элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдай жасадым,балаларды бөлек отырғызып,жеке оқушымен жұмыс істеу мүмкіндігін туғыздым.Сонымен осы оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып,сабақта балалардың білімділігін,іскерлігін,адамгершілік,эстетикалық,патриоттық сезімін дамытамын.Ал нақтылап айтсам,салыстыру,жинақтау,талдау,нақтылау,жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен осы технология элементтерін пайдалану арқылы топпен,жеке,жұппен істеу арқылы үлкен жетістіктерге жетеміз.Осы жетістіктерді сабақтарымда және сыныптан тыс шаралардан көруге болады.Ал осы жүйе бойынша істей отырып,балалардың қандай дәрежеге жеткенін білу үшін «Оқушының жетістік парағын» істедім.Бұл парақтан оқушының білімі тоқсан бойы қалай өскені,қандай дәрежеде екені айқын көрінеді.Салыстыру үшін 9-сыныптарын алып,диктант пен монологтің нәтижесін көреміз. Биылғы жетістіктеріміз ортадан жоғары деңгейде екені күмәнсіз.Бірте-бірте осындай аз да болса жетістіктер арқылы мен басты мақсатыма жетемін деп ойлаймын.Осы технология элементтерін қолдану арқылы қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретіге балатынына көзім жетіп жүр.

Коммуникативтік оқыту қазақ тілінің даму барысында 4 тілдік әрекетке негізделеді:яғни оқу,жазу,тыңдау,сөйлеу,олар ауызша да, жазбаша да дамиды.

Қорыта келе, коммуникативтік оқыту арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері,танымдық процестері дамып,сөздік қоры молаяды,оқытуда жағымды әрекет қалыптасады.Бұның бәрі дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы,есі мен қабылдауы,зейіні дамып қалыптасады.Танымдық қабілеттер,танымдық процестер әрбір технология барысында дамиды.Ал қажеттілікті қанағаттандыру әр түрлі әлеуметтік

Жағдайларда бағыт-бағдарды жоғалтпау,адамдардың эмоционалдық жағдайлары мен жеке тұлғаның ерекшеліктерін анықтау,олармен қарым-қатынастың теңбе-тең түрлерін таңдау,өзара іс-әрекет процесінде сол түрлерін іске асыру,зейіндерін қадағалау және айқындау,көпшілік алдындағы жағдайларда іс-қимылын білу,өзіне зейін аударту,психологиялық қатынас орнату,сөйлеу мәдениеті дамиды.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше