Дүниетану 3 сынып
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы,
Мақаншы ауылы«Мақаншы орта мектеп- бақша»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Байрбаева Лаура Бакаевна
Дүниетану
Тақырыбы: Адам-табиғат перзенті
Мақсаты мен міндеттері: табиғат, адамды қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.Табиғат тепе-теңдігін сақтау.Адамның табиғатқа әсері.
1.Білімділік: өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:Жылылық сезімін ояту
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: тірі, өлі табиғат суреттері, адам жасаған заттардың суреттері.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,түсіндіру
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Қоршаған орта
_____________________ _______________ ________________
Табиғат – ____________________________________________________
Табиғатқа қатысты сөздерді қорша:
үстелтерезежел
тау жануаройыншық
нан қарындаш ауа
жер көйлек өсімдік
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:Табиғат Адам Өсімдік
1. Суреттен не тірі және өлі табиғатқа жататын ажырат .
| Тірі табиғат | Өлі табиғат. |
| Адам қолынан жасалғат заттар | Табиғаттан адам не үйреніп жасады |
Сергіту сәті
Оқулық бойынша жұмыс 7-9 бет Мәтінді оқу, суреттері бойынша жұмыс жүргізу . Қорытынды жасау: Адам-табиғат перзенті.
3. Жаңа білімді бекіту:
.Суретте не жетіспейді? Жалғастыр:.
Сұрақтар бойынша жұмыс:
1. Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлеледе.
2. Адам табиғаттан нені үйрене
3. Бір күндегі істейтін іс-әрекерін әңгімеле. Табиғатқа қатысы бар ма?
4. Үйге тапсырма: 7-9 бет әңгімеле, сұрақтарға жауап бер.
Сабақ тақырыбы: Ағза мүшелері.
Сабақ мақсаты:
1. Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
2. Оқушының сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету.
3. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Болжау, өз пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ
Тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру. Оқушыларды термин сөздер мен түсініктермен таныстырады.
Тірек сөздерімен жұмыс. Тірек сөздерге түсінік беру. Тақтаға тақырыпқа байланысты тірек сөздер берілген.
бас, мойын, кеуде, қол, аяқ, ми, ағза.
Түсінудің біріншілік тексеруі
Оқушылардың бірін – бірі тестілеуі. Оқушылар өткен тақырып бойынша тестілер құрастырады және орынға отырғызу матрицасы арқылы сұралады. Өзге оқушының сайт номерін айту арқылы жүзеге асырылады. Бірін бірі тестілеу нәтижесі бойынша белгі қою ережесі:
1. Тестіні шешетін оқушы дұрыс жауабы үшін ООМ қосу белгісін алады.
2. Тестіні шешетін оқушы дұрыс емес жауабы үшін ООМ алу белгісін алады.
3. Тест құраушы оқушы ООМ қосу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынбаса.
4. Тест құраушы оқушы ООМ алу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынса.
6 кезең
Біріншілік бекітуді ұйымдастыру
Тақырыптық сөздік қор.
Мәтіннен сөздер жазу немесе мазмұнын жазу.
37 сөз.
1) Матрицаны толтыру
2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.
3) ТСҚ – ның пайызы есептеледі.
Түйсіну
4 – 5 белгі – 5 ұпай
3 белгі – 4 ұпай
2 белгі – 3 ұпай
1 белгі – 2 ұпай
Қорытынды
5 ұпайдан алуы тиіс
Үй тапсырмасы
4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады
Тақырыбы: Тері –ағзаның қорғаныс мүшелері
Мақсаты мен міндеттері:ағза мүшелері түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
1.Білімділік:өзбетінше ағза мүшелері туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
2.Дамытушылық:әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік:деңсаулыққа көңіл бөлуге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі :жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер:макет адам денесі, суреттер, карточкалар.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Адамның басты дене мүшелерін атап , қағазға белгілеп жаз
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Адам денесіннің сыртында не бар? Не үшін керек?
Осы сұрақтарға бүгін бірігіп жауап беруге тырысамыз.
Дәптермене жұмыс:
Тері
жарақаттан үсуден күюден соққыдан
Тері
сыртқы жағы тері сыңаулары
Оқулық бойынша жұмыс: 13-14 бет оқу, талдау. Дәптерге ережелерді жазу.
Үнемі теріні, денені (бас, қол-аяқ, тіс) таза ұстауға дағдылан.
Жарақат алу, күю, үсіп қалу өте ауыр болған жағдайда жедел жәрдем 103 шақыртуды ұмытпа!
«Кім жылдам?» ойын ішкі мүшелерді атау, оқушылар суреттен көрсетеді.
Сергіту сәті Көжектерімтұршы, беттеріңді жушы,
Айнаға қарашы, шашынды тарашы.
Киімінді киші, мектепке қарай жүрші
Орнына отыршы, сабағынды оқышы,
3.Жаңа білімді бекіту:
-Тері қандай қызмет атқарады?
-Май мен тердің тері арқылы шығуың ағза үшін қандай маңызы бар?
-Теріні таза ұстау жөнінде өз тәжірибеңн сүйеніп әңгімеле.
14-15 бет бойынша Жарақат алғандағы алғашқы көмекпен танысу.
Тест тапсырмалары:
1.Тері үсіген кезде
А) сылаймын б) тілімен жалаймын ә) жылы суға саламын в) ақ дәкемен ораймын
2. Соғып жарақаттанғанда:
А) жылы суға малынған дәкемен ораймын
б) қыздыратын зат басамын ә) медециналық жапсырманы басамын в) суық суға малынған дәкемен ораймын.
4. Үйге тапсырма: 13-15 бет оқу, әңгімеле, сұрақтар жауап бер
Сабақтың тақырыбы: «Денім сау болсын десең»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «денсаулық» ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын, ой тазалығы мен таза ниетінің әсері туралы түсінік беру; денсаулықты күтуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: түрлі түсті қарындаштар, түсті қағаздар, қорапша, медициналық құрал – жабдықтар және т. б.
Барысы
Шаттық шеңбері:
Оқушылардың барлығы шеңберге тұрып, қолдарына берілген суреттерге қатысты адам ағзасына пайдасын атауы тиіс.
Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырамын, егерде сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Оны күткен адамдар.
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар:
Байлық – осы деседі:
Шешуі: денсаулық.
Ойын:
Сиқырлы қорап деп аталады. Бұл ойында кубизм әдісін қолданамыз.
Қораптың ішінде қандай зат бар? Жіңішке ме? Жуан ба? Қатты ма? Жұмсақ па?
Оқушылар ұстап, қозғап көреді. Әрбір оқушы өз ойларын және қораптың ішінде не бар екенін айтады. Ұстап көргеннен кейін қораптың ішін ашамыз. Қораптың ішінде шприц бар. Оның пайдасы, және қандай зиянды әрекеттері бар? Оқушылардың пікірін тыңдап болғаннан кейін, оның пайдалы жағы дәрі егуге, аурудың алдын алуға, емделуге арналған. Ал зиянды әрекеттері: есірткі заттарды адам денесіне жіберу.
Денсаулық жөнінде оқушылардың білімдерін естеріне түсіріп, пікірлесу үшін арнайы сұрақтар беріледі.
– Бірінші байлық – денсаулық деп неліктен айтылған?
– «Деңі саудың – жаны сау» дегенді қалай түсінесіңдер?
– Денсаулық сақтаудың қандай жолдары бар?
Мәтінмен жұмыс.
Жаңа ақпарат.
Денсаулық – адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетін таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді.
Адам табиғаттың өзіңе сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті сақтап, денсаулыққа зиян келтірмей жүрсе, ұзақ та бақытты өмір сүреді. Денсаулықты сақтау әр адамның өз қолында.
Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығын жақсы болса, көңіл күйде көтеріңкі болады.
Деннің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуынан, көңіл күйін басқара білуіне байланысты. Өзіне және өзгелерге деген адал сезім, ақыл – ой салауаттылықтың негізі.
Жүректен жүрекке.
Оқушылар жүрекшелерге тілек жазып, бір – біріне ұсынады.
Сабақтың тақырыбы: Қаңқа және бұлшық ет.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды адамның қозғалыс жүйесінің негізгі бөлігі – Қаңқа және бұлшық етпен таныстыру, олардың қандай маңызды рөл атқаратынын көрсету; өзіндік бақылау жүргізу; салыстыру мен талдау әдістерін үйрету; салауатты өмір салты жөнінде түсінік қалыптастыру; оқушылардың гигиеналық дағдысы қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың көрнекілігі: «Адам қаңқасы» плакаты, «Адам қаңқасы», «Бұлшықет», «Дене сымбатының бұзылуы» сызбалары, сантиметрлік таспа.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
II. Ақпараттық блок.
III. Негізгі блок.
1. Балалар қолы мен аяғын ұстап көреді. Сол қолымен оң қолының
шынтақтан жоғары қатты бұлшықетін ұстап көреді. Қолды бүккенде бұлшықет қатая түседі. Балалар жұптасып, бір – бірінің қолының бұлшықетін сантиметрлік таспамен өлшейді: алдымен бұлшықеттің қол бос тұрғандағы қалпы, содан соң бүгілген кездегі қалпы өлшенеді. Нәтижесі дәптерге немесе тақтаға жазылады. Бұлшықет қысқарды, жиырылды, жазылды. Балалар «Бұлшықет» кестесіне қарап, әрбір дене мүшесінің өз бұлшықеті болатынына назар аударады.
2. Оқулықтағы мәтінді оқу.
– Сөздікпен жұмыс істеу
– Тәжірибе жасау
– Тақырыпқа қатысты әңгіме құруға болады (мәтіннің соңындағы сұрақтарды қоюға да болады)
3. Өзекті сұрақ.
– Неге дене тұрқы бұзылған адамның жүрегі, өкпесі мен өзге де ішкі ағзаларының жұмысы бұзылады, ал спортпен айналысатын адамдар кең иықты, аяқ – қолы күшті болып келеді? Ондай адамдардың күшті және шапшаң болуының сыры неде?
Балалар өз пікірлерін білдіреді, қорытынды жасап, талдайды.
4. Дені сау адамды сипаттайтын сөздерді таңдап алыңдар:
Әдемі -Ширақ – оқтай түзу – мықты
Еңкіш -Сылбыр – сымдай түзу – ебедейсіз
Күшті -қызылшырайлы – семіз – сыптай
– Дені сау адам болуға не көмектеседі?
– Біз қандай құпияларды білеміз?
Бірінші құпия – жақсы мінез.
Екінші құпия – шыныққан дене.
Үшінші құпия — дұрыс тамақтану.
Төртінші құпия – күн тәртібін сақтау.
Бесінші құпия – күн сайын дене еңбегімен айналысу.
– Сендер қалай ойлайсыңдар, осының бәрін күн сайын жасауға бола ма?
Қорытынды. Әр адам өз денсаулығын күтуі қажет.
IV. Қорытынды блок.
V. Үй тапсырмасы: мәтінін оқу, пысықтау.
Сабақ тақырыбы: Жүрек – қан айналым мүшесі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:
1. Қан айналым мүшелері туралы түсінік беру. Жүрек құрылысы, қызметі туралы ұғымын тереңдету.
2. Қанның қызметі, тамыр түрлері жөнінде қарапайым мағлұмат беріп, ағзадағы қан айналым жүйесі жөнінде ұғымын жүйелеу.
Тәрбиелік:
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спортпен шұғылдануға ықпал ету, жүректі шынықтыруда еңбектің маңызын оқушы санасына сіңіру.
Дамытушылық:
Ақпаратты өздігінен ізденіп игеруге, мәліметтерді сұрыптауға, талдай білуге, салыстыруға, ой тұжырымдауға машықтану, логикасын дамыту.
Әдістер: Ақпараттық, ізденушілік, зерттеушілік, электрондық.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады
Қанайналымның қызметі
· тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті клеткаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);
· терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);
· қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);
· гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау)
· Қорытынды. Әр адам өз денсаулығын күтуі қажет.
IV. Қорытынды
V. Үй тапсырмасы: мәтінін оқу, пысықтау.
Сабақтын тақырыбы:Қан кеткенде көрсетілетін көмек
Мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды қан кету түрлерін ажырата білуге үйрету, жүрек-қан тамырлар жүйесінің анатомиялық-физиологиялық түсініктерін қалыптастыру, жарақат түрлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету, жаттығудың маңызын білу.
Тәрбиелік. Қан тамырлар жүйесінің биологиялық ерекшелігін, маңыздылығын ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақ өткізу әдісі.Баяндау, демонстрациялау.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме, орындықа жайғасып отырындар да, көздерінді жұмып, білек ішінен артериялық қан тамырынын соғуын тексеріндер, өз ағзаларынды тыңдаңдар.
Кіріспе:
Мұғалім: қан кету, қан тамырларының қабырғасының, бүтіндігінің бұзылуы. Сабақ басталмас бұрын мына сұрақтарға жауап беріндерші.
Мұрыннан қан кеткенде басты сәл көтеріп, отырғызып, көз аралығының қырына суық шүберек басады. Мақтаны сутектің асқын тотығымен дымқылдап, танауға тығады. Басты тым шалқайтуға болмайды, қан тамаққа кетіп, қалып қалуы мүмкін.
Капиллярлық қан кетуде жарақатта қан кету байқалады. Капиллярда қан қысымы төмен. Алғашқы көмек көрсеткенде, жарақатты йодтың спирттегі ерітіндісімен(5%) өңдеп, таза таңғыш салу керек. Инфекция түспеуін қадағалау керек.
Веналық қан кету кезінде қою, қошқыл түсті болады.Ірі веналар зақымданған кезде капиллярлық қан кету сияқты жарақат маңын йод ерітіндісімен сүртіп, қысатын таңғыш салу керек. Аяқ-қол жарақаттанған кезде қан жүруді азайту үшін көтеру керек.Ал мойыннан қан кетуде ішіне ауа кетіп қалса зардап шегушінің өліміне әкеледі.Сондықтан жарақаттанған жерді дереу қолмен басып дереу ауруханаға жеткізу керек.
Артериялық қан кету ақшыл-қызыл түсті, қан құрамында оксигемоглобин болуына байланысты. (Иықты көрсету) Қан фонтан тәрізді атқылап ағуымен ерекшеленеді. Зақымданған жерді сәл жоғыры жерден тамырды сүйекке басып тұрып жгутпен қысу керек,егер жгут дұрыс салынса қан кету тоқтайды. Ұлпалар зақымданбау үшін жгутты 2сағаттан артық ұстауға болмайды.
Жгутты артериялық қан кетуде қолданады. Жарақаттанған жердегі киімді жгуттың астына қарай қалыңырақ бүктеп, жгутты бастапқыда қаттырақ қылып,кейінгілерін босаңқылау орау керек. Жгут салынған уақытты жазып, қағазды қыстырып,ауруханаға дереу жеткізу керек. Жгут болмаған жағдайда шалбардың белбеуі,галстукты пайдаланады.
Сергіту сәті:
Пысықтауға арналған қызықты сұрақтар:
Мұғалім: Сабақтың аяқталуын өз тілектеріңмен қорытындылап, мына тақтадағы жүректің суретін толтырыңдар.
Қан тез арада ұйып тоқтау үшін құрамында кальций элементерінің йондары бар сүт тағамдарын көбірек пайдаланындар.
Ағзада үнемі газ алмасу процесі болу үшін бұлшықеттерді шынықтырып, дене қимылымен көп айналысындар.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Жүрек қан тамырлар жүйесін қайталау, тест құрастыру.
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тірі ағзаларға тән қасиет – тыныс алудың маңызын, тыныс алу мүшелерінің құрылысы туралы білімді меңгерту, ғылыми дүние танымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуін қалыптастыр. Сабаққа белсенділіктер мен қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Салауатты, саналы тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, муляж, тірек сызба нұсқалары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын тексеру тест арқылы жүреді.
Сәйкестік тесті:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспар:
1. Тыныс алу процесі
2. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
Тыныс алу – тірі ағзаларға тән қасиет. Бұл сабақты гректің ұлы ақыны Овидийдің «Тынысым барда, үміттенемін» сөзімен бастасақ, тыныс алудың маңызын түсінеміз. Адам аштыққа, шөлге, ұйқысыздыққа шыдай алуы мүмкін бірақ, адам ауасыз бір минутта өмір сүре алмайды. Биологиялық тұрғыда тыныс алу дегеніміз мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тыныс алу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы(бұлшық еттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсауға тікелей байланысты.
Жаңа сабақты пысықтау:
1. Тыныс алу мүшелеріне нелер жатады?
2. Көмекей қандай қызмет атқарады?
3. Кеңірдек қайда орналасқан?
Үйге тапсырма:
Тыныс алу мүшелерінің құрылысын оқу, әңгімелеу.
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері және олардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
1. Астың адам өміріндегі маңызы, адам ағзасындағы асты қорытып, сіңіруге қатысатын мүшелер, олардың үйлесімді қызметі туралы түсінік – ұғым беру. Тамақтану ережесі, оны ұстанудың адам денсаулығын сақтаудағы маңызы туралы біліктерін қалыптастыру;
2. Тазалықты сақтауға, ұғымталдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа баулу;
3. Дүниетанымдарын кеңейту, таным белсенділіктерін арттыру, ой – өрісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, оқулық, қима қағаздар;
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру;
III. Жаңа сабақ.
a) Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау;
– Балалар, біздер ары қарай адам ағзасы туралы білімімізді толықтырамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Ас қорыту мүшелері және олардың қызметі деп аталады. (Тақырыпты тақтаға жазу)
– Алдыңғы сабағымызда қан қоректік заттарды тағамнан алатынын білдік. Енді қан оларды қандай күйде, қалай алатынын талдайық. (сұрақ – жауап, ой қозғау)
– Ас қорыту жолы қандай мүшелерден басталады?
– Ас ауыз қуысында қандай өзгеріске ұшырайды?
Сурет бойынша түсіндіру.
– Ас қорыту мүшелері: ауыз, өңеш, жұтқыншақ, асқазан, ішек, бауыр, ұйқы безінен бөлінетін сөл арқылы қорытылып, сұйық, ерімтал күйде ащы ішек қабырғаларынан қанға өтеді. Ол қан тамырларымен дененің барлық мүшелерін қоректендіреді.
Қорытылмаған ас тік ішек арқылы сыртқа шығарылады.
b) Ой қозғау.
– Тісі түскен адамдардың асты қорытуы нашарлайды. Оның себебі неде?
– Тістің ауруға шалдығып, ерте түсуі неден басталады?
c) Оқулықпен жұмыс.
– «Тамақтану гигиенасын» оқу;
– (3 – 4 оқушы дауыстап оқиды)
d) Сергіту минуты.
1. Ас қорыту мүшелері. Ауыз қуысы. Қызметі
Тамақ қорытылып, ыдырауға түседі.
Бауыр
Қорытылып еріген тағамның қоректік заты қанға араласады.
Тік ішек
2. Рөл – асқазан.
А – аудитория.
Ф – арыз, шағым, тілек.
Тақырып – «Ас – адамның арқауы»
3. Тамақтану гигиенасы туралы әңгімеле.
IV. Бекіту.
Тамақтану – ағзаның өсіп – дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай.
V. Бағалау.VI. Үйге тапсырма беру.
Тамақтану ережесі, ішек – қарын ауруларының алдын – алу.
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері.
Мақсаты: Жүйке жүйесінің бөлімдерін ажырата отырып, олардың қызметімен таныстырып, жүйке жүйесінің адам денсаулығы үшін маңызы зор екендігін оқушылар санасына қалыптастыру.
Міндеттері:
А білімділік: Оқу тәрбие үрдісіне жаңа технология енгізе отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып, оқушылардың білім деңгейін көтеру.
Ә Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың ой – өрісін кеңейту.
Б Тәрбиелік: Жүйке жүйесінің бөлімдерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еңбек дағдысын қалыптастырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі кесте, түрлі суреттер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Үй тапсырмасы:
ІІІ. Актуальдау. Оқушылар біз міне жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы біліп жатырмыз, енді осы жүйке жүйесінің бөлімдеріне тоқталамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұлын – орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42 – 45см, салмағы 34 – 38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен – бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді.
ІҮ. Бекіту. Сұрақтар.
Ү. Қорытындылау.
Үйге: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Тест.
Бағалау
