Уақыт өлшемдері туралы білімдерін қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Күзексай ауылы
Шағырсай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Искакова Дариха Сеитовна
Ашық сабақ
Пәні : математика.
Тақырыбы:Уақыт өлшемдері туралы білімдерін қайталау
Мақсаттары:
Білімділік: Уақыт, сағат, жыл мезгілдері туралы алған білімдерін тереңдету және пысықтау
Дамытушылық: Тез ойлауға, жылдам есептеуге баули отырып, ой-өрістерін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымдыққа ,ептілікке , табиғатты қорғауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте , сызба, қарлығаштар, өрмекші торы , тақта , жыл мезгілдерінің бүктемесі ,слайд шоу
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Пән аралық байланыс: дүниетану, сурет, ана тілі , өзін-өзі тану, музыка.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (1,5 мин).
Амандасу Сыныпты түгендеу. қай күн ? нешесі ?
Психологиялық дайындық.
Сабаққа даярсыңдар ма?
тақпақ айтады .
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
2. үй жүмысын тексеру. 2-минут
2 бала ауызша оқу,
екі бала тақтамен жұмыс кері есеп құрастыру
Дәптермен жұмыс 4 есепті салыстыру 3 минут
Үй жұмысын бекіту . математикалық диктант
Тор көзді толтыр
Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу
Балалар менің құлағыма бір дауыс естілді тыңдайықшы «көбелектің көмекке шақырған дауысы естіледі » балалар өрмекші өзіне тор құрған екен сол торға бейшара көбелек түсіп қалыпты.Көктем мезгілінде құстар келеді емес пе? Міне қайта оралған қарлығаштар көбелекті тордан босату үшін , өрмекшінің тапсырмаларын орындауға көмекке шақырып жатыр. Көмекке даяр болсақ, әр тордың тапсырмалары , уақыт, жыл мезгілдері , сағат тақырыптарына сай келеді .Ескеретін жағдай біз өрмекші өз торына қайта оралғанша үлгеруіміз керек. Сондықтан әр тапсырманың өз уақыты бар.
« Өрмекшінің тапсырмалары »
1-тордың тапсырмасы.
Кластер жасау 3 минут « жекеше жұмыс »
2 – тордың тапсырмасы.
Сызба кубизм топпен жұмыс қорғау
3 – тордың тапсырмасы.
Логикалық сұрақтар « жекеше жұмыс »
Мына әріптер нені білдіреді? 1 мұғалімдерден сұрау
А) Б, Е,Ү,Т,Б,А,Ж,С,Т,О мүғалімдерге де тарату бұл сандар
Ә) Балаларға түскі асқа 20 минут уақыт берілді , ал түскі ас ішу тура сағат 12 де басталды мына қағаздағы сағаттарға түскі астың басталған уақытын және аяқталған уақытын көрсет
Б) әкеңнің әкесі саған кім болады?
4 – тордың тапсырмасы.
Ассосация құрастыру « топпен жұмыс »
5 – тордың тапсырмасы.
Жылдам ,ойлап қос, нүктелерді қосу « жекеше тапсырма »
6- тордың тапсырмасы.
Құпия сөзді шығару «ғылым таппай мақтанба » өлеңін оқу мінекей Абай атамыз айтқандай рақымшылық жасап , уақытты үнемдей отырып,қарлығаштарға көмектесу арқылы көбелекті де тордан босаттыңдар.Осы кезде қарлығаштардың «рахмет » деген дауысы естіледі.
Ендеше сабағымызды қорытындылай келе уақытты үнемдей білу, өз еліне қамқор болу, табиғатқа жанашырлық таныту, бір-бірімізге көмек көрсету, парызымыз деп білуіміз керек.
7. Қорытынды. кері байланыс кестесін толтыру арқылы бағалаймыз
Сабаққа қатысқан мұғалімдерге де таратуға болады.
Бағалау. Айтып өту.
Үй тапсырмасы: Оқушыларға күн тәртібін жазып келу.
