“Менің туған жерім” 4-сынып

Оңтүстік Қазақстан облысы , Шымкент қаласы
А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп – гимназия
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шалдарбекова Гульшат Беккеновна

Сабақтың тақырыбы: Менің туған жерім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың сөйлеу қабілетін оқылым,тыңдалым,жазылым әрекеттері арқылы жетілдіру.Сөздік қорын молайту.

Дамытушылдық:Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту,іздендіру, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік:Өз туған еліне,тұрған жерлеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,табиғатты аялауға шақыру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ойын,топтық жұмыс,аударма.

Көрнекілігі:ҚР картасы,суреттер, үлестірме қағаздар , стикерлер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

ҚР әнұранын айту.

Сабақтың мақсатын,барысын айту.

2.Үй жұмысын тексеру.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

ҚР мемлекеттік рәміздерін ата.

Қазақстанның неше астанасы болды?

Қазақстанның қалаларын айт.

Қазақстанда неше облыс бар?

Сен қай облыста тұрасың?

3.Жаңа сабақ

Сыныпты 3 топқа бөлу

I топ «Ауыл», IIтоп «Қала»,III топ «Облыс»

Әр топтың жауабына қарай мұғалім стикерлер таратады.

Қызыл – «5»

Сары – «4»

Жасыл – «3»

1.Сөздікпен жұмыс

Тудым-родился Жақын-близко

Туған жер-родная земля шағын-маленький

Ұнайды-нравится

2.Сөз тіркесін,сөйлем құрастыру (Дәптермен жұмыс)

Шағын ауыл,мектеп жақын жерде,маған ұнайды.

Мен қалада тудым.Асқар туған жеріне оралды.

3.Мәтіндермен жұмыс.Оқу,аудару

Iтопқа 1-тапсырмадағы мәтін

IIтопқа 2-тапсырмадағы мәтін

IIIтоп осы мәтіндерді аударады

4 Бекіту кезеңі

1.Сөздерді тәуелдеу (Дәптермен жұмыс)

Iтоп-ауыл,дүкен

IIтоп-қала,саябақ

IIIтоп-облыс,мұражай

2.Сөздерді буынға бөл,буын түрін айтып беріңдер

Әр топқа сөздер жазылған үлестірме қағаздар беріледі

3. «Сөз ойла-тез ойла»ойыны

«Қарлығаш» сөзінен қай топ көп сөз құрастырады

4.Шығармашыл жұмыс

Әр топқа сөздер жазылған қағаз беріледі . Осы сөздерден сөйлемдер немесе мәтін құрастырып шығарады және туған жер туралы сурет салады.

5.Қорытындылау

Бүгін сабақта не білдік ? Не үйрендік?

Стикерлер санап ,әр топқа баға беру.

6. Үйге тапсырма

36-37 бет, 5 – тапсырма жазу . Өз туған қаласы туралы әңгімелеу.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше