Фонетика. Тіл дыбыстары
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтаарал ауданы «М.Ғабдуллин атындағы
жалпы орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қуатбаева Ләззат Орынбайханқызы
Сабақтың тақырыбы:Фонетика. Тіл дыбыстары.
Сабақтың мақсаты:Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым-
Фонетика екенін және дыбыстардың жасалу, айтылу,
естілу , буын екпін, интонация мәселелерін зерттейтін
де осы Фонетика саласын жан-жақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: таблица, сурет, сөз жұмбақ
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, тест сұрақтары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Симантикалық карта арқылы « Лексикадан өткенді қайталау» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Сабаққа зейіндерін аударту.
І Жаңа сабақ.
Балалар! Қазақ тіл білімі үлкен 3саладан тұрады.1.Фонетика. 2.Лексика.
3.Грамматика а) морфология б) синтаксис .
Біз өткен сабақта Лексика саласын аяқтадық. Ал бүгін, тіл білімінің тағы бір үлкен саласы Фонетиканы бастағалы отырмыз.
Фонетика гректің «фоно» сөзі «дыбыс» дегенді білдіреді.Фонетика ғылымы тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді, яғни, дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.
Адам баласының тілі –дыбыстық тіл.Тіл дыбыстары адам пайда болғалы бірге өмір сүріп келеді. Тіл дыбыстары болмаса тіл өмір сүре алмайды.Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады.1-шісі:оның сапалық сипаты.мыс: мал, тал, қол. Бұл сөздердегі дыбыстың саны бірдей , бір дыбысы өзгерген сайын, мағыналары да өзгереді.2-шісі:сөздердің дыбыс саны әр түрлі болады.мыс: бала ,ала, ал.
3-шісі:сөздердегі дыбыстың орын тәртібі, яғни, дыбыстардың орын ауысуы. мыс:тас-сат, қас-сақ, қош-шоқ т.б.
Біз әріптерді көреміз және жазамыз, ал дыбысты естиміз және айтамыз.Әріптер кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе(а,ә,ұ,ү) ал кейде, бір әріптер (ю,я,ё) бірнеше дыбыстың қосындысын өрнектейді (иу, иа, ио). Мына әріптердің дыбыстың мәні жоқ (ь,ъ).
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.Олар: өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай (суретте) жатады.
ІІ.Оқулықпен жұмыс.
233-жаттығу.Төмендегі сөздерді дыбыстарын мүмкіндігінше өзгертіп айт.
Сал-қал,тал, бал, шал, мал, зал,
Жат-хат,тат, сат, зат.
Тас-қас,бас, жас, рас.
234-жаттығу.Сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы жаңа сөз жасаңдар.
Ал-ала, алты, Алматы, Алатау.
Ат-ата, атақ, атарба, Атырау.
У-уыс, уық, уран, уылдырық.
235-жаттығу.Метаграммаларды шешіңдер.
Егер т-дан бастасаң-
Биіктердің биігі.
Егер д-дан бастасаң,
Қиындардың қиыны.
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы (тау, дау, ау)
Егер б-дан бастасаң-
Түтіндей боп көшемін.
Егер н-дан бастасаң-
Жап-жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң-
Ішкен жанға кеселмін (бу,ну,у)
ІІІ. Шығармашылық жұмыс.
- Адасқан әріптер
а) р, д, о, м, ы, а, б б) й, ж, ы, а, л,ы ж г) й, а, б, а, т, л, а
ә) н, е, д, м, ә, е, т, и в) е, б, к, е, ж, е ғ) з, с, а, ө, у, р
- Дыбыстық математикалық талдау
А) Бер: домбыра Ә) Бер:мәдениет
O =□+∆ O =□+∆-?
Шешуі:7O =3□+4∆ Шешуі: 8 O=4□+4∆
7O =3□(о,ы,а)+4∆(д,м,б,р) 8 O=4□(ә,е2,и)+4∆(м,д,н,т)
IV. Сергіту сәті. «Ойлап, тап!» ойыны.
1.Әріптер жұмбақтары. ә) Әсетте жоқ, б) Мектепте жоқ
А)Нарда бар, Әселде бар, Далада бар,
Назда жоқо, Әкетте жоқ Мылтықта жоқ,
Қарда бар Әкелде бар(л) Садақта бар(Д)
Қазда жоқ (р)
в) Уықта бар, г) Көрмеде бар, ғ) Аязда бар,
Уақта жоқ. Өрмеде жоқ. Боранда жоқ.
Қыста бар Әкеде бар, Таязда бар,
Қаста жоқ (ы) Әжеде жоқ (к) Тереңдежоқ (я)
2. Сөзжұмбақ шешу.
| Э | В | Ф | Е | М | И | З | М | ||
| Қ | О | Р | Қ | Ы | Н | Ы | Ш | ||
| А | Л | Т | Ы | Н | С | А | Р | И | Н |
| К | Е | Л | Е | К | Е | ||||
| Т | А | Й | К | Е | Л | Т | І | Р | |
| И | Б | Р | А | Х | И | М | |||
| К | Е | Р | Е | Г | Е | ||||
| Ж | О | Л | Б | А | Р | Ы | С |
1. Дөрекі сөздерді сыпайы, әдепті етіп жеткізу.
2.«Үрей» сөзінің синонимі.
3. Балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз
4. «Келемеж» диалект сөздің әдеби баламасы.
5. Төле бидің шәкірті, Айдаболдың баласы
6. Абайдың шын аты
7. Киіз үйдің бір бөлшегі
8. Құйрығы оның он қарыс,
Ол айбатты ………..
V. Сабақты тест сұрақтарымен қорытындылау.
1. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым
А. Синтаксис
В. Фонетика
С. Лексика
Д. Морфология
2. Фонетика сөзі қай тілден енген.
А. Латын
В. араб
С. грек
Д. парсы
3. Дауысты дыбыстарды ажырат.
А)б.в.ғ.д,г. С)м.н.с.т,
В)ұ,ү,ы,і,у, Д)р,ф,ң,ъ,ш
4. Дауыссыз дыбыстарды ажырат.
А) я, ю, у, е С) ә, е, ң, ү
В) а, о, ы, ұ Д)ж, з, п, т, с
5. Тіл дыбыстарының жасалуына қатысты сөйлеу мүшелерін тап.
А) көз, қас, ауыз, қуысы С) тіс, құлақ, бас
В) өкпе, тамақ, тіл, Д) өкпе, бауыр, мұрын
6. Қазақ тілінде неше әріп бар.
А)40 с)41
В)45 Д)42
VI. Бағалау.
| Оқушылардың тізімі | Үй тап-сы | Оқулық-
пен жұмыс |
Адасқан әріптер | Дыбыстық талдау | Тест сұрақ-ры | Қорытын-
ды |
| Әбдеш Аяжан | 4 | 5 | 5 | 4 | 5 | 5 |
| Өміртағай Н |
VII. Үйге тапсырма.
Алтыбақан, Бетпақдала сөздерінен мағынасы әр түрлі сөздер тудыр.
