Қарсы мәндес сын есім. Қазақ тілі. 4-сынып

Мусурманова Бакытгуль Токеновна. Сергиополь орта мектебі. Аягөз ауданы

Тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім. Қазақ тілі. 4-сынып.

Мақсаты:Сын есімнің мағыналарын дұрыс түсіну,сөйлеу кезінде орынды пайдалануын қамтамасыз ету,сөздік қорын байыту,ойын толық жеткізе білуге машықтау,туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ауылының көркеюіне өз үлесін қосуға шақыру,экономикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі:жазылған сөздер,коппьютер,слайд, суреттер, ақшалар.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың типі:білімді дамыту.

Сабақтың барысы:

-Балалар,ауылымыздың келешекте көркеюіне қалай қарайсыздар?

-Ауылымыз қандай болсын деп армандайсыздар?

-Бақтарыңа қарай Аякөз ауданының бюджетінде осы ауылға жаңа мектеп салу қарастырылған екен.Осы мектепті салу үшін бірнеше мекеме тендрға түсіпті.Тендрді осы мектептің мұғалімдер ұжымы жеңіп алды.

-Енді осы мектепті салуға кімдер керек?

-Құрылысшылылар.

-Ия,ендеше,мен осы жұмысты сендерге тапсырғалы отырмын.

-Бұл мектепті салу 4 кезеңнен тұрады.Әр кезеңді салып бітірген сайын сендерге жалақы төлеп отырады.Еңбекақыларың өздеріңнің жұмыс істегендеріңе байланысты болады.

-Сонымен, жұмысты бастауға дайынсыңдар ма?

3. І кезең 5000т

Бұл кезеңде үй тапсырмасы сұралады.

1)Карточкаменжұмыс.

2)Тақтаға күннің суретін ілу. Онда «Сын есім» деп жазылған.

Оқушылардан сын есімнің түрлері сұралады.

-Мына сөздерді орындарына дұрыс орналастырып көрейік:

Ашулы,мықты,теңбіл,шыршалы,қаңбақтай.

3)-Балалар,болашақ мектептеріңнің қандай болғанын қалайсыңдар?Осы сұраққа бір-бірден жауап айтасыңдар,ішінде сын есім болу керек.

Экраннан іргетасы салынған мектеп суреті көрсетіледі.

-Міне,мектептің іргетасы да салынып бітті,жақсы жұмыс істеген құрылысшылардың еңбекақысын беруге болады.

ІІ кезең 10000т

Жаңа сабақ.

1)-Мониторға қарайық.

-Мына адамныңбет әлпетіне қарап не айтуға болады?

-көңілді-көңілсіз,ащы-тәтті,пысық-жалқау,әдепті-әдепсіз.

-Енді осы сөздердің мағынасына көңіл аударайық.Мағыналары қандай?

-Қарама-қарсы.

-Осы сөздерге сұрақ қойып көрейік.

-Ендеше қандай сын есім деп айтуға болады?

-Қарсы мәндес сын есім .

-Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз-«Қарсы мәндес сын есім»

2)436-жаттығу.

3)437-жаттығу (сыңарын табу)

Сергіту сәті

–Сергіту сәтінің ішінде сын есімдер бар ма,олар қай сөз табынан?

-Енді мектебіміздің қалай қаланып жатқанын көрейік. Еңбекақыларын тарату.

ІІІ кезең 15000т

  1. 438-жаттығу
  2. Ойдан қарсы мәндес сын есімі бармақал жазу.

-Міне,мектебіміз де салынып бітті.Еңбекақыларын беру.

ІҮ кезең 20000т

1)-Енді әрлеу,сырлау жұмыстары қалды.

-Балалар,енді өздерің жаңа мектеп пен өз мектебімізді салыстыра отырып,екі –үш сөйлем құраңдар.Сөйлемдеріңде қарсы мәндес сын есім болу керек.

2)Оқушыларға суреттер тарату.Сурет бойынша әңгіме құрастыру, ішінде сын есімнің түрлері болу керек.

«Бозай» мектебі толық аяқталды. Еңбекақыларын беру.

4. Қорытындылау.

-Міне,балалар,сендердің күштеріңмен аулымызға жаңа мектеп салынды. Осы қарқынмен ауылды көркейтуге сендер де үлес қосады деп сенемін.Елбасымыз жолдауында «Туған жерге тағзым» атты іс-шара бойынша әр кәсіпкердің өз туған жеріне көмек көрсетуін тапсырды.

5.Бағалау.Жинаған ақшалары бойынша бағалау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше