Өзін-өзі тану-өмірді тану. «Өзін-өзі тану» пәні б ойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы
6 –қазан күні «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы «Дарын »қосымша білім орталығында оздырылды. Олимпиадаға қала мектептерінің оқушыларымен қатар аудан мектептерінің 7-8-9 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада«Өзін-өзі тану» пәні бойынша құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын марапаттау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау мақсатында өткізілді.
Осы олимпиадаға Теректі ауданы,Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектібінің 7 «а»сынып оқушысы Аманов Нұр Нұрбергенұлы, 8 «а»сынып оқушысы Наукенова Айнұр Нұрланқызы, 9 «в»сынып оқушысы Женисова Зарина Мирамғалиқызы қатысты.Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.Бірінші тур-эссе жазу.Екінші тур-тест тапсырмаларын орындау.Әр турдың бағдарламасын орындауға екі астрономиялық сағат берілді. Қорытындылау сәтінің алдында Оқушылар өз шығармашылықтарынан өлендер шығарып,өнерлерін ортаға салды.
9 «в»сынып оқушысы Женисова Зарина Мирамғалиқызы I дәрежелі «Диплом» алып, мектебіміздің, ауданымыздың мәртебесін көтеріп,республикалық олимпиадаға облыс атынан жасақталған 7 адамнан тұратын командаға мүше болды.Олимпиаданың бірінші кезеңінің жеңімпаздары екінші турға қатысу
үшін «Бөбек» ҰҒПББСО-на шақырылады..Екінші кезең күзгі каникул күндері 2014 жылғы 11-13 қарашада өткізіледі.
Олимпиадаға қатысқан оқушылар өздерінің білім деңгейлерін көрсете отырып,
мектеп бағдарламасына сай өткізілетін сабақтарға да жақсы қатысып,қызығушылық
танытып,үнемі шығармашылықпен жұмыстанады.
Мектеп оқушыларының шығармашылығынан.
Ең қажетті пән.
Бізге өзіңді, өзгені, өмірдің мәнін ұғынуға, жаман қасиеттерден аулақ болуға, жан-жағына жақсылықтың шуағын шашып жүретін адам болып қалыптасуға көмектескен Сара Алпысқызының басшылығымен мектеп бағдарламасына енген “Өзін-өзі тану” пәні. Бұл пәннен сабақ барысында орын алып жатқан әртүрлі мәселелерге жауап іздеп, өз өмірімізге қажетті үлгі-өнеге аламыз.Біздің саналы, адамгершілігі мол адам болып қалыптасуымызға зор үлесін қосып келе жатырған “Өзін-өзі тану” адамгершілік –рухани білім беру жобасының авторы –
С.А. Назарбаева ханымға алғысымыз шексіз.
Мұратыма жетемін.
“Өзін-өзі тану” пәні сабағы,
Санамызға шуақ нұрын себеді.
Балалардың болашағы үшін тек,
Мейіріммен адамшылық керегі.
Осы пәннен үйреніп бар сезімді,
Махаббатқа жан дүниемді бөледім.
Ғажайып бар қасиетті меңгеріп,
Мұратыма жетіп өсіп келемін.
Аманов Нұр Нұрбергенұлы 7 “а”сыныбы
Ой – өрісімізді кеңейтетін сабақ.
“Өзін-өзі тану ”пәні –мазмұны мен құрылымы жағынан басқа пәндерге ұқсамайды. Себебі,біз осы пәнді оқи отырып, өзгені және өзімізді тануды, өмірдің мәнін ұғынуды, кез-келген қиыншылықтарды жеңе білуді, әдепті болуды үйретеді. Пән оқулықтарында берілген даналық сөздердің мәнін ұғынып, өнегелі аңыз- әңгімелерден тағылым алып, ұлылардың философиялық ой – тұжырымдарына талдау жасау арқылы адамға қажетті өмір құндылықтарының жалпы адамзаттық, рухани адамгершіліктің мәнін терең түсіне аламыз.
Ойымды ашық айтамын
Өзгелердің пікірімен санасып,
Өз ойымды ашық айта аламын.
«Өзін-өзі тану» пәні сабағы,
Қабілетін ұштайды әр баланың.
Өмірге де қарап үлкен сынменен,
Ажыраттық қара менен ақты да.
Сара ананың салған жолы қазақтың,
Баласының басындағы бақ мына.
Наукенова Айнур Нұрланқызы 8 «а»сыныбы
Бәрі өзін-өзі танудан басталады
Қазіргі кезде мектепте балалардың жан дүниесін түсінуге көмектесетін және ойын жақсы арнаға бұратын “Өзін-өзі тану” пәні. Қазақтың ұлы ағартушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы “Өзіңді өзің танысаң істің басы” дегендей кез келген бастама ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. Пән балаларды кішіпейілдікке, сыпайылыққа,
рақымшылдыққа, жанашырлыққа, сыйластыққа тәрбиелейді.
Мейірімді анаға.
Құштарлық сыйлап өмірге ,
Жүрекке нұрын құяды.
Бұл пәннің ерекшелігі,
Құшаққа жылу сыяды.
Отанды сүй деп еліңді,
Балаға бағыт береді.
Адалдық және адамдық,
Әр пендеге керегі.
Мен доспын туған еліммен,
Сүйемін досты,бәрінде.
Өзін-өзі тану пәнінен.
Үйрендік тәрбие -тәлімде
9 «в»сынып оқушысы Женисова Зарина Мирамғалиқызы
Қорыта айтқанда «Өзін –өзі тану » пәні ата-баба қалдырған өнеге-үлгіні құрмет тұтуға, оны қастерлеп жалғастыруға өте жақсы бағыт беріп,мектеп бағдарламасында жүзеге асып келеді. Әрбір адам елі үшін талмай қызмет етіп, халқының көркейіп өсуіне еңбек сіңіргенде ғана өшпестей із қалдырып, ұрпаққа ұлағатты өмір үлгісін тарту ете алады.
Теректі ауданы
Подстепный қазақ ЖОББМ
Сембі Жансая Хасанқызы
К этому письму приложены ссылки на следующие файлы, загруженные на Файлы@mail.ru:
1. 7 сынып Нұр.ppt (14.8 Мб)
Ссылка для скачивания файлов: http://files.mail.ru/8E0A05C1C2B648E4AE975A0AC147C131
Файлы будут храниться до 07.11.2014

