Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті

С.Шарипов атындағы мектеп – интернаты, бастауыш сынып

мұғалімі Абилғазиева Күләш Теңелбаевна

 

Сабақ тақырыбы: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.

Мақсаты: 1.Өткен тақырыптар бойынша білім, білік дағдыларын бекіту, қайталау;

2.Ауызша тез есептеу дағдыларын қалыптастыру. Ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.3.Ұқыптылық, мәдениеттілік, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ақпарат құралы, үлестірмелі қағаздар, отбасы фотосуреттері

Дамытушылығы: Шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Отбасы мүшелерін сыйлау, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ жүрісі. I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын тексеру

№13 Көбейтулерді орында

9 * 31 = 279 8 * 32 = 256 7 * 33 = 231

9 * 41 = 369 8 * 42 = 336 7 * 43 = 301

6 * 34 = 204 5 * 35 = 175 4 * 36 = 144

6 * 44 = 264 5 * 45 = 225 4 * 46 = 184

III.Жаңа сабақ

I тақырыптарды таныстыру. Психологиялық дайындық.

Отан туралы кім қандай мақал-мәтелдер біледі?

1.Отан отбасынан басталады.

2.Отан үшін отқа түс күймейсің.

Мектептен гөрі көбіне үйде отбасында көбірек боласыңдар. Сондықтан бүгінгі сабағымызды өз отбасымызда отырғандай сезімде болып, жанұя мүшелерінің берген тапсырмасын орындайтын боламыз.Отбасында кімдер болады? Ата, әже, әке, шеше, аға, апа, іні, сіңлі-қарындастар т.б.

Барлығымыз тақтаға қарайық.

1. Аталар аманаты. Аталарымыз осы есепті аманаттап, тапсырды. Аталар аманатын орындау үшін оқулықтан №1 есепті орындауымыз керек.

№1 ауызша.1.Ауызша орындаймыз.

Әрбір санды есе кеміту және есе арттыру, қосымша көбейту кестесінен де білімдерін көрсете кетеміз.2. Әжелер өнегесі. Тақтамен жұмыс.

Есепте:

14*8=(10+4) *8=80+32=112

/ \

10 4

3. Тиісті амалдар таңбасын орнына қой .

Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.

15: 52= 6 20: 210=100 16: 2: 2=4

15-15+15=15 24: 4*3=18 11-3: 4=2

2. Әкелер мақтанышы. №5 есеп спортшы – 63 ұзындыққа секіруге қатысушылар олардан – ?

7 есе кем. Диск лақтырушылар ұзындыққа секірушілерге қарағанда – ? 12 есе көп.

барлығы-?

Шешуі: 63:7=9 (ұз.сек.) 9*12=108 (диск лақт.) 63+9+108=180 Жауабы: 180 спортшы.

4.Аналар қуанышы. №6 есеп.

Жастар -18*6 =60+48=108

Тұлпар 16*7 =70+42=112

112-108=4

Ж. «Тұлпар» жанкүйерлері 4-еуі артық

5.Ағалар тапсырмасы. №8 есеп

Мұнараның биіктігі – 8м

Ол хауыз ғимаратының он бестен бір бөлігіндей.

Хауыз ғимаратының биіктігі – ?

Шешуі: 158=(10+5 )8 =120

Жауабы: Хауыз ғимаратының биіктігі 120 м.

6. Апалар сенімін ақтау. №9 есеп

Ұзындығы-16м

Ені-? 4есе кем 16: 4=4 см

Р-? Р=(16+4)*2=40см

Сергіту сәті

7.Інілердің үлгі тұтары №10 есеп

Амалды орында
8дм 3см – 4дм 9см =3дм 4см

5дм 5см + 1дм 8см = 3дм 7см

6 м 5 дм + 3 м 6 дм = 10 м 1 дм

8.Сіңлі-қарындастардың сүйеніші.

№11. Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба, тексер.

38: 18 =2(қалдық 2 )

18*2+2=36+2=38

40: 19=2(қалдық 2)

19*2+2=38+2=40

777: 7=100 (қалдық 77) дұрыс емес 111(қалд 0)

100*7+77=-777

777: 100 =7(қалдық 77)

7*100+77=777

9.Шығармашылық жұмыс немесе қонақтардың тапсырмасы

Тура теңсіздік шығу үшін, бос орынға қандай санды жазу керек.

120 124 305 300

245+3<314 615-6<3010

106 11 142

532<373-3 71*2>2+139

168 164

842-404>7-2 14+93*2> *95

Бүгінгі сабағымыз «Отбасы» тақырыбында өтті. Сендер тапсырмаларды орындау арқылы туған-туысқандарыңды, ата-аналарыңды, қонақтарды қалай сыйлап құрметтейтіндеріңді көрсеттіңдер. Алдағы уақытта да сендер отбасымен жақсы қарым-қатынас жасай бересіңдер деп ойлаймын.

V.Бағалау

VI.Үйге тапсырма №13 есеп 182 бет.

Сабақ тақырыбы: Комунар Табей «Ол ақын болар ма еді?»

Мақсаты:білімділік: «Желтоқсан оқиғасы» туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кенейтіп, тарихи оқиға, әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру.

Дамытушылығы: Оқушының білімге қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу. Тіл байлығын, ой өрісін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Сабақтың тәрбиелігі: өз елін сүйетін азамат етіп, қиын сәтте жолдастарына көмек беруге тәрбиелеу.

Сабақтың өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: ән, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері: Сәбира, Ербол, Қайрат, Ләззат, Қазақстанның географиялық картасы, үнтаспа.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын дайындатып, назарын сабаққа аударамын.

Үй тапсырмасын тексеру.

Бинго ойыны бойынша үй тапсырмасы мен өткен тақырыптарды бекіту.

-Балалар, біз өткен сабақта қандай әңгімемен таныстық? Кім айтады?

1.-әңгімеде кім туралы айтылған?

(Рақымжан Қошқарбаев туралы)

1. Рақымжан Қошқарбаевтың қасындағы жолдасы кім?

(Григорий Булатов)

3.Қажымұқан қай елдің палуанымен күресті?

(түрік елінің палуаны Нұрлымен)

4.Әлия Молдағұлованың майдандағы бірінші командирі кім?

(Мойсеев)

5.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

(1941-45 жылдары)

6.Махамбет Жақияны кейін қайтару үшін қандай амал ойлап тапты?

7.Рейхстаг дегеніміз не?

8.Нұркен кім?Оған қандай атақ берілді?

9. «Мәңгі жасар өмір» кім туралы? Қандай ән шырқалды?

Алда балалар қандай даталы күн келе жатыр?(16 Желтоқсан)

Бұл күні қандай оқиға болып еді?

Алматыда Желтоқсан оқиғасы болды.

Міне, балалар 1986 жылы Алматы қаласында 16 желтоқсан күні студент жастардың бейбіт шеруі болды. Бұндағы мақсат Кеңес одағының І-хатшысы Д.А.Қонаевтың (суреті) орнына Г.В.Колбиннің (суреті) келуі.

-Миллионнан астам қала тұрғындары бар Алматыда жеті жүзге жуық қазақ мектептері мен балабақшаның жабылып қалуы мемлекет тарапынан жергілікті ұлт тіліне солақай көзқарастың өріс алуы 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісін оятты.

Алматыда болған оқиғаның жаңғырығы көзі ашық, көкірегі ояу жастардың жан-жақтан шеруге шыққан жастарды аяусыздықпен ұрып-соғып, оған қоса батыс елдерден қарулы әскер шақырды.

Қыстың қақаған аязында өрт сөндіргіш машинасымен суық суды бар екпінімен шашып, қару қолданып, итке талатады.Қазақ қыздарының бұрымынан ұстап аяусыз соққыға жығады.Көмекке келген қазақ жігіттерін темір торға қамайды.

Шерудің суреті.

Қайрат,Ербол, Сабира,Ләззат сияқты студенттер бұл оқиғаның құрбаны болды.Ерболдың суреті,әкесі,Сабира,Ләззат пионино ойнап отарған суреті, мамасының гүл шоғын қоюы:Дүниеде жабылған жаладан өткен қорлық жоқ екен-дейді мамасы,Қайрат,әкесі суреті, анасы Дәметкен: Желтоқсан елге мереке шығар, ал маған- қайғы…дейді, бауырларының суреті, Елбасы,Ту, Елтаңба ақталғаны туралы, ескерткіш суреті,өлендері.

Міне, балалар көріп отырғандарыңдай Қайрат ағамыз түрмеде жатып,көптеген өлеңдер жазды.Егер осы ағамыз тірі болғанда кім болар еді деп ойлайсындар?(ақын)

Олай болса біздер бүгін Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков туралы Комунар Табейдің «Ол ақын болар ма еді?!» әңгімесімен танысамыз.

Дәптерлеріңді ашып күннің жады мен тақырыпты жаза қойыңдар.

Енді үнтаспадан осы әңгімені тыңдаймыз.

Оқулықпен жұмыс.Сұрақ-жауап әдісі:

1.Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?

2.Мәтіннен Қ.Рысқұлбековтің өз шығармаларынан келтірілген үзінділерді тауып, мәнерлеп оқы.

3.Қайраттың әке-шешесінің есімдерін ата.

Сөздік жұмысы.

Пешене- жазмыш,тағдыр.

Сабақты қорыту.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Тақырыбы: «Қыс көрінісі» «Жаңа тұрпатты оқыту тәжірибесі» атты ашық есік

күніне өткізген шеберлік сыныбы.

Мақсаты: а) Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру,білімдерін толықтыру.

ә)Оқушылардың өз ойларын толық жеткізуге тәрбиелеу.

Б) Өз білгендерін әңгімелету арқылы сөздік қорын дамыту.

Сабақтың жүрісі: I-Тренинг «Шаттық шеңбері»

Оқушылар бір- біріне тілектерін айтады.

II – Түстерге байланысты топқа бөліп отырғызу.

  • Интерактив тақтадан «Қыс мезгілі туралы» видео көрсету.
  • Тақырыбын шығарып алу.

Тақырыбы: «Қыс көрінісі»

Мақсатымен таныстыру.

Эдвард де Боно “ойланудың алты қалпағы

М А Қ С А Т Ы:

әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру”

Ойланудың алтықалпағы бойынша алты топқа бөлініп отырғыздым.Әр топ өздеріне тапсырылған жұмысты өздерінің түстеріне қарай алты қырынан зерттеп, талдап, танып біледі.

  • Ақ (ақ бұлттар) – фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
  • Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
  • Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі….”
  • Сары (күн) – оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
  • Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды

Жыл мезгілдеріне арнап көптеген ақын жазушылар өлең жырлар арнаған. Мысалы: А. Құнанбаев, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов т.б

1-оқушы :Ж.Ділназ «Қыс» Абай

2-оқушы :Аманжанқызы Жайна С.Сейфуллин «Қызыл шұнақ»

3- оқушы:Мажитова Тоғжан

Т.Айбергенов «Аппақ қыс»

Ән орындайтын жас әнші: Өтесін

Қортынды бөлімі: «Бір айналым» әдісімен бүгінгі тақырыбымызға байланысты бір- бір сөйлемнен айтып айналып, шығайық.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше