Сөз және оның құрамы 3 сынып

Атырау қаласы. Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп – гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі Бериккалиева Бейбитгуль

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы.

Сабақтың мақсаты: Сөз және оның құрамы туралы түсініктерін кеңейту.

1. Сөздің тек дыбыстан ғана емес, басқа да бөлшектерден құралатындарына көз жеткізу. 2. Сөздік қорларын молайту, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру. 3. Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, талдау, жинақтау.

Көрнекілігі: сызбалар, сөздер, суреттер.

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткенді пысықтау.

Бұл сызбалар нені білдіреді?

1. Сөз құрамыы нешеге бөлінеді?

2. Түбір дегеніміз не?

3. Қосымша дегеніміз не?

4. Қосымша нешеге бөлінеді?

5. Жұрнақ қандай қызмет атқарады?

6. Жалғау дегеніміз не?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 4 – жаттығу.

ІҮ. Жаңа сабақ. Суретпен жұмыс. Домбыра – домбырашы. Қобыз – қобызшы. Бұл суреттен не аңғардық? Оқушылардың пікірін тыңдау.

Ү. Оқулықпен жұмыс. 6 – жаттығу. Сөздердің түбірін бөлек алып, оларға басқа қосымша қосу арқылы жаңа сөз жасау.

Дәріні – дәрігер жұмыспен – жұмысшы өнерім – өнерпаз

Оқуға – оқушы кітаппен – кітапхана бүркіті – бүркітші

Бұл сөздерге қосымшаның қай түрі жалғанды? Жаңа сөздерді қатыстыру арқылы екі – үш сөйлем құрастырып жазу.

ҮІ. Тақтамен жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жазу.

Еңбек…… нан…. тәтті, жалқау….. жан….. тәтті. Ер…. ат….. еңбек шығарады. Жер…. бай…. – ел….. бай. Шеге таға…. сақтайды, таға тұлпар….. сақтайды.

ҮІІ. Терме жұмыс. 8 – жаттығу. Өлеңді оөып, түбір күйінде айтылған сөздерді табу. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазып, түбір мен қосымшасын ажырату. Жаңа, кең, жас сөздеріне мағынасы қарама – қарсы сөздер тауып айту.

ҮІІІ. Ойын: «Әр көбелекті өз гүліне қондыр» Түбір сөздерге жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасап, әр көбелекті өз гүліне қондыру. Ойын, сазгер, жазушы, ұшқыш, аспаз, шеберхана, оқушы, тәрбиеші, өрмекші, жұмыскер.

ІХ. Шығармашылық жұмыс. Әр сызбаға сай сөз тауып жазу.

Х. Өз бетімен жұмыс. 11 – жаттығу. Сөздерді оқу. Әр қатарда берілген бес сөздің қайсысы артық екенін тауып, жалғау жалғанған сөздерді көшіріп жазу.

ХІ. Суретпен жұмыс. Сурет бойынша шағын мәтін жазу. Жазған сөйлемдерінен қосымшалы сөздерді тауып, сөз құрамына талдау.

ХІІ. Қорыту. Семантикалық карта.

Сөздер Түбір сөз Жұрнақ Жалғау
Ағаш
Құлақшын
Ауылдан
Балалар
Кезекші
Халық

ХІІ. Үйге тапсырма. 12 – жаттығу.

ХІІІ. Бағалау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше